Реферат тақырыбы: Зат және энергия алмасу. Тағам рационы. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау. Энергия алмасу ерекшелігі



бет5/5
Дата24.12.2023
өлшемі56.83 Kb.
#487842
түріРеферат
1   2   3   4   5
Алдабаев Алишер .....

3 - кесте

Ер адамдар (НА, ккал)

Әйелдер (НА, ккал)











































Салмағы кг

18-29 жас

30-39 жас

40-59 жас

Салмағы кг

18-29 жас

30-39 жас

40-69 жас

























































































































































































































































































































































































































































Осы көрсетілген кесте бойынша адамның тәуліктегі жалпы энергиялық шығынын есептеп шығаруға болады. Ол үшін адамның жасына және салмағына сәйкес келетін НА-дың шамасын оның дене қимылының белсенділік коэффициентіне (ДҚБК) көбейтеді. ДҚБК-і адамның мамандығына, еңбек түрлеріне байланысты (4- кесте).


4-кесте

Ер адамдар

Әйелдер







Еңбек топтары

ДҚБК

Еңбек топтары

ДҚБК

I II III IV V

1,4 1,6 1,9 2,2 2,4

I II III IV -

1,4 1,6 1,9 2,2

Әр адам өзінің бір жұмыс күніндегі энергиялық шығынын анықтау үшін арнаулы кестелерден алынған мәліметтерді төменгі кестеге толтырып есептейді.


5-кесте

Жасалған әрекет түрі

Сағатына 1 кг салмаққа, ккал

Сал- мағы (кг)

Сағатына дене салмағы на, ккал

Уақыт (сағ)

Энергия шығыны, ккал



















Мысалы: 1. Ұйықтау 2. Отырып тынығу 3. 4. . .

0,93 1,2




0,93 х 60 1,2 х 60

0,5

446,4 ?

Осы кестеден есептелген энергия шығынына анықталған НА-дың 15% -ті қосылады. Сонда адамның бір тәуліктегі энергия шығыны табылады.




Адамның тамақтану мәзірін (рационын) құрастыру және оның қуаттық тиімділігін бағалау.
Ұтымды тамақтану адамның денсаулығын сақтауды, жоғары қарқынды еңбек атқаруды, ал балалар организмінің әрі қарай дамуын және дұрыс өсуін қамтамасыз етеді.
Тамақтану мәзірін жасау үшін белгілі шарттарды ескеру керек:
а) оның тәуліктегі энергия шығынын қамтамасыз етуі;
б) тағам құрамындағы белоктар, майлар, көмірсулардың жеткілікті болуы;
в) белоктар, майлар және көмірсулардың мөлшері өзара белгілі қатынаста болуы тиіс (мысалы 1:1:4).
г) белоктардың 30%-ті жануарлар белогынан, ал майлардың 25% - өсімдік тектес майлардан болуы;
д) тамақта минералды тұздар, витаминдер және тағамдық талшықтардың жеткілікті болуы;
е) тамақтану мерзімі тәулік ішінде дұрыс бөлінуі қажет.
Тамақтанудың физиологиялық қалыпты мөлшері жынысқа, жасқа, бой ұзындығына, дене салмағына, ауа райына, тұрған жеріне және еңбек түріне тәуелді болып өзгереді.
Әр адам өзінің бір күнде ішетін тамақ мөлшерін және оның құрамын анықтап, тамақтану мәзірін жасауы керек. Оның қорытынды нәтижесін төмендегі кестеге енгізеді.


6- кесте

Тамақтану режимі

Тағамдардың аты

Салмағы (г)

Тағам құрамындағы

Қуаты (ккал)




Б

М

Кс










Таңғы ас 1. 2. 3.
















Түскі ас 1. 2. 3. 4. 5.
















Кешкі ас 1. 2. 3.
















Қорытынды:

+

+

+

+

+

Дайын тағамдардың аттары, мөлшері, олардың құрамындағы белоктар (Б), майлар (М), көмірсулар (Кс) және организмге берілетін қуаттық бағасы (ккал) арнаулы таблицадан алынады.


Кестені толтырғаннан кейін тәуліктегі тамақтану мәзірін бағалау керек:
1. Бір тәулік ішіндегі тамақтанудың жалпы калориялық тиімділігі;
2. Әр тамақтану мезгіліне байланысты калория мөлшері;
3. Тамақтану мәзірінің калориясының энергия шығынына сәйкестігі;
4. Тамақтану мәзіріне кіретін Б. , М. , Кс. мөлшері және олардың қалыпты жағдайға сәйкестігі
Ересек адамның әртүрлі жұмыстық белсенділігіндегі энергия шығынын көрсететін арнаулы кесте.


7- кесте

Жасалған әрекет түрлері

Энергия шығыны (ккал/сағ)




ер адамдар

әйелдер




1.Ұйқы 2.Отырып тынығу 3.Тұрып тынығу 4.Жуыну,киіну (таңертеңгі туалет) 5.Үй ішіндегі жүріс (қозғалыс) 6.Даладағы баяу жүріс (қыдыру) 7.Калыпты темппен жүру 8.Көлікте жүру (автобус,троллейбус) 9.Тамақ дайындау, бала бағу 10.Тамақтану 11.Лабораториялық жұмыс істеу 12.Сабақ арасындағы үзіліс 13.Сабаққа дайындалу, оқу 14.Үй шаруашылығындағы жұмыс

1,0 1,2 1,4 1,8 2,5 2,8 3,2 1,7 2,2 1,5 1,9 2,8 1,6 3,3

1,0 1,2 1,5 1,8 2,4 3,0 3,4 1,5 2,2 1,7 1.8 2,5 1,6 3,3



Энергия алмасу ерекшелігі
Адамдар организміне қажетті бүкіл энергия азықпен келеді. Энергияның сақталу заңы – абсолютті заң. Адам мен жануар организмдері энергияның сақталу заңына бағынады.Жылу бөле жүретін реакцияларды экзотермиялық, ал ал ортадан жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық деп ажыратады. калориялылығын арнайы құралдар – калориметрлер арқылы өлшейді. Организмде 1грамм май СОжәне Н2 0-ға дейін тотыққанда 9,3 ккал /38,9 кДж/, ал 1 грамм белок және көмірсу –4,1 ккал /17,2 кДж/ энергия бөліп шығарады.
Тотығу реакциялары – экзотермиялық реакциялар. Қоректік заттар биологиялық тотыққан кезде бөлініп шығатын энергияны бос энергия деп атайды.
Бос энергия белгілі — бір жұмыс атқаруға пайдаланылады. Мысалы, 180,16 грамм глюкоза организмде тотыққан кезде 686 ккал/моль 2881 кДж/моль бөлініп шығады.
Синтездік реакциялар жүретін ассимиляция /анаболизм/ процесінің өтуі үшін сырттан келетін энергия қажет. Биологиялық жүйелерде ассимиляция процестері экзотермиялық процестерге ұштасудың арқасында өтеді.
Катаболизм процесі анаболизм процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Тірі организмдегі бос энергияны жинауда, сақтау мен тасымалдауға қабілетті көптеген органикалық заттар қалыптасқан. Бұл заттар макроэргиялық заттар деп аталады. Олардың құрамында энергияға бай байланыстар болады, бұл байланыстар толқынды сызықша // белгісімен таңбаланады.
Аденозинтрифосфор /АТФ/ неғұрлым кең таралған. Макроэргиялық қосылыс болып табылады. Әр түрлі биологиялық жұмыстарды атқаруға жұмсалатын химиялық энергия АТФгидролизделгенде босап шығады.
Керісінше, АДФ мен фосфаттан АТФ түзілу кезінде 7,3 ккалмөлшеріндей энергия жұмсалу тиіс. Сонымен, экзотермиялықреакциялар нәтижесінде АТФ молекулалары түзіледі, ал бұлардыңгидролиздену энергиясы организмде жүретін эндотермиялықреакциялар үшін жұмсалады. АТФ энергиясы көптеген реакцияларға қатысады /биосинтез, механикалық әрекеттер, қозу,иондар мен молекулалардың клетка мембранасы арқылытасымалдануы және т.б.


Қорытынды
Oрганизм сыртқы ортадан оттек, органикалық заттар, минералды тұдар мен су алады. Сыртқы ортаға зат алмасудың соңғы өнімдерін: көмірқышқыл газын, су мен минералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ несепнәр (мочевина), зәр қышқылының тұздары мен басқа заттарды бөледі. Демек, организм мен сыртқы орта арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді, оның негізінде өзара тығыс байланысты, бір-бірінен ажырағысыз екі процесс жатыр. Бұл- пластикалық алмасу және энергетикалық алмасу.
Пластикалық алмасу— биосинтез реакцияларының жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері иен жасушаарлық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасушаның бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады. 
Энергетикалық алмасу— жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс.
Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бір мезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалыпты физиология Редаксиясын басқарған РМҒА академигіК.В. Судаков,қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы профессор Ф.А.Миндубаева,«ГЭОТАР-Медиа», 2019.
2. Сәтбаева Х.Қ., Утепбергенов А.А., Нильдилбаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет