С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет244/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Екі жасында балаға ойыншықтардың барлық түрін ұсынады. 
Образдық ойыншықтардың ішінен түрлі материалдардан 
дайындалған ойыншықтар, соның ішінде сумен ойнау үшін 
жалаңаш-қуыршақтар да қажет. Қыршақтың үстіндегі кимдер 
қарапайым (шешілетін немесе шешілмейтін). Қуыршақ жиһазы 
ірігабаритті, мықты болуы өажет. Қуыршақтың бөлмесіне 
пианино қойылады (дыбысталмаған немесе дыбысталатын). 
Ойын тұрмысы заттары міндетті түрде болуы керек: ас үйге 
арналған жинақ (плита, краны бар ыдыс-аяқ жуғыш), баланың 
қолының көлеміне қарай ірі ыдыс-аяқ (тәрелкелер, шыны-
аяқтар, қасықтар, кәстрөлдер); ойыншық төсек жабдығы 
(жаймалар, матрац, көрпелер және т.б.). 
Осы жаста балалар түрлі матреиалдардан жасалған, 
дыбысталған немесе дыбысталмаған жануарлардың (қоян, түлкі, 
сиыр, ешкі, ат) кішкентай фигураларымен жақсы ойнайды. 
Сумен ойнау үшін балық, суда жүзетін құстардың (ұсақ және 
орташа көлемді) жинағы болуы қажет. 
Сюжеттік-көлік 
ойыншықтар 
қуыршақтарға 
арналған 
тұрақты арбалар, шаналар, арбалар, каталкалар, автокөліктер
жүк машиналармен беріледі. 


449 
Тәрбиеші балаларға бұрамалы ойыншықтарды (адымдап 
басатын қуырщшақ, билейтін аю, втомашиналар және т.б.), 
дыбысталған 
волчоктарды, 
түс, 
дбыстық 
әсері 
бар 
ойыншықтарды көрсетеді. Балаларға көп қуанышты ересектер 
қозғалысқа түсіретін бауы немесе шарнирлері бар ойыншықтар 
сыйлайды. 
Дидактикалық ойыншықтардың ішінен бірдей көлемдегі 
сақиналары, үш контрасты көлемдегі сақиналары бар, конус 
негізіндегі пирамидалар; түрлі пішіндегі астарлар: балғалар, 
төлкелер, бұрандалар жинағы бар үстелверстактар болуы қажет. 
Екі жастағы балалар «Сақинаны ал», «Лото ойнайық» және 
т.б. дидактикалық ойындарды ойнайды. 
Құрылыс ойыншықтары арасынан балаларға пластмассалы
ағаш 
кубиктерді; 
құрылыс 
жинақтарын; 
қарапайым 
конуструкторларды береді. 
Құрылыс материалдарына қосымша ретінде сюжеттік 
ойыншықтарды іріктеп алады. 
Сонымен қатар, музыкалық ойыншықтар да ұсынылады: 
қоңыраушалар, мелодия орнатылған шарманкалар, музыкалық 
зырылдауық, барабан, дабыл. 
Спорт ойыншықтары доппен, каталкалармен, ірігабаритті 
ойыншық-качалкалармен, кегльдермен, салпыншақтары бар 
божылармен беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет