Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет5/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#12785
1   2   3   4   5   6   7

ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер


2.б.

Коллоквиум

2

Жиембет жырау (XVII ғасыр).


2.б.

Реферат

3

Марғасқа жырау (XVII ғасыр).


2.б.

өлеңін жатқа айтту

анализ жасау



4

XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті


2.б.

Коллоквиум

5

Ақтамберді жырау (1675-1768ж)


2.б.

өлеңін жатқа айтту

анализ жасау



6

Ақтамберді жырау толғауларындағы басты сарын


2.б.

Ой бөліс

7

Тәттіқара ақын (XVIII ғасыр).


2.б.

өлеңін жатқа айтту

Сұрақ – жауап



8

Үмбетей жырау (1706 – 1778ж).


2.б.

Коллоквиум

9

Бұқар жырау


3.б.

Ой бөліс

10

Бұқар – қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау.


2.б.

Реферат

11

Бұхар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі


3.б.

Тест

12

Қожаберген жырау


2.б.

Анализ жасау

Тест


13

ʼòåø àºûí (1745 – 1818æ).


2.б.

өлеңін жатқа айтту

Сұрақ – жауап



14

Øàë àºûí (1748 – 1819æ).

2.б.

Реферат

15

Øàë àºûí (1748 – 1819æ).




Анализ жасау

Тест


16

XV – XVIII ¹àñûðäà¹û Õàíäûº ä¸óið ¸äåáèåòií ºîðûòûíäûëàó.





Ой бөліс

ІІ аралық бақылау 15 + 15 ұпай



15 - ОБСӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ :

Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер

Жоспары :



  1. Жырау шығармаларының көркемдік қуаты.

  2. Көңіл- күй құпиясын таныта білу.

Шалкиіз поэзиясы – қазақ өлең дүниесінің баға жетпес қымбатының бірі.

М. Мағауиннің мәліметінше Шалкиіз шығармалары төңкеріске шейін 12 рет басылыпты – М. Мағауин Шалкиіздің қазақ әдебиеті тарихындағы, қазақ жыраулар поэзиясындағы қайталанбас орнын нақты, дәл дәйектермен, күрделі көркемдік талдаулармен негіздей түсті. Жыраулар өмірнамасында Шалкиіз поэзиясының бергені, бұрынғы-соңғыдағы көркемдік құбылыстармен арақатысы туралы кең қамтып, даусыз, аса қи сынды тұжырымдар жасады.

Ғалым Шалкиіз шығармаларын көркемдік, сөз қолданыс жағынан талдады, оның өзіндік ерекшеліктерін айғақтады.

Жапырағы жасыл

Жайқалмағы жендеп дүр...

Шақырмақ бұлт жай тастар,

Ағытқан қойды жол бастар,

Ақ шекпенді жел бастар,

Шешен адам сөз бастар.


Шалкиіздің “Алаштан байтақ озбаса”, “Жебедей желге жүгірген”, “Жапырағы жасыл бәйтерек” т.б. жырлары батырлық, жаугершілік жайын қозғайды.

Жыраудың Би Темірге арнаулары ең алдымен, көңіл күй құпиясын құдіретпен ауыздықтаған үздік өлең, әлемдік деңгейдегі поэзия. Тұнып тұрған теңеу айдарлы сөз. Шалкиіз сөзге көңілдің бар күйін сесін де, кегін де, айбарын да, ақыл өсиетін де, өзі мен өзгеге берер бағасын да, ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады.

Аспанды бұлт құрсайды-

Күн жауарға ұқсайды,

Көлдерде қулар шулайды-

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды,

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды-

Күйбеңдескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

Жыр-арнаулар тұтастай троптардан тұрады десе болардай. Жыраулар поэзиясының барша көркемдік кездері, шарты мен салты көрініс беріп жатқан өлең. Арабы торым, алдаспаным, қағбамсыңғ алтынсың, жібексің, сұлтансың, сұңқарсың.

“Ағынды сулар, аймақ көл”, “Жақсының жақсылығы сол болар”, “Асқар, асқар, асқар тау”, “Жалп-жалп ұшқан жапалақ”, “Туырлықсыз қара үйге”, “Жауынды күні көп жүрме”, “Шығармақ бұлт жай тастар”, “Жайыңды білген қарындас”, “Айғырдан туған жампоз бар”, “Қатынасы биік көлдерден” т.б. жырларында Шалкиіз дүние шарттарын, тіршілік заңдарын алға тартады; сол жаратылыспен үйлесіп ғұмыр кешудің жолдарын үйретеді. Өнеге, өсиет сөзін нақылға айналдырады.

Шалкиіз шығармаларынан қайталанбас образдар, тамаша суреттерді көре аламыз.

“Жалп-жалп еткен жапалақ

Аттансаң жазы түзде көрерсің.

Жапалақ ұшпас жасыл тау...

Ағынды сулар, аймақ көл

Тасыса дөңбек келтірер...

Арқаның құба жонында

Арыстан ойнар шарқ ұрып...

Қара басты ақ құспен

Кендір баулы ақ желкен

Көк теңіздің жал толқынға жектірдің”.

Осы образдардың қайсысы болмасын жыраудың өзгеше талант иесі, сөз өнерін жеріне жеткере меңгерген суреткер екендігінің айғағы іспеттес.

Жырау өз жырында әр батырдың басқаға ұқсай бермейтін қасиетін танытарлық эпитет, метафоралар мен теңеулерді іріктей алған.

“Ақ табан ару торы ат жайлаған,

Алдаспан ауыр қылыш байлаған,

Сыпайышылық бұ-ды деп,

Ала білек оқ салған...

Құястан жап-жас қана Жұмай бар...

Байсасы таудай Мәмбет бар...

Ол тырысқан, тырысқан,

Күніне мың кісімен ұрысқан,

Жаурынына қанды көбе сыймаған,

Жағасына адам қолы тимеген

Үйсіннен Бозторғайұлы Баубек бар...

Атқан оғын оздырған,

Дұшпанның тобын тоздырған,

Бір ойында алпыс ала балта сындырған

Айсаның ару ұлы Қолай бар.

Тоқал торы ат жайлаған,

Тобығына тондық ала байлаған,

Хандар шыққан төбедей,

Қабырғадан бүтін шыққан сүбедей,

Аударылмас қара кемедей,

Қандауызға сырлап салған жебедей,

Хан ұлы төредей,

Би ұлы шорадай,

Қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген,

Мақтауына адам тауып жетпеген

Бұ жиынның ішінде

Ер Жақсымбет-аға бар..”

Осы үзінділерден Шалкиіздің көзінің жітілігі, психологиялық портрет жасаудың шебері болғандығы көрінеді. Жырда жөнсіз гипербола жоқ. Әйткенмен де беліне “Алдаспан ауыр қылыш байлаған”, “бір ойында (ұрыста) алпыс ала балта сындырған”, денесіне “қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген” ерлердің кейпі шынында да адамды сескентерліктей. Батырлардың сипаттамасынан сол замандағы айдындылықтың, айбарлылықтың белгілерін аңғаруға болады. Сонымен қатар жырдың этнографиялық мәні де зор. Жыр көне, жаугершілік заманның тұрмыс көбінен елес береді.

Шалкиіз шығармаларының көркемдік ерекшеліктері жайындағы кейбір пікірлерімізді жоғарыдай, жолай баяндай отырдық. Бұл жерде жырау тілінің, оның сөз қолданысының тек өзіндік қана екендігін ескертпекпіз. Сонымен қатар Шалкиіз шығармалары архаизмдерінің көптігімен ерекшеленеді. Оның толғауларында ұшырасатын: жәзит (рұқсат), көкшілі (сұңқар), алдаспан (наркескен, өткір қылыш), күлік (жүйрік, тұлпар, сәйгүлік), асмар ету (қалдыру, тастау), сайғақ (қабырдың басына шаншылған ағаш), жазы (дала, жазық), балаңқы (бала-шаға, осал, нашар), жімлә (бүкіл, барлық) сияқты көптеген сөздер қазіргі қазақ тілінде мүлдем қолданылмайды. Жырау шығармаларында кездесетін кейбір тіркестер мен ұғымдардың мағынасы күңгірт немесе мүлде ұмытылған. Сонымен қатар тілімізден белгілі кейбір сөздер Шалкиіз қолдануында басқа формада айтылады. Мәселен: “Сөз боларсың күлемге” (күлкіге), “Иесі би Темірден саңыратын” (соң, кейін), “атайы ер” (аталы, текті ер), “Аңдып жүрген дұшпаннан жүз сақын” (сақтан), т.т. Мұндай өзгешеліктерінің болуы – жырау туындыларының көнелігіне байланысты.
Бақылау сұрақтары

1. Жырау шығармаларының көркемдік қуаты?

2.Шалкиіз жыраудың Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуы.

3.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы.


Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Жырау шығармаларының көркемдік қуаты?

2. Шалкиіз жыраудың Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуы.

3. Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы.

4. Ол – новатор қазақ позиясындағы философиялық бағытының негізін салушы.

5. Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан толғаулары.


  1. Шалкиіздің шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер.

  2. Шалкиіз – сахара эпосын жасаушылардың бірі.

16 ОБСӨЖ


ТАҚЫРЫБЫ : Шалкиіз - сахара эпосын жасаушылардың бірі

Жоспары :

1.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы.

2.Ол – новатор қазақ позиясындағы философиялық бағытының негізін салушы.

3.Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан толғаулары.

Ел әңгімелерінің айтуынша Шалкиіз батыр болған. В. Радлов Қырым ноғайларынан жазып алған әңгімеде де Шалкиіз – батыр, әскербасы. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы Шалкиіздің өз шығармаларынан да көрінеді. Шалкиіз поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі – жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағандығын көрсететін:

“Қатты бір тартып бек атсаң,

Қайрылып барып тез сынар

Қайың оқтың жарқасы”,-

немесе:

“Көктеп мінген еріңнің



Астында көп жүгірер күлік бар,

Көн садақтың ішінде

Көбе бұзар жебе бар”,-
деген сияқты жолдар ғана емес. Жырау шығармаларынан кейде мың сан аттың тұяғынан көтерілген шаң, қағылған шың, қарулардың соқтығысқанда шығарған дыбыстары естілгендей болады.

“Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып

Тепсінісіп келгенде...” -

іспеттес бояы ашық, адамдардың қимыл, қозғалысын көзге елестетерліктей дәл беретін суреттер жыраудың өз заманының ұры-соғыстарына талай рет қатысқандығын және жай бақылаушы ғана болмағандығын көрсетеді.

Шыныныда да, шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға ұқсайды. Бұл ретте Шалкиіз батыр қыл шашақты найза өңгерген жауынгерлерді қаптаған қалың жаудан именбеуге, тайсалмай ұрысқа кіруге шақырады. Жыраудың мұндай шумақтары өр ұранға толы.

“Желп-желп ерткен бәйтерек

Жайылмаған желден-дүр,

Төренің кежігуі елден-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр,

Батыр болмақ сойдан-дүр,

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі

Ажалымыз қайдан-дүр!”

Шалкиіздің ерлікті, батырлықты дәріптейтін көлемді шығармасы – санаулы адамның қамалаған қалың жаудан көп жылқы алып шығуы жайындағы баллада. Бұл шығарманың Шалкиізге телініп жүрген нұсқасы – жырдың әуелгі қалпын аз сақтаған. Кейбір анахронизмдерді айтпағанның өзінде баллада эпостарымызда трафаретке айналып кеткен сөздерге толы; бұл нұсқадан Шалкиіздің өзіне ғана тән стилі көрінбейді.

Бұл нұсқа Мұраттан алынғаны белгілі. Мұрат ескі халық әдебиетін жақсы білгенімен де көбіне туындыны дәл бұрынғы қалпында айта бермеген. Оның Қазтуған жырларына да өз жанынан көп сөздер қосқанын жоғарыда ескерттік. Ал Мұраттың бұл жолғы қоспалары саналы түрдегі әрекеттің жемісі еместігі көрінеді. Мұратқа балладаның тек ұзын ырғасы ғана белгілі болған сияқты, ақын соны қайта жырлап шыққан.

Шалкиіз туындысының өзінің алғашқы қалпын сақтаған нұсқасы “Шайыр” антологиясына енгізілген.

Балладада “ноғайлының Ер Шобан деген батыры біраз жолдастарымен Қабардыдан... жылқы алады”. Шығармадағы оқиғаның Қабарды жерінде болуы – тарихи шындықтан алшақ емес. Шалкиіз заманында Қабарды, Кубань, Солтүстік Кавказ – талай тайпалар қақтығысқан, ұрыс-соғысы мол жер еді. Қазақтың көптеген тарихи жырларының қаһарман белгілі Қазы мырзаның Қабардыға жасалған жорықтардың бірінде (1575 ж.) қаза тапқаны мәлім.

Жылқысын алғызған Биғазы көп әскермен ер Шобанның артынан қуып жетеді.

“Саф арғымақ сайлаған,

Найзасына жалау байлаған,

Қабардының Биғазы

Жүйрігіне шыдамай

Желіп шықты көк тауға...”

Эпостағы ескі дәстүр жөнімен екі батыр сөз қағысады. Сонда Шобан қоқан-лоққы жасап, өз тобының ішінде ноғайлының атақты батырлары бар екендігін айтады. Құр бопсаға шыдамаған Биғазы ұрыспай жылқысын тастап, кейін қайтып кетеді.

Шобан 14 адамның атын атап, әрқайсысына арнайы сипаттама береді.

“Ал дегенде аларға,

Алып жерге саларға,

Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға

Арыстанбекұлы Сұлтан бар”.

Шалкиіздің суреттеуінде аталмыш батырлардың қайсысы болмасын осындай: белдескенін алып ұрып, табанына салып жүн етер, мыңға жалғыз шабар қайратты да қайтпас ерлер.

Жыраудың көпшілік шығармасы жаугершілік заман күйін шертеді. Оның ішінде батырға мадақ та, жауынгер мұраты да, ауыр жеңіліс сәттің азалы күйге бөккен мұнар күні де; жеңіс қуанышы да жүреді. Шалкиіздің батырының, қимылы кесек, ісі ірі. Жаны жадағай сезімі ұшқыр, тұнық. Шалкиіздің батырына қан жұқпас қайқы қара болат өтпейді. Бір ойында алпыс ала балта сындырады. Атаның батыр туған ұлы, ойда жатуды мін көреді.

Бұл жыр 9 түйдекке бөлінген 133 жол өлең. Жыр “Жолдасымды айтайын”, - деп басталады. Жырау өңшең батыр арыстан атағын ерлер – Қоянақ ұлы Қожақ, Кәрік ұлы Шора, Көкшенің ұлы Қосай, Естерек ұлы Торғын, Мұсаным ұлы Мамай сияқты жалпақ қазаққа мәшһүр батырлар. Халық эпосының кейіпкеріне айналған тарихи тұлғалар. Жыр айдында Димас, Бекімұлы Жомай, Қара ұлы Сидақ сияқты батырлар да айтылады. Жыр осы ерлерге мадақ. Қазтуғанда кездесетін батырлар жырындағы дәстүрлі теңеулер мұнда аз емес. Жырда Мұрат қосқан сөздердің болуы да даусыз. Соғыс сәтіндегі суреттер, қимыл-қозғалыс шақ қосқабат өріліп отырып, бірінен бірі асқан әр тұлғаларға масаттану, марқаю. Батырлар жырының кең көсілген, алысқа шапқан, ұдайы үдете отырып, үздіксіз түскен жыр түйдектері. Суырыла шапқан, жорық сәтіндегі батыр бұл жырда мынадай суреттермен әр қырынан; әр қалыпта ашылады.

Алдынан қара кетпеген,

Артынан адам жетпеген.

Ту сыртынан қарасаң,

Дөнен бұқа шүйделі.

Қара бурадай қабақты,

Қарт бірқазан тамақта...

Жауды көрсе жайнаған

Жай атасындай қайнаған...

Жауырыны жазық, мойны ұзын,

Оң тартқанда қолы ұзын,

Маңдайының арасы

Екі қарыс, екі елі,

Дуынға сыймас шекелі...

Адырнасын ала өгіздей мөңіретпек,

Дұшпанын саулы інгендей еңіреткен...

Құйқылжыған құла жирен ат мінген,

Бүз үстінде от жағып,

Бұзмай бұлап пісіреді.

Х. Досмұхамедұлы Мұрат ақынға арнаған зерттеуінде Шалгез жыраудың (Шалкиіз айтқаны деп “Шалгез” атты жыр тексін береді).

“Ер Шобан” – қазақ батырының қайталанбас қырлары үрленіп түскен оқиғалы жыр. Үздік өлең. Жырдағы Жұмай, Сұлтан, Қоян, Жылым сынды батырлар бірінен бірі өткен кереметтер.

... Ол тырысқан, тырысқан,

Бай ұлынан асқан күн,

Орманбет би өлген күн,

Он сан ноғай бүлген күн.

Ораздының он ұлы

Ойын салып жүргенде,

Жиырлының жалғызы,

Атқан оғын таба алмай,

Жер сабалап қалған күн!

Жырдағы кейбір сәттер оны шығарушының жай жырау ғана емес, талай жортуыл көрген әккі жауынгер де екендігін көрсетеді. Айтылмыш туынды бізге тағы бір маңызды қорытынды жасауға негіз береді. Ол – Шалкиіздің эпосшы болғандығы. Бұл осы “Ер Шобаннан” ғана емес, жыраудың басқа шығармаларынан да аңғарылатын. Жырау туғызған көптеген образдар мен жекелеген жолдарды “Қырымның қырық батыры” цикліндегі жырлардың кейбірінен, “Ер Тарғыннан”, т.т. ұшыратамыз. Бұл – Шалкиіздің сахара эпосын жасаушылардың бірі болғандығын көрсететін деректер.

Қазақ әдебиетінің дербес әдебиет ретінде қалыптасу дәуірін Шалкиізсіз елестету мүмкін емес. Шынында да, Шалкиіз жырау әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырды.


Бақылау сұрақтары

1.Шалкиіз-жаугершілік заман күйін шерткен жырау.

2.”Ер Шобан”-қазақ батырларының қайталанбас тұлғасын жасаған жыр.

3.”Ер Шобан”жырындағы эпостық сарын.



Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы.

2.Ол – новатор қазақ позиясындағы философиялық бағытының негізін салушы.

3.Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан толғаулары.

4.Шалкиіз-жаугершілік заман күйін шерткен жырау.

5. ”Ер Шобан”-қазақ батырларының қайталанбас тұлғасын жасаған жыр.

6. ”Ер Шобан”жырындағы эпостық сарын.




17 - ӨБСӨЖ (Сабақтан тыс)

ТАҚЫРЫБЫ : Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII ғасыр).
Жоспары :


  1. Жиембет – жорықшы жырау.

  2. Жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары болғандығын танытатын толғаулары.

XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардары - Жиембет. Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын “Алдаспан” жинағында жан-жақты талдай келіп : “Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембет арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алай батыр. Алай – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.

Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз.

Жиембет-Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы”, - десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.

Жырау өмір сүрген дәуірде қазақ халқының ең басты дұшпаны жоңғар қалмақтары болды.

Сырт жауларға қарсы күрес жырау өмірнамасының түп қазық негізі болғаны даусыз.

Қазақ жыраулар поэзиясының дәстүрлі үлгілері – ханға қаратып сөйлеу, мін айту, мадақ айту Жиембет толғауларына да жат емес. “Әмірің қатты Есім хан” жырында жырау Жолымбет батырды арашалап сөйлейді.

“Еңсегей бойлы Ер Есімде” ханның отырықшылыққа көшкенін білдіреді.

Қаз мойынды ханыша

Қалада тұрып жылаған...

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тасқан екен мына хан!

... Қайратым қанша қайта да,

Мұныңа ханым, шыдаман!

Арқаға қарай көшермін,

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін.
Жырау ханға өзінің өкпесін, осал емесін білдіреді.

Ежелгі жыраулар өмірнамасындағы мекеннен айрылу азасы Жиембетте де бар.

... Қол-аяғым бұлауда,

Тарылды байтақ кең жерім!

... Ақ ісімді жасырмай,

Атқа мінген ер едім,

Қашырды бүйтіп елімнен...

Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты ..... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадыр-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды :

Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау ғана емес, жаужүрек, батыр жырау ретінде де танылады.

Жиембеттің “Еңсегей бойлы ер Есім” толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты.

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.


Не деп жауап бересің ? ! –

дег Жиембет қайта дегенде,

ен жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір-қасиетін қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, “көп қорқытады, терең батырады”, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға айбат та көрсетіп қояды.

Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен. Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауызба-ауыз айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын деп.... Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз.

Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі – жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауларынан білеміз.

Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей – бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек.
Бақылау сұрақтары

1. Жиембет – жорықшы жырау.

2. Жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары

болғандығын танытатын толғаулары.

3. Есім ханның әскербасы батырларының бірі.

Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.Жиембет арғы атасы

2.Жиенбет жыраудың Есімханға айтқан толғауы.

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


ОБСӨЖ-18

ТАҚЫРЫБЫ : Марғасқа жырау (XVII ғасыр).

Жоспары :


  1. Марғасқа ерлікті, достыққа адалдықты жырлаушы.

  2. Жырау қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы.

Марқасқа жыраудың қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Ғылымда Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады.

Жыраудың өз дәуірінде әлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда, соның көбісі бізге жетпеген, кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған.

Марғасқа ел аузында “бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен” деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті.

Есім ханың үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар, бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды.

Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті : “XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларының біздің заманымызға шығармалары жеткені-Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған “Еңсегей бойлы Ер Есіммен” байланыстырылады.

Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдардың қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімннің жолына көсе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Ташкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып, қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай – ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім хан жорықтарынан орала салысымен Ташкентті шауып алды, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған.

Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған. М.Мағауинның бұл деректері Марғасқаның өмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді.

Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда өмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі ғана бар.

Бұл шағын өлең небары 13 жолдан тұрады. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған.

Тұрсын хан Есім ханды алдап аттандырып жіберіп, иесіз қалған елді шауып алады.

Марғасқаның:

Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын, -


деп ашына айту себебі де осыдан.

Есім хан Ташкентті бір-ақ түнде қолына қаратады. У- шусыз Тұрсын ханның ордасын басып алады. Міне, осы кезде Есім хан жасағының ішіндегі өткір, бір бет ақын Марғасқа:

Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын.

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңірісіп жатырсың!

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы Ер Есім

Есігіңде келіп тұр,

Алғалы тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды-


дейді. Осы бір түйіп айтылған өлең жолдарынан ақынның өжеттігі, халқына деген қамқорлығы айқын көрінеді.

Марғасқаның бізге жеткен қысқа өлеңінде батырлық сарын басым. Жалғыз Марғасқа емес, Марғасқаға дейінгі және одан кейінгі біраз жыраулар жайында осыны айтуға болады. Мұндай сөзді айту тек Марғасқа сияқты жүрек жұтқан жыраудың ғана қолынан келген.

Ханға қарсы сөз айту, мін айту, сын айту, айбат көрсетіп, кектене, сестене сөйлеудің қазақ жыраулар поэзиясындағы дәстүрлі, ежелгі үлгісін Марғасқа жырау өткірлей, өтімді ете түседі. Кейін Махамбет, Жәңгірге тура осылай сөйлейді.

Бақылау сұрақтары

1.


1. Марғасқа жыраудың толғалары

2. Жырау поэзиясындағы көне дәстүр жалғатырушы

3. Ғалым жазушы М. Мағауинің Марғасқа жөнінде зертелуі

4. Марғасқа ерлікті ,достықты, жырлаушы.

5. Марғасқа жыраудың Қатағанның ханы Турсынға айтқаны

.

Студенттің үй тапсырмасы.

1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Марғасқа ерлікті, достыққа адалдықты жырлаушы.

2.Жырау қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы

3.Жырау поэзиясындағы көне дәстүр жалғатырушы

4.Сұрақ жауап



19 - ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)

ТАҚЫРЫБЫ : XVIII ¹àñûðдағы қазақ әдебиет.

Жоспары :

1.18 ғасырдағы қазақ хақының саяси экономикалық даму жағдайы

2.Қазақ халқының жонғар басқыншыларына қарсы қүресі

3. Жыраулар шығармашылығындағы ерлік, елдік мәселелерінің жырлануы


Аса бай, көркемдік құдірет-күші жөнінен әлемдегі қайсы бір әдебиетпен де терезесі тең, қазақ көркемсөз әлемінің үлкен бір кезеңі, өлмейтін, өшпейтін, ғажайып туындылар қалдырған, жыраулар поэзиясының мейлінше толысып, түрленіп, гүлденген дәуірі – 18 ғасыр.

Бұл уақытта тарихтың талай соқпағынан қағылып, соғылып өтіп келе жатқан халық тағдырына аса бір қысылшаң, қиын шақтар туған еді. Сонау, әрі де Шыңғысхан заманына апарсақ, 5 ғасырдан астам уақытқа, 17 ғасыр басынан бір жарым ғасыр уақытқа созылған қазақ-қалмақ шапқыншылықтарының дүрілдеп тұрған кезі еді.

1606 жылы Жоңғар қалмақтары қазақ даласына аса бір өшпенділікпен бастаған соғыс үздік-создық созылып келіп, 1770 жылдары ғана аяқталды.

1718 жылы Әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін қазақ мемлекетінің саяси ахуалы нашарлай түсті. Оның көптеген әлеуметтік, экономикалық себептері болды. Ғалым М. Мағауин өзінің “Қазақ тарихының әліппесі” еңбегінде Әз Тәуке қайтыс болғаннан кейінгі қазақ даласындағы жеңілістерді, әсіресе әйгілі “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” қасіретін Әз Тәукенің билік құрған уақытында Қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының негізгі атрибуттарының бірі - әскери күштің әлсіреп, әзірліктің босаңсып кетуінен болған зардаптар дегенді айтты. Әз Тәуке мықтап ұстаған ел бірлігі хан қайтыс болғаннан кейін ыдырап кетіп еді деген себептен емес. Не дегенде де, 1723 жылы қазақ даласына бұрын-соңды болмаан ауыр қыс, жұт келді. Көктемге қарай арып, ашып шыққан халыққа 700 мың әскермен жоңғарлар үлкен шапқыншылық жорығын бастайды. 1723 жылдың қасіреті халық тарихында мәңгі қалды. Елдің дастаны - “Елім-ай” туды.

Бұл жолы халық аяусыз қырылды, Ата мекенінен қуылды. Қарындастан айрылды. Бұл алапат опаттың шежіресінен кейінге қалдырып, айтып кеткен ең әуелгі жыраулар. Соның бірі емес, бірегейі Қожаберген жырау еді. Оның ел дастанына, халықтың қаралы күндер туған әр өлеңіне айналған “Елім-ай” дастаны сол күндері туды да, тарихта қалып, ел қасіретінің зар мұңы болып қала берді.

Енді қазақ елдігіне аса қауіпті шақ туған еді. Бас араздықты, басқаны қойып, халықты қайтадан бір тудың астына жинау қажет болды. Көреген саясатшылар былайғы тарихқа барлау, бағдар жасады. Соның нәтижесінде айдаһардай аузын ашқан, жеті басты жалмауыздай жалаңдаған екі алып империяның арасында жатқан қазақ еліне мүлдем жаңа саясат қажет болды. Жанашырың кім, қайтсе бостандығымызды басқаға бодау етпейміз деген сұрақты қазақ тарихы көлденең тосады. Осыдан кейін қазақ елінің Ресей қолтығына енуі басталды. Кіші жүз 1731 жылы қосылды. 1740 жылда Орта жүз енді, 1742 жылы Ұлы жүздің бір бөлігі бірікті. Қазақстанның оңтүстік өлкесі, Жетісу өңірі, Сыр бойының бір бөлігі 19 ғасырдың екінші жартысына деійн өзге билікте, өзге тепкіде қалды. 1750 жылы бір жағынан Қытайдан ықпалы, бір жағынан ондаған жылдарға созылған соғыс зардабы жоңғар қалмақтарының біржола жеңілуіне себеп болды. Жоңғар мемлекеті жойылды. 18 ғасыр – қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең. Бұл ғасырдың өн бойында бірнеше ғасыр дербес мемлекет ретінде жасап келген қазақ хандығының ата жауды жойғанымен, былайғы тарихына мүлде жаңа бет, бағдар ұсынған саяси актілер басталды. Қазақ мемлекетінің іргесі шайқала бастады. 18 ғасырда қазақ елінің дербестігін сақтаймын, бір тудың астындағы туыстығын нығайтамын деп, ат үстінде ғұмыр кешкен батыр аз болған жоқ. Соның басы – Хан Абылай болды. Шартарапқа шарқ ұрып, шайқала бастаған шаңырақтың айбынын қайта орнықтыру жолында, халқының тағдыр-тарихында Абылай атқарған ұлы істер қазақ мемлекетін 18 ғасырдың соңына шейін сақтап қалды. 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін, дербес қазақ мемлекеті болды деп айту – тарих шындығын бұрмалау.

Сол бір қилы кезең, қиын тағдырдың көз көргені, халықтың дәл сол тұстағы саяси ахуалын, әскери әзірлігін, мекені мен тұрағын, қызығы мен қуанышын, жақсысы мен жайсаңын тізіп айтып, шежіре жасап кеткен жыраулар мұрасына үңілген сайын ақиқатты арши түсеріміз даусыз.

18 ғасыр қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Жаңа ықылым қазақ халқына кәр төге келді. Бұл жайында Шоқан: “Әрқайсысы әр тараптан жортуыл жасаған жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар қазақ ұлыстарының ұйпа-тұйпасын шығарды, малын айдап, жанын байлап әкете берді. Алланың көктен келген кәріндей қақаған қыс, жұт, ашаршылық олардың халін тіпті ауырлата түсті”, - деп жазған еді.

Ескіден итжығыспен келе жатқан ежелгі жау қалмақтар 1723 жылы тұтиылдан шауып, қазақтарды қырғынға ұшыратады; қазақ халқы өзінің ескі мәдениет ошақтары – оңтүстіктегі қалалардан айрылады, ата-қонысынан босып, халық санасында терең із қалдырған ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Бірақ осы үлкен жеңілістен соң көп ұзамай-ақ ес жиған қазақтар біріккен күшпен 1728, 1730 жылдары Жоңғар басқыншыларына ауыр соққылар беріп, жау қолында қалған жерлердің біразын босатады. Алайда ойраттарды біржола талқандауға қазақ хандары мен сұлтандарының арасындағы алауыздық бөгет жасайды.

Осы сын кезеңде 1731-жылы Кіші жүз, 1740-жылы Орта жүз, 1742-жылы Ұлы жүздің бір бөлігі Россияға бодан болады. Әйткенмен, бұл кезде қазақ хандары жердің шалғайлығына байланысты ақ патшаға номинальді түрде ғана тәуелді болды. Және орыс үкіметінің қол астына қарайтындығы туралы ант берген рубасылардың көбі тек өз мүдделерін ғана көздеген еді. Бұл ретте академик Н.И.Веселовскийдің: “Көшпенділер мен біздің бодандық жайлы түсінігіміз мүлде сәйкеспейді: олар әдетте бодандықты айтарлықтай ештеңеге міндеттемейтін тиімді шарт деп қана есептейді”, - деген сөздерінің жөні бар. Мұның дәлелі ретінде Абылайдың 1756 жылы Қытай империясының бодандығын тағы қабылдағанын айтуға болады. Сондықтан айтылмыш актілер шын мәнісінде қосылу емес, бодандықтың басы ғана еді.

Осы дәуір әдебиетіндегі сырт жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың товрчествосынан, ал қазақ даласында болған кейбір өзгерістер негізінен Бұқар жырау творчествосынан өз көріністерін тапты.
Бақылау сұрақтары

1.


1.18 ғасырдағы жыраулар тарихы

2.1718 жылы Әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін қазақ мемлекетінің саяси ахуалы .

3.18 ғасырда әдебиет тарихы қай үлгіде дамыды.

4.18 ғасыр қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең .


Студенттің үй тапсырмасы.

1. Реферат

2. Сұрақ – жауап.

3. Конспект.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. 18 ғасырдағы қазақ хақының саяси экономикалық даму жағдайы

2. Қазақ халқының жонғар басқыншыларына қарсы қүресі

3. Жыраулар шығармашылығындағы ерлік, елдік мәселелерінің жырлануы

4. Сұрақ - жауап



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет