Сабақ жоспары. Тексерілді


Жаңа сабақтың түсіндірілуі



бет16/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Жаңа сабақтың түсіндірілуі
Кілем әзірлеуге арналған құрал-жабдықтар туралы ақпараттар беріледі.( сабақ барысында көрсетілетін презентациядағы кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтармен танысады)
Мұғалім түсіндірме береді...
Арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтары мен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерде ерте заманнан бері пайдаланып, бірақ соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып кетеді.
Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, не екі жарым метр шамасында болады.
Кері ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш.Оның тек ағаш болуы шарт емес, үй егесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек- желінің жалпы саны орта есеппен -600 (үстіңгі) жіп, 600( астыңғы) жіптей болуы керек.
Белағаш- кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш.
Адарғы- керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайшы айтқанда астыңғы мен үстіңгі жіптерді ерсілі-қарсылы, жоғары-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ- белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш.
Бұл станоктардағы ағаштарға байланысты анықтамалар, енді сіздер топтар арасында осы станоктарда ары қарай жіптердің қызметімен «кілем тоқу» процесінің жүргізілуін анықтайтын боласыздар.



https://ust.kz/word/sabaq_josparykilem_toqy_tehnologiyasy-3099.html

https://www.google.kz/search?q=кілем+тоқу+құралдары&tbm=isch&tbs=rimg:CbR5ClSSKvBcIjg8XggBVN5-6Q7BatRhBtnwm0M3sOjVTlQ6rd1w5ceQV9oAyGY0nSGUa5JFs9







Анықта...
Тапсырма бойынша оқушылартопқа бөлініп,топтарға зерттеуге мынадай сұрақтар беріледі:

  • кілем тоқуға арналған станоктардың уақыт өте өзгеруі;

  • кілем тоқу процесіндегі станоктардағы маңызды жіптердің ролін анықтау;

  • тұрмыста қолдану маңыздылығын жетік түсіндіру.

таратпа материалдарда тапсырмалар көрсетіліп, топтарғаберіледі.
Оқушылар анықтау барысында кілем тоқудың қажеттілігін, үдерісін, жіптердің қызметтерінталдайтын болады.
Олар мысалы:

  • Күзу

  • Тарту жіп

  • Шатыс

  • Арқау

  • Жіп қашу

  • Жіп жалғау

  • Сирексіту

Оқушылар сонымен қатар тоқпақтың, қайшының ролін атап, топта қарастырып альбомдарға жазады.
- Сендердің ойларыңша қай жіптің ролі маңыздылау екен?
- Неге?
- Қазіргі таңда кілемдердің маңыздылығы неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет