Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет36/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Оқушыларды бес топқа бөлу
Тапсырма:
1-топ: Үзіндіні оқып, әңгіменің ой ағымына талдау жасаңдар. Әуелі жұпта пікірлесіңіздер, кейін топта ортаға салып, саралаңыздар.
Бүкіл далада молалар үйінділері шашырап жатыр, олар күйдірілген кірпіштен мықты, берік жасалған. Бұл молаларға қарап отырып, далада саналы, өнерге жақын халық болған деп түюге болады. Бірақ, өмір сүру салты мен арнайы білім алмағанына қарамастан, қазақтардың өзінше қиын ғибадатхана соғу, қорған тұрғызуға деген ерекше ынтазарлығын есепке ала отырып, олардың даладағы бұзылған үйінділерді қандай да бір мола немесе ғибадатхана деп санауға болады. Бұл пікірді бекітетін мысалдар мынадай.
Өткен ғасырдың қырғыздары қандай да бір батырдың тыным тапқан тұрағын келесі ұрпаққа белгі ету үшін үлкен топырақ үйіндісімен қоршап немесе күмбез салып болмаса сатылы мұнара тұрғызатын болған. Мұның барлығын олар қолданылған заттарға қарағанда, күйдірілген немесе шикі кірпіштен салған. Моланың алыптығы - марқұмның тірлікте ықпалды жан болғанының белгісі. Мұндай молалар Ұлы жүзде жиі кездеседі. Найман рулары әлі күнге дейін осындай молалар соғады.
Бай, дәулетті адамдар Түркістаннан арнайы шеберлерді шақырып, оларға ескерткіш үшін қымбат төлейтін болған. (Ұлы жүздегі) Сүйіктің моласы осылай тұрғызылған. Қырғыздардың манабы Жантай қашғарлыққа мола соғып бергені үшін төрт тоғыз бен жүз қой берген. Тоғыз: біріншісі - бір құл мен 8 ат, екіншісі - түйе мен 8 ат, үшіншісі - жүйрік пен сегіз ат, төртіншісі - өгіз бен сегіз сиыр. Бұл мола расында да өте жақсы соғылған - пішіні ерекше, ал жалпы даладағы қирандыларды еске түсіреді. Далада қала қирандылары кездеспейді, даладан табылатын жекелеген кесенелер пішіні жағынан молалық ескерткіш. Қозы Көрпештің ескерткішін аңыз бойынша қазақтар мола етіп салған.

Осыған сүйеніп мен даланың оңтүстік шығысында жатқан үйінділерді көшпенді халық моласы деп санаймын. Бірақ бұл жерде ол туралы айтпаймыз.
2-топ: Адам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерттеп, шығарма құндылықтарын анықтаңыздар
Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, дабыдан тігілген жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, зәңкірлер және түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Бұрынғы кезде қыздар көкөзбек деп аталатын корсет (кеуде тартқыш) киеді екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет