Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру Оқу мақсаттары



бет119/327
Дата29.11.2023
өлшемі0.83 Mb.
#484789
түріСабақ
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   327
4-сын қмж дш

Тілдік мақсаттар



  • «Көкпар», «Қыз қуу» (шабандоз, жылқы);

  • «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау);

  • «Ақ пен қара асық»;

  • қауіп, қауіпсіздік;

  • команда, қарсылас, шабуыл, қорғаныс;

ереже; баға, әділ ойын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ынтымақтастыққа, патриоттыққа, болжай білуге, өз ойын жеткізуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,Сауат ашу,Орыс тілі,бейнелеу өнері, музыка

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім



Қазақтың ұлттық,зияткерлік ойындары

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Жағымды орта қалыптастыру»
Б.«Шаттық шеңберге» Білім алушылардың зейінін қарату, гимнастикалық құралдарды атап өту арқылы мақсатқа жету.Қауіпсіздік ережесін айту.
Топқа бөлу: «Санау әдісі» арқылы 2 топқа бөлемін.
Бой жазу жаттығуын,жалпы дамыту жаттығуын жасатамын.

Кең спорт алаң
ысқырық
Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық,арқан,орамал

Сабақтың ортасы
25 мин

(Т, ЖЖ, Ж, ҚБ) «Көкпар». Бұл ойында оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар түзуі қажет. Жұптарда, бір оқушы
«жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады.Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет.Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады.«Шабандоздар»және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап
жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Белгі бойынша «жылқыларымен» «шабандоздар» жүгіріп келіп және допты қарма-қарсы жақтағы шеңберге салуы керек. Допты салған команда ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді
(Б, ЖЖ, ҚБ) «Қыз қуу». Бұл ойында сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады, олар жұптармен «аттармен» (гимнастикалық таяқшалар) жарысады. Ойынның бірінші жартысында қызды ұл қуады және егер қашықтық соңына дейін қуып жетсе, онда оның иығына қолын тигізеді; ойынның екінші жартысында қыз және ұл рөлдерін ауыстырады. Қыз өзінің серіктесін (ұлды) қуып жетуге тырысады және жеткен жағдайында оның иығына қолын тигізеді. Шабу қашықтығы спорт залды 1 айналу. Қашықтық соңында бұрылу орнын белгілейтін жалауша орналытады. Қыз (ал қайтар бетте ұл) сөрені 2 немесе 3 м алда бастайды.

Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   327




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет