Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет1/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек


5–9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН


1 САБАҚ


Баланың бас ұстазы – ата-ана
Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу


Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.


Міндеттері:
1.Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру.
2.Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. .
3.Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.


Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

  • ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;



Жоспар


I.Кіріспе бөлім:позитивті ата-ана болу неге маңызды.
II. Негізгі бөлім:

  1. Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері.

  2. «Позитивті ата-ана болу» ұғымының мәні

  3. Тапсырма: «Сіздің балаңыздың портреті», «Позитивті ата-ана болу қағидаттары», «Сіздің балаңыздың күшті тұстары».

  4. Жаттығу: «Бағдаршам», «Белсенді тыңдау»

III. Қорытынды: қорытындылау, тілектер.


Ресурсы: Форматы А4 парақтары, қаламдар, қарындаштар; қызыл және жасыл түсті карталар; «Терабитияға апаратын көпір» фильмінің үзіндісі (2007 ж, АҚШ, реж. Габор Чупо); «Позитивті ата-ана болуға қадамдар» чек парақтары.


Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында ата-аналар:

  • позитивті ата-ана болу дегеннен хабардар болады,

  • оның қағидаттарын, ережелерін түсінетін болады,

  • позитивті ата-ана болу рухында баламен қарым-қатынастың кейбір тәсілдерін меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет