VII. Жағдаяттар шешу.
1-жағдаят: Менің жақын туысымның менімен шамалас бір баласы бар. Ол өзі өтірікші бала. Көзбе-көз өтірікті айта салып тұра береді. Біздің үйге күнде келіп, менімен ойнағысы келеді, оның басқа ойнайтын, бірге жүретін ешқандай досы жоқ. Өтірікті көп айтудың салдарынан барлық достары одан теріс айналды. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, қалай ойлайсыңдар?
2-жағдаят: Менің парталас көршім үнемі үйге берілген тапсырмаларды орындамай, жазбай келеді. Өйткені оның қолы ойыннан босамайды. Мұғалімдер тапсырмаларды сұрағанда қатты қысылады. Берілген тапсырмалардың барлығын менің дәптерімнен көшіріп алады. Ал тапсырмаларды көшіруге бермесем «Сараң» деп мазақ қылады. Менің не істеуім керек?
VIII. Ертегі құрастыру.
Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады.
Берілген сөздер:бақытты, әке, жауапкершілік, бала, мен, қайырымдылық, қамқорлық, ана, туған-туыс, әлем.
|
Оқушылар өздері жазған эсселерін оқиды.
Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ.
Отбасы – жылулық.
Отбасы – ананың аялы алақаны.
Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі.
Отбасы – бала бақыты.
Отбасы —шағын мемлекет.
Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.
Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Мақалды жалғастырады.
Оқушылар жағдаятты шешу үшін өз ойларын айтады.
Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады.
|
Соңы
|
IX. Рефлексия.
Қызыл – маған сынып сағаты ұнады, мен барлығын түсіндім.
Көк – маған сынып сағаты ұнады, бірақ мен толық түсінбедім.
Сары – маған ұнамады, мен ештеңе түсінбедім.
Осы берілген түстерді таңдай отырып оқушылар өз ойларын білдірген стикерлерін жабыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |