X. «Ойланайық, ойлайық!» (логикалық есеп)
Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. (1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой)
XI. Үй тапсырмасы.
§63-68 169-188 бет қайталау.
Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: «Оқушының мектептің бірінші қабатынан екіншіге көтерілгендегі істеген жұмысын есептеу». Құрал – жабдықтар: сызғыш.
Жұмыстың барысы:
1.Сызғыштың көмегімен бір сатының биіктігін өлшеу: S0.
2.Сатылардың санын есептеу : n
3.Баспалдақтың биіктігін анықтау: S= S0*n.
4.Өз денелеріңнің массасын анықтау : m, кг.
5. Өз денелеріңнің ауырлық күшін есептеу : F=m*g
6.Жұмысты анықтау: А=F*S.
7.Кестені толтыру:
S0 , м
|
n
|
S, м
|
m, кг
|
F, Н
|
А, Дж
|
|
|
|
|
|
|
8.Қорытынды жасау.
XII. Рефлексия.
- Балалар, біз бүгін нені қайталап өттік?
-Сабақтың басында қойған мақсаттарымызға жеттік пе?
-Қандай қиыншылықтар болды?
Смайлик арқылы.
- Балалар, мына сабақтан кейін өздеріңнің көңіл-күйлеріңді осы смайликтар арқылы көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |