Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта семинар сағат


апта. 11 семинар. 1 сағат. 11 семинар сабағының тақырыбы



бет8/10
Дата16.02.2024
өлшемі37.15 Kb.
#492178
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

11 апта. 11 семинар. 1 сағат.
11 семинар сабағының тақырыбы: ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.
Семинар сабағының жоспары:
1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің саясаты.
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
3. Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
4. Соғыс жылдарындағы Қазақстанға жер аударылған халықтар.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тарихи зерттеулер негізінде студент Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ның сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын ашу. Соғыс аумағындағы аудандардан Қазақстанға халық, өндіріс кәсіпорындары мен техниканы эвакуациялау мәселерін талдау. Республика өмірін әскери негізде қайта құру мәселені қарастыру. Қазақстандықтардың соғыстағы ірі шайқастарға қатысуы туралы зерттеулермен танысу. Қазақстанға саяси сенімсіздер ретінде жер аударылған жекелеген ұлттар (немістер, түрік-месхеттер, шешендер, қарашайлар мен т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанды майдан арсеналы ретінде сипаттаңыз. Эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелерді Қазақстанға қабылдау мәселелерін ашу. Тыл еңбеккерлерінің ерлігін талдаңыз. Соғыс уақытындағы экономикада жаңа өндіріс салаларының пайда болуын анықтау. Соғыс жылдарындағы тоталитарлық жүйенің құрылымын көрсетіңіз.
12 апта. 12 семинар. 1 сағат.
12 семинар сабағының тақырыбы: 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.
Семинар сабағының жоспары:
1. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру бағыты.
2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы - саяси өмірді демократияландыру катализаторы.
3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.
Сабақтың мақсаты: Әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі әдістерімен әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдің мәселелерін шешу әрекетінің мәні мен мазмұнын жаңа тарихи-сараптамалық зерттеулер негізінде ашу. Экоономиканы басқарудағы өзгерістерді көрсетіңіз. Сондай-ақ, «Қайта құру» жылдарында Қазақстандағы қоғам өміріндегі орын алған өзгерістердің мазмұнын ашып, ұлттық өзіндік сананың өсуіне және ұлттық сананы қалыптастыру мен демократиялық құқықтық мемлекет құруға әкелген жүйелі дағдарыстың салдарларын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет