Семинардың мақсаты: Телехабардың сөйлеу тілін және телевизия журналистерінің шеберлігін талдау, пікір алмасу



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата02.01.2022
өлшемі388.78 Kb.
#453294
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-Семинар. Телехабардың сөйлеу тілі

Ғалым  М.Барманқұлов:  «Керемет  саясаткер,  ең  күшті  мемлекет,  дүние 

жүзіндегі  ең  мықты  халықтың  өзі  ақпаратсыз  түкке  тұрғысыз  нәрсе  болуы 

мүмкін.  Кім-кімге  де  қызықты  әрі  керек  дүниенің  барлығы  тек  қана 

ақпараттан  табылады.  Ақпарат  —  адам  санасындағы  шындықтың  болмысы. 

Ақпараттың  қандай  болатындығы  ақпарат  таратушыға,  журналистке 

байланысты»  –  дейді.  Бұл  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  таралатын 

ақпараттың адам өміріндегі маңызы шексіз екендігін көрсетеді . 

Қоғамда  болған  не  болып  жатқан  оқиғалар  жөнінде  берілетін  журналистік 

ақпарат  «біздің  сыртқы  әлемге  деген  бейімделу  процесінің  көрінісі»  болып 

табылады. 

Зерттеу  нысаны  ретінде  алынып  отырған  «Хабар»  арнасының  қорытынды 

жаңалықтары  мен  «Жеті  күн»  ақпараттық  сараптама  бағдарламасы 

ақпараттық  жанрдағы  телехабарлардың  қатарына  жатады  және  аталған 

хабарлар  бұл  телеарнаның  негізгі  бөлігін  құрайды.  Бұл  жөнінде  ғалым 

Қ.Ж.Тұрсын  былай  дейді:  «Телеақпарат  —  ең  басты  жанр  әрі  ол  экран 

кестесінің  көп  бөлігін   алатын  «Таңғы»,  «Күндізгі»,  «Түскі»,  «Кешкі», 

«Қорытынды»  жаңалықтардан  тұрып,  екі  тілде  көлемі  20–30  минуттан 

беріліп  жатады.  Бекзаттық,  жанжалдық  хроника,  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігін құрайды». 

«Хабар»  телеарнасы  —  республикадағы  мемлекеттік  және  тәуелсіз 

телеарналар  арасындағы  ресми  арна.  Осыған  байланысты  онда  негізінен 

ресми  сипаттағы  жаңалықтар  хабарланады.  «Ресми  оқиғалар  дегеніміз  — 

бүкіл  үкімет  басындағылардың  қатысуымен  болатын  отырыстар,  мейман 

күту,  шығарып  салу.  Сондықтан  мұндайда  Президент,  Парламент,  Үкімет 

жүзеге асырып отырған іс-шаралар толық көрсетілуге тиісті». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет