Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Полиэтиленді газ құбыры аймағын ауыстыру



бет19/100
Дата11.06.2016
өлшемі6.27 Mb.
#128376
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100

Полиэтиленді газ құбыры аймағын ауыстыру

Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылатуы туралы хабарлау. Жөндеу аймағына дейінгі бекіткішті жабу арқылы тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Жөндеу аймағына дейінгі жақын құдықта полиэтилен – болат тіркегіш қосуында штуцерлі бекіткіш қою. Механизмдер көмегімен оржол жасау. Оржолды қолмен жетілдіру. Оржолды газдылыққа тексеру. Құдықта полиэтилен – болат тіркегіш қосуын бұрап ағыту, фландықтың орнына штуцермен балқытылған бекіикішті қою, тарақшаны құрастыру және газ құбырын ауамен үрлеу. Газ құбырында газ барын тексеру. Ауа ортасындағы газ бөлігін тексеру. Газ құбырынан ауыстырылатын аймағын қию өлшемін алу. Қолданыстағы газ құбыры бөлігі жағынан уақытша тығындар орнату. Оржолдан ауыстырылатын аймақты алып тастау. Ауыстырылатын аймақтың ұзындығына тең құбыр балқыту. Балқытылған құбырды оржолға түсіру. Уақытша тығындарды алу, монтажды тоғысын дәнекерлеу. Ақау табатын ултрадыбысты құрылғыны келтіру, сезгіштік үлгісі бойынша жарамсыз деңгейін анықтау. Амплитудасы ақау деңгейінен жоғары, тоғысқан жерлерде ақау жоқтығын тексеру. Компрессормен ауаны жөнделген аймаққа толтырып тығыз бекітілгеніне сынақ жүргізу. Газ құбырын 0,2 м жоғары көму. Газ құбырының көмілген аймағына белгі ленталарын қою. Жапқышты ашу, газды жіберу. Механизмдер көмегімен оржолды көму.


Кесте 4.68 – Газ құбырының бір аймағына кететін материалдар шығыны


Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Бітегіш

дана

2

Полиэтиленді құбыр

м

қажетінше

Майсыздандыру

л

0,10

Сабын эмулсиясы

л

0,08

Темір қырғыш

кг

0,20



      1. Радиографиалық әдіспен және болат газ құбырының дәнекерлену сапасын сырттай тексеру арқылы бақылау

Жұмыс мазмұны: Дәнекерленген қосылыстары бетін тот басудан, қоқыстан, кірден, балқытылған метал шашырандысынан тазарғанша тазарту. Дәнекерленген қосылыстарға (беттік сызаттар, еруі, тіліктер, қабыршақтану, қиылысу т.с.с.) визуалды тексеру жүргізу. Газ құбырының остерiнiң жiктiң беттерi, негiзгi металлдың кертіктерi, дұрыс дәнекерленбеген жерлер, бұрыштық жiктiң катетi, сынуы. Жiктiң таңбалауының бар болуын тексеру. Қолданыстағы құжаттар нормасы бойынша бақылаудың нәтижелерiн бағалау. Радиографикалық әдісімен сапасын бақылау үшін: Приборды жұмысқа дайындау. Жеке дозиметрді зарядттау. Жұмыс орнын дайындау. Тоғысу тазалығы сапасын тексеру. Басқару пултімен рентгендік бөлігін қосу. Желілік шлангты басқару пултін қосу. Желіге аппаратты қосу. Объектіге радиациялық қауіпсіздік аймағын анықтау. Бақылаудың шекарасында ескерту таңбаларын орнату. Радиографикалық бақылау жүргізу үшін дәнекерлеу қосылысының бетін дайындау. ГОСТ 7512-82 сәйкес дәнекерлеу қосылысына радиографикалық бақылау жүргізу. Желі тумблерін қосу. Рентгендік бөліктер онрату. Тоғысқан жерге тығыз ренгендік пленкалы кассета орналастыру. Қажет күйді орнату. Пуск батырмасын басу. Түсірілімдерді айқындау. Түсірілімдердің мағынасын ашу. (жалпы түсірілімдер санынан 20%) «Марс» бағдарламалы талдау кешенінде түсірілімдерге бақылау жүргізу. Радиографиялық бақылаулар нәтижесіне хаттама жасау. Тіркеу журналында жазу жүргізу.


Кесте 4.69 – Бір тоғысуға кететін материалдар шығыны нормасы


Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Проявитель

л

1,0

Закрепитель

л

1,0

Рентгеновская пленка

дана

10

Спирт ректификованный

л

1,0

Мел

кг

0,01


      1. Механикалық сынаумен және болат газ құбырының балқытып бекітілген қосылысы сапасын сырттай тексеру арқылы бақылау

Жұмыс мазмұны: Дәнекерленген қосылыстары бетін тот басудан, қоқыстан, кірден, балқытылған метал шашырандысынан тазарғанша тазарту. Дәнекерленген қосылыстарға (беттік сызаттар, еруі, тіліктер, қабыршақтану, қиылысу т.с.с.) визуалды тексеру жүргізу.

Газ құбырының остерiнiң жiктiң беттерi, негiзгi металдың кертіктерi, дұрыс дәнекерленбеген жерлер, бұрыштық жiктiң катетi, сынуы. Жiктiң таңбалауының бар болуын тексеру. Қолданыстағы құжаттар нормасы бойынша бақылаудың нәтижелерiн бағалау. Радиографикалық әдісімен сапасын бақылау үшін: Приборды жұмысқа дайындау. Жеке дозиметрді зарядттау. Жұмыс орнын дайындау. Тоғысу тазалығы сапасын тексеру. Басқару пултімен рентгендік бөлігін қосу. Желілік шлангты басқару пултін қосу. Желіге аппаратты қосу. Объектіге радиациялық қауіпсіздік аймағын анықтау. Бақылаудың шекарасында ескерту таңбаларын орнату. Радиографикалық бақылау жүргізу үшін дәнекерлеу қосылысының бетін дайындау. ГОСТ 7512-82 сәйкес дәнекерлеу қосылысына радиографикалық бақылау жүргізу. Желі тумблерін қосу. Рентгендік бөліктер онрату. Тоғысқан жерге тығыз ренгендік пленкалы кассета орналастыру. Қажет күйді орнату. Пуск батырмасын басу. Түсірілімдерді айқындау. Түсірілімдердің мағынасын ашу. (жалпы түсірілімдер санынан 20%) «Марс» бағдарламалы талдау кешенінде түсірілімдерге бақылау жүргізу. Радиографиялық бақылаулар нәтижесіне хаттама жасау. Тіркеу журналында жазу жүргізу.

Жіктің биiктiктiгін және енiн, (белдiкшелердiң арасындағы қуыстар, газ құбырының тұрбаларының өстерiнiң сынуы, жiк бетiнiң қабыршақтылығы, негiзгi металдың сызаттары, дұрыс дәнекерленбеген жерлер, бұрыштық жiктiң катетi) ақау өлшемдерiн өлшеу.Жіктің таңбалануын тексеру. Бақылау нәтижесін қолданыстағы құжаттар нормасы бойынша тексеру. Журналға бақылау нәтижесін тіркеу. Механикалық сынақта болат газ құбырының дәнекерлену қосылысының сапасына келесі сынақтар жүргізіледі:

а) газ құбырының 50 мм дейінгі диаметрінде тоғысқан жердi алынбаған күшейтумен ( ГОСТ 10006-80 бойынша) созылуына және жалпаюға (ГОСТ 8675-95 бойынша) сынау. Параметрлерді есептеу және хаттамаларды ресiмдеу. Хаттамалар тіркеуді журналға жазу.

б) 50 мм жоғары диаметрінде. Есеп журналына тоғысуды тіркеу. Дәнекерленген қосылысты екіге бөлу. Бір бөлігінен жік күшейткішін негізгі металға дейін алу. Тоғысқан жерiнiң жартысынан үш үлгi жасау және үлгiлердi майысқақтығына сынау. Тоғысқан жерiнiң жартысынан үш үлгi жасау және үлгiлердi статикалық созылғыштыққы сынау (ГОСТ 10006-80 бойынша). Параметрлерді есептеу және хаттамаларды ресiмдеу. Хаттамалар тіркеуді журналға жазу.


Кесте 4.70 - Бір тоғысуға кететін материалдар шығыны нормасы


Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Оттегі

М3

0,60

Пропан-бутан

л

4,0




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет