Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет46/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

 Мездрлеу.  Бұл  бұлшықет,  май    ұлпаларының    кесінділерін,  сонымен 

қатар  тері  асты  клетчаткасының  бір  бөлігін  (мездра)  алып  тастау,  жою 

процесі.  Мездрение      кесінділер  мен  мездраны  тағамдық  және  техникалық 

мақсаттарда  пайдалану  үшін  сақтап  қалуға  мүмкіндік  береді,  сондай  –ақ 

тұздау кезінде теріге сіңетін тұздың диффузиясын жеделдетуге және шикізат 

массасының азаюына (15 % - ге дейін) жәрдемдеседі, бұның  оны кейін өңдеу 

мен тасымалдау кезінде  маңызы зор.  

Ірі  қара  мал,  ұсақ  мал  және  шошқа  малының  терілеріндегі  ірі 

кесінділерді  шешу  процесінен  кйін  қолмен  алады  да  оларды  тағамдық 

мақсаттарда  қолданады.  Қалған  кесінділер  мен  мездраны  консервілеу 

алдында  шешіп  алады  және  оны  техникалық  май  мен  жемдік  ұн  өндіруге 

пайдаланады.  

 Ірі  қара  малының  терілерінің  мездрасын    пышақтары  өткір    ММ  –  4, 

ММ – 3, ММ – А мездрильді машиналарында шешеді. Мездраны бөлу үшін 

және  мездра  қабатын  шешу  процесі  жұмсақ  жүру  үшін  пышақты  валды 

сумен  сулайды.  Ірі  қара  малының  аз  габаритті  терілерін,  шошқа  және  ұсақ 

мал  терілерінің  мездрасын  шешу  үшін    ММ  –  2,  ММ  –  И  машиналары 

жарайды. 

Санитарлы  өңдеудің  үздіксіз  жұмыс  ісиейтін  линияларында    өтпелі 

навал  тазалағыш  және  навал  тазалағыш  –  мездра  шешу  машиналары 

қолданады.  

Ұсақ мал терілерінен тек консервілеген жағдайда және олардың жүнді 

жағынан  навал  кір,  сондай  –  ақ  барлық  лас  заттарды  алғаннан  соң  ғана 

мездрасын шешеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет