Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) алатай


ТҮРГЕН - өзен Катонқарағай ауд. Атау монғ. түргэн «шапшан жылдам, лезде» деген сөзінен жасалып тұр. Мағынасы: «Ағынды өзен» дегенді білдіреді. ҰЛАН



бет7/8
Дата11.05.2023
өлшемі33.69 Kb.
#473546
1   2   3   4   5   6   7   8
Бияров ШҚ топонимиясы

ТҮРГЕН - өзен Катонқарағай ауд. Атау монғ. түргэн «шапшан жылдам, лезде» деген сөзінен жасалып тұр. Мағынасы: «Ағынды өзен» дегенді білдіреді.
ҰЛАН - өзен е.м., Ұлан ауд. Көне түркі тілінде оғлан ұлан сөзі жас бала, «ұл бала, ұрпақ» мәндерінде қолданылады. Алайда, бул саз жер-су атына келе бермейді. Мұндағы ұлан монғ. улаан «кызыл» деген сезінен шығып, судың немесе жердін түсін білдіруі мүмкін Мұндағы Ұлан өзен атауы (гидроним). Өйткені осы маңдағы тағы бір өзен Кызылсу аталады. Судың қызыл түсті болуы сирек. Қызылсу сезі «қысыл (қысылған) су» мәнінен шығып тұрған сияқты. Қыста мұз үстіне шығатын суды солай атайды. Болмаса құмы қызыл түсті өзенді меңзеп тұр деген мағына береді.

ҰЛАНДАБА - асу, Катонқарағай, ауд. Ұлан (монг. сын есім) және даваа (монг. зат есім) тұлғаларының бірігуінен жасалған, "Қызылкезен" ҰЛАРЛЫ-тау, Катонқарағай, ауд. Ұлар (зат есім) және лы ( туын- ды сын есім жұрнағы) тұлғаларының бірігуінен жасалған, "Ұлар құсы кеп мекендейтін тау" деген мағына береді.
ҰЛАСТЫ - өзен аты. Тарбағатай ауд. Ғ.Қоңқашбаев бұл атауды:«Монғолдың ульяс - «терек» деген сөзінен қойылған. Батыс Монғолиядағы Ұлыстай деген қала аты да осы сөзден қойылған» деп жазады. Біз бұл «терек» деген мағынадағы сөз екенін, оған қазақ тіліндегі теректің көп өсетіндігің, молдығын білдірентін-ты жұрнағы косылып, Ұласты аталғанын ақиқат санаймыз.» («Қазақтар»).Демек, кезінде аталған өзеннің бойында терек көп өскен.
ҰРАНҚАЙ -е.м., Күршім, Ұлан ауд. Ұранхай монғ, ұранхай сөзінен шығып, әуелі этноним (ел ру-тайпа аттары) болады. Ұранқайлар қалмактанып кеткен тувалықтардың бір тайпасы. Ұранқай-қалмақтар турган жерлер солай аталып кеткен. Ұранхай екінші мағынасында «жыртык, тозан, ескі» дегенді біліреді. Тігілетін қостың бір түрі ұранхай қос деп аталады. Жер-су аттарын зерттегенде барлық нұсқасында ескеріп отырған жөн.
ҮКЕК – үстірт (2300 м), Катонқарағай ауд. Атау моңғолдың ухэг «сандық» сөзінен жасалған. «Сандық тау» деген мағынаға сай келеді.
ХАМИР - өзен Зырян ауд. Монғ, хамар «тұмсық, мүйіс» сөзінен жасалған. Аталмыш өзен толық түрінде Қамыр Тұрғысын деп аталғаны жазба ескерткіштерде кездеседі. Өзен Бұқтырмаға тұмсық, мүйіс жасап барып қосылатындықтан солай аталған.
ЧЕРНАЯ УБА - өзен Риддер ауд. Черная (сын есім) + Уба (зат есім, гидроним) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған ата. Мағынасы: «Кара Уба». Суы мөлдір өзендерді қара деп атау орыстарда да бар. Ондай өзендер қара тастарын жасыра алмай қарауытып жатады. Ал уба сөзі түркі-монғолға ортақ «оба» сөзі екені айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет