Шымкент 2014 мазмұны


-бағыт. Әлеуметтік саланың дамуы



бет6/8
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#8279
1   2   3   4   5   6   7   8


2-бағыт. Әлеуметтік саланың дамуы

Мақсаты: Қаланың адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

  1. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесін 2015 жылы 54,3% ұлғайту (2011 жыл – 29,5%);

  2. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін 2015 жылы 10,5% дейін төмендету;

  3. Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылы 71,53 жасқа дейін ұлғайту (2011 жыл – 69,86) жыл;

  4. 100 мың халыққа шаққанда адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын 2015 жылы 0,3% төмендету;

  5. Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылы 6,0% төмендету (2011 жыл – 6,9%);

  6. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылы 9,4% төмендету, (2011 жыл – 10,4%);

  7. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 2015 жылы 1 542 бірлікке дейн ұлғайту (2011 жыл – 735 бірлік);

  8. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін 2015 жылы 20,1% дейін ұлғайту (2011 жыл – 15,1%);

  9. Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесін 2015 жылы 86,5% ұлғайту (2011 жылы – 72%);

  10. 10 мың бірлік автокөлікке шаққандағы жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) 2015 жылы 95 бірлікке дейін төмендету.






Нысаналы индикаторлар/түпкілікті нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірлігі*

2011

2012

2013

2014

2015

нақты

нақты

нақты

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 міндет: Білім сапасын жасқарту және мектепке дейіңгі тәрбиелеу мен оқытумен қамту

9

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесі

%

29,5

17,8

32,8

37,8

54,3

9.1.

Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі

%

8,4

10,7

13,4

70,4

100,0

9.2.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімделген тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың үлесі

%

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0



9.3.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

66,0

68,3

70,6

76,3

77,7




9.4.

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі

%

15,0

15,1

15,3

15,5

16,0







10

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training), %-бен

%










11,5

10,5

10.1.

Оқу орнын бітірген бірінші жылы түлектердің жалпы санындағы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі, %-бен

%

58,1

60,5

63,5

70,7

71




Жету жолдары:

Орындау мерзімі

-

педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында білімін жетілдіру курстарынан өткізу;

тұрақты

-

математика, жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету,

2012-2015 жылдар

-

оқушыларға мектепаралық, қалалық олимпиадалық жарыстар мен семинарлар өткізу;

тұрақты

-

білім беру нысандарының құрылысын, қайта құру жұмыстардың барысында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету,

тұрақты

-

аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жалпыға білім беру қорына қаралған қаржыны 3 пайызға жеткізу;

2012-2015 жылдар

-

Бас жоспарға сәйкес шағынаудандарда жаңа балабақшалардың құрылысын жүргізу;

2012-2015 жылдар

-

"Балапан"бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі мекемелердің құрылыстарын дамыту, мемлекетік тапсырыстар арқылы балабақша санын ұлғайту, бұрыңғы жекешеленген балабақша ғимараттарын қайтарып, күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосу;

2012-2015 жылдар

-

Техникалық және кәсіпктік оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту органдары арқылы «жастар» тәжірибесі, «әлеуметті жұмыс», экономиканың нақты секторында ашылған жұмыс орындарына жолдама беру

тұрақты

Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласының білім бөлімі, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2 міндет: Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету

11

Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

жыл

69,86

70,65

70,69

70,83

71,53

11.1

Ана өлім-жітімін төмендету (100 мың тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар)

100 мың тірі туылған сәбиге

26,3

20,4

9,5

0

0

11.2.

Сәби өлім-жітімін төмендету (0-ден 5 жасқа дейінгі 1000 мың тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар)

1000 тірі туылған сәбиге

15,8

14,0

12,7

12,2

11,3

11.3.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда

100 мың халыққа

192,0

143,2

154,8

150,5

150

11.4.

Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді төмендету,
100 мың халыққа шаққанда

100 мың халыққа

71,1

71,8

71,5

71,0

70,5

11.5.

Туберкулезден өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда

100 мың халыққа

13,8

12,3

10,6

16,1

16,0

12

Адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, жалпы

100 мың халыққа

0,021

0,019

0,018

0,2

0,3




Жету жолдары:

Орындау мерзімі

-

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi жергілікті деңгейде орындауды қамтамасыз ету;

тұрақты

-

медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасау;

2013-2015 жылдар

-

қоғамдық саулықты сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру;

2013-2015 жылдар

-

перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара iс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазiргi заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту, кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiруді ұйымдастыру;

2013-2015 жылдар

-

тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектiкке және өлiм-жiтiмге алып келетiн ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, олардың жас, физиологиялық ерекшелiктерiне және ДДҰ ұсынымдарына негiзделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтiк кешенді бағдарламалар негізінде жұмыстарды ұйымдастыру.

тұрақты




Жергілікті деңгейде (жергілікті атқарушы орган уәкілеттігіне қарай)

-

жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтау мен адам өміріне қауіпті ауруларды алдын алу бойынша түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және темекі мен есірткіге қарсы әлеуметтік баннерлер орнату;

2013-2015 жылдар

-

туберкулез ауруын алдын алу мақсатында халық арасында жылдық флюрографиялық тексеруден өту туралы БАҚ арқылы хабар беру, заң шеңберінде аз қамтамасыз етілген отбасындағы туберкулез ауруына шалдыққандарға әлеуметтік көмек беруді ұйымдастыру;

тұрақты

-

Халықтың әр-түрлі жастағы өкілдері арасында дене шынықтыруды түбегейлі ендірудің және балалар мен жасөспірімдерге дене тәрбиесін беруді насихаттау, спортпен шұғылданатын азаматтардың санын арттыру;

тұрақты

-

Эпизоотияға қарсы шаралар және жануарлардың энзоотиялық аурулардың алдын алу шараларын жүргізу.

2013-2015 жылдар

Орындалуына жауаптылар: ОҚО денсаулық сақтау басқармасы (келісім бойынша), Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі, Шымкент қаласының білім бөлімі, Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

3 міндет: Халықты әлеуметтік қорғау

13

Жұмыссыздық деңгейі

%

6,9

6,7

6,5

6,2

6,0

13.1.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

93,0

92,0

97,0

86,0

86,0

13.2.

Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі, %-бен

%

2,0

2,0

2,1

2,1

2,1

13.3.

Құрылған жұмыс орындарының саны

бірлік

8 864

7 949

12 577

5 472

6 517

13.4.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі, %-бен

%

26,8

26,8

26,8

26,5

26,0

13.5.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз жұмыспен қамтыған халықтың үлесі, %-бен

%

38,0

35,0

32,1

16,0

10,0

14

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі, %-бен

%

10,4

10,7

10,4

9,5

9,4

14.1.

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

%

48,6

50,0

65,0

80,0

82,0




Жету жолдары

Орындау мерзімі

-

"2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы", "Бизнес жол картасы-2020, "Қол жетімді тұрғын үй -2020" бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 2013 жылы - 12577, 2014 жылы - 5472, 2015 жылы -6517 жаңа жұмыс орындарын ашу;

2012-2015 жылдар

-

"Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін 2011 жылғы 6,9 пайыздан 2015 жылға қарай 6,0 пайызға төмендету;

2012-2015 жылдар

-

жұмыссыздық деңгейінің төмендуімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 2011 жылы 10,4 пайыздан 2015 жылға қарай 9,4 пайызға төмендету;

2012-2015 жылдар

-

арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен меморандумдар түзу арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың үлесін 2011 жылы 48,6 пайыздан 2015 жылға қарай 82 пайызға дейін ұғайту.

2012-2015 жылдар

Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

4 міндет: Мәдениет және тілдерді дамыту

15

Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны

бірлік

735

898

1150

1437

1542




кітапханаға келушілер

бірлік

312

393

569

690

745




театрға келушілер

бірлік

220

264

281

387

406




мұражайға келушілер

бірлік

203

241

300

360

391




Жету жолдары:

Орындау мерзімі

-

кітапхана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

2012-2013 жылдар

-

Шымкент мемлекеттік зообағының қайта құру жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныстар беру;

2012-2015 жылдар

-

қалада мәдениет нысандарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;

2014-2015 жылдар

-

республикалық маңызы бар ресми мерекелік іс-шаралармен қатар мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру.

тұрақты

-

қаладағы №3 балалар эстетикалық-саз мектебінің қосымша 100 орындық акт залының құрылысын жүргізу

2014 жыл

Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі, Шымкент қаласының құрылыс бөлімі

5 міндет: Дене шынықтыру, спорт және туризм саласын дамыту

16

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту

%

15,1

19,5

17,3

19,6

20,1

16.1.

Дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді объектілердің саны

бірлік

595

612

630

635

640

16.2.

Ішкі туризм келушілері санының ұлғаюы

Мың адам

668,0

711,2

778,3

801,4

836,5

16.3.

Сырттан келу туризмін санының ұлғаюы

Мың адам

9,5

10,2

10,3

10,4

10,5




Жету жолдары

Орындау мерзімі




Спорт саласында:




-

№2-ші жеңіл атлетка және велоспорт мектебі ғимаратының құрылысын салу

2015 жыл

-

№1 спорт мектебіне спорт залының құрылысын жүргізу

2015 жыл

-

2014-2015 жылдары көпқабатты тұрғын үйлердің ауларында спорт алаңшаларын дамыту, қалада жеке инвесторлардың есебінен спорт нысандарының құрылыстары жүргізу

2014-2015 жылы




Туризм саласында:



-

Бадам, Қошқара-ата өзендерінің жағалауын көріктендіру арқылы көпшілік демалыс орындарын құру;

2013-2015 жылдар

-

Бас жоспарға сәйкес конақ үй, басқа да сервистік қызмет көрсету нысандарына сараптамалар жүргізу

тұрақты

-

Қаланың туристік мүмкіндіктері туралы мәліметті интернет ресурстарда және БАҚ кеңінен жарнамалау

тұрақты

-

5 жұлдызды «Хадиша Риксос» қонақ үйінің іске қосылуына ықпал ету

2014 жыл

-

Республика, облыс және шетел аумағында өтетін турситік көрмелер, жәрмеңкелер, форумдар өтуі туралы қалалық қолөнер шеберлерін, кәсіпкерлердің, туристік мекемелер мен туристік объектілер басшыларын хабардар ету, қатысуын ұйымдастыру

тұрақты

Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі

6 міндет: Мемлекет және азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым қатынасты жетілдіру есебінен мемлекеттілікті жетілдіру

17

Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі

%

72,0

74,5

79,2

80,5

86,5




Жету жолдары:

Орындау мерзімі

-

тілдерді оқыту курстарының желісін арттыру мақсатында қала аумағындағы мектептерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ақысыз оқыту курстарын ұйымдастыру;

тұрақты

-

тілдерді оқыту орталығы оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар өткізу;

өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту үшін ақысыз таратылатын кешенді оқыту-әдістемелік құралдармен (бағдарламалар, кітаптар, әдістемелік көмекші құралдар және электронды оқулықтар) қамтамасыз ету;



тұрақты

-

Жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде және қала көшелерінде жарнамалық хабарламалар мен роликтер көрсету арқылы ақысыз курсқа шақыруды насихаттау




Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Шымкент қаласының білім бөлімі, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі

7 міндет: Қоғамдық қауіпсіздік сақтау және төтенше жағдайларды алдын алу

18

Жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) төмендету (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда)

бірлік

32

29

130

98

95

18.1.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

23,2

27,7

33,7

27,7

27,5

18.2.

Тасқындармен су басуларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкінулерге, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

36,0

42

55

65

75




Жету жолдары:

Орындау мерзімі

-

жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында жол қауіпсіздігі белгілерін, жол таңбаларын ұдайы жаңарту, жолдардың қауіпті бөліктерінде бейне бақылау камераларын, фототүсірім құрал-жабдықтарын орнату, жаяу жүргіншілерге қауіпті жерлерде жол кедергілерін орнату;

2013-2014 жылдары

-

шағынаудандардағы жолдарға бағдаршам нысандарын орнату, қаланың орталық бөлігінде бағдаршам нысандарын жаңа үлгідегі цифрлі бағдаршам нысандарына ауыстыру;

2013-2015 жылдары

-

қылмыстың алдын-алу мақсатында учаскелік полиция жұмыстарын күшейту, шағынаудандардғы криминогендік ахуалы жоғары аудандарда учаскелік полиция бекеттерін орнату, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту;

2013-2015 жылдары

-

халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда бейне бақылу камераларын орнату, шет аймақтардағы көшелерді жарықтандыру;

2012-2015 жылдары

-

төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында су тасқынына бейім шағынаудандарда арықтар мен су қашыртқы каналдар салу, каналдырдың және өзен арналарының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қорғаныс дамбаларын салуға қаржы қарастыру;

2013-2015 жылдары

-

сейсмикалық қауіпті нысандарды анықтап, зерттеп, оларды сейсмикалық күшейтуге қаржы қарастыру

2012-2015 жылдары

-

өрт сөндіру автоматикасын, өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге қаржы қарау, қаланың өрт сөндіру бөлімдерін автосатылармен қамтамасыз ету.

2013-2015 жылдар

Орындалуына жауаптылар: Шымкент қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық бөлімі, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (келісім бойынша), Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет