Шоғырландырылған қаржылық есептеме «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы»


Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар



бет4/14
Дата14.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#135847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар
Қауымдастырылған компания – бұл Топ елеулі ықпал ететін, бірақ еншілес компания немесе бірлескен кәсіпорын болып табылмайтын компания. Елеулі ықпал – инвестицияланатын компанияның қаржылық және операциялық саясаты бойынша шешімдерге қатысу мүмкіндігі, бірақ өз алдына қаржылық және операциялық саясат бойынша шешімдерге қатысу мүмкіндігі.
Қауымдастырылған компаниялардың активтері мен міндеттемелері аталған шоғырландырылған қаржылық есептемеде үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады. Үлестік қатысу әдісіне сәйкес қауымдастырылған компанияларға инвестициялар қаржылық жағдай бойынша шоғырландырылған есепте дербес инвестициялардың құнының құнсыздануын шегергенде, қауымдастырылған компанияның таза активтерінде Топтың үлестік қатысуын сатып алғаннан кейін өзгерістерге қарай түзетілген бастапқы құны бойынша есепке алынады. Топтың қауымдастырылған компаниядағы үлесінен асатын қауымдастырылған компанияның залалдары (мәнісінде Топтың қауымдастырылған компанияға салынған таза ивнестициясы болып табылатын ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемелерді қоса алғанда), тек қана егер Топ өзіне заңды міндеттемелерді немесе тәжірибеден туындаған міндеттемелерді қабылдаған немесе қауымдастырылған компанияның мүддесіне төлемдер жүргізген жағдайларда ғана танылады.

Инвестиция құнының Топтың қауымдастырылған компаниялардың бірдейлендірілген активтері мен міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінен кез-келген артуы гудвилл ретінде танылады. Гудвилл инвестицияның ағымдағы құнына енгізіледі және инвестициялардың бөлігі бола тұрып, құнсыздануға бағаланады. Топтың бірдейлендірілген активтер мен міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы үлесінің сатып алуға шыққан шығындардан қайта бағаланғаннан кейін жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте тікелей танылады.


Топ қауымдастырылған компаниямен операцияны жүзеге асырған жағдайда іске асырылмаған табыстар мен залалдар, іске асырылмаған залалдар табыс етілген активтердің құнсыздануы туралы куәлендірген жағдайларды қоспағанда тиісті қауымдастырылған компаниядағы Топтың үлесі шегінде алып тасталады.
Тауарлы-материалдық қорлар
Тауарлы-материалдық қорлар өзіндік құнынан және сатудың әділ құнынан ең аз мәні бойынша көрсетіледі. Өзіндік құнға материалдарға шыққан тікелей шығындар, көліктік шығыстар мен тиеу-босату жұмыстарының құны кіреді. Қорлардың өзіндік құны ФИФО әдісінің негізінде анықталады. Активтердің өзіндік құны ФИФО әдісінің негізінде анықталады. Сатудың таза құны аяқтауға, маркетингке, тауарды сату мен жеткізуге байланысты барлық болжамдалған шығындарды шегергенде сатудың күтілген құнын бағалауға негізделген.
Қаржы активтері
Қаржы активтері мына санаттарға жіктеледі: пайдалар немесе залалдар арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері («FVTPL»), өтеуге дейін ұсталып қалынатын инвестициялар, сату үшін қолда бар қаржы активтері мен «заемдар мен дебиторлық берешек». Жіктеу қаржы құралдарының сипаты мен мақсатына байланысты және бастапқы тану сәтінде анықталады.
Инвестициялар
Инвестициялар инвестицияларды қайсысының талаптары инвестицияны тиісті нарық белгілеген мерзімде ұсынуды талап ететін сатып алу немесе сату келісім-шартына сәйкес жүргізілген уақытта сауда-саттық операциясын жүргізген күнге көрсетіледі және көрсетілуі тоқтатылады және бастапқыда әділ құны бойынша көрсетілетін пайдалар немесе залалдар арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ретінде жіктелген қаржы активтерін қоса алғанда, бастапқыда әділ құны бойынша танылады.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі – бұл қаржы активтерінің амортизациялық құнын есептеу және тиісті кезең ішінде пайыздық табыстарды бөлу әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл қаржы активтерінің күтілетін мерізмінен кейін, егер қолдануға болатын болса, аса қысқа мерзімде ықтимал алдағы ақша түсімін дәл дисконттайтын мөлшерлеме (тиімді пайыздық мөлшерлеменің бөлінбес бөлігін құрайтын төленетін немесе алынатын барлық комиссияларды қоса алғанда).
Табыс FVTPL ретінде айқындалған қаржы активтерінен басқа борыштық құралдар бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме негізінде танылады.
FVTPL ретінде есепке алынатын қаржы активтері
Қаржы активтері сауда үшін арналған не болмаса FVTPL ретінде айқындалған уақытта FVTPL ретінде жіктеледі.
Қаржы активі сауда үшін арналған сияқты жіктеледі, егер:

  • ол негізінен алдағы уақытта сату мақсаты үшін сатфып алынған болса; немесе

  • Топ бірге ұстап қалатын және қысқа мерзімді пайда алуға мақсаты бар қаржы құралдарының белгілі бір бөлігі болып табылса; немесе

  • хеджирлеу құралы ретінде айқындалмаған және тиімді емес туынды құрал болып табылса.

Сауда үшін арналған ретінде жіктелген қаржы активінен басқа қаржы активі бастапқы таныған кезде FVTPL ретінде айқындалуы мүмкін, егер:



  • осындай тану қарсы жағдайда пайда болуы мүмкін бағалаудың немесе танудың бір ізділігін болдырмайды немесе елеулі түрде азайтады; немесе

  • қаржы активі қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері тобының бөлігін немесе басқарылатын сол немесе басқасының бөлігін құрайды және оның өнімділігі тәуекелдерді басқару стратегиясына сәйкес әділ құны және Топтың инвестициялары негізінде бағаланады, топтарды құру туралы ақпарат осы негізде іштей ұсынылады; немесе

  • бір немесе бірнеше кіріктірілген туынды құралдардан тұратын келісім-шарттың бөлігін құрайды және «Қаржы құралдары: тану және бағалау» БХЕС 39 бүкіл құрамдас келісім-шарттарды (актив немесе міндеттеме) FVTPL ретінде айқындауға рұқсат етеді.

FVTPL қаржы активтері жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте кез-келген пайдаларды немесе залалдарды танумен әділ құны бойынша есепке алынады. Таза табыс немесе пайдаларда немесе залалдарда танылған залалға қаржы активі бойынша алынған кез-келген дивидендтер немесе пайыздар кіреді.


Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар
Топтың оң ниеті мен өтеуге дейін ұстап қалатын қабілеті бар тіркелген немесе айқындалатын төлемдері мен тіркелген өтеу күні бар векселдер мен борыштық міндеттемелер өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар ретінде жіктеледі. Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар нақты пайда әдісі бойынша табысты танумен құнсыздануды шегергендегі тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынады.

Сату үшін қолда бар қаржы активтері («AFS»)
Белсенді нарықта сауда-саттық жүргізілетін бағасы белгіленбелі акциялар мен Топ ұстап қалатын айырбасталуы тиіс бағасы белгіленбелі вескелдер AFS ретінде жіктеледі және әділ құны бойынша есепке алынады. Әділ құнындағы өзгерістен болған пайдалар мен залалдар құнсызданудан болған залалдарды, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша есептелген пайыздарды және тікелей пайдаларда немесе залалдарда танылатын ақша активтері бойынша бағамдық айырмашылықтан болған пайдалар мен залалдарды қоспағанда басқа да жиынтық табыста немесе залалдар танылады. Инвестиция істен шыққан немесе құнсызданған ретінде айқындалған уақытта бұрын инвестицияларды қайта бағалау резервінде танылған басқа да жиынтық табыс немесе залал кезеңдегі пайдаларға немесе залалдарға енгізіледі.
AFS үлес құралдары бойынша дивидендтер Топтың төлемдер алуға құқығы белгіленген уақытта пайдаларда немесе залалдарда танылады.
Шетел валютасында берілген AFS ақша қаражаттарының әділ құны аталған шетел валютасында айқындалады және есептік күнгі айырбастау бағамы бойынша аударылады. Активтің амортизацияланған құнындағы болған өзгерістің нәтижесі болған бағамдық айырмашылыққа жататын әділ құнындағы өзгеріс пайдалар мен залалдарда танылады, басқа да өзгерістер меншік капиталында танылады.
Заемдар мен дебиторлық берешек
Сауда-саттық дебиторлық берешек, заемдар мен белсенді нарықта бағасы белгіленбейтін тікркелген немесе анықталатын төлемдері бар басқа да дебиторлық берешек заемдар мен ұзақ мерзімді дебиторлық берешек түрінде жіктеледі. Ұзақ мерзімді заемдар мен ұзақ мерзімді дебиторлық берешек кез-келген құнсыздануды шегергенде тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құны бойынша бағаланады. Пайыздық табыс пайыздарды тану елеулі болмаған уақытта қысқа мерзімді дебиторлық берешектен өзге тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану жолымен танылады.
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларына банк шоттарындағы ақшалар, кассадағы бар ақшалар, сондай-ақ бастапқы өтеу мерзімі кем дегенде үш ай қысқа мерзімді депозиттер кіреді.
Пайдалануы шектелген ақша қаражаттары
Халықаралық Қайта құру және Даму банкімен («ХҚДБ»), Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен («ЕҚДБ») және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен («ҚДБ») қол қойылған жобаларды қаржыландыру жөніндегі кредиттік келісімдерге сәйкес Топ борышқа қызмет көрсету үшін қажетті банк шоттарын ашты. Осы банк шоттарында көрсетілген ақша қаражаттары тек қана пайыз Бен негізгі борыш бойынша жоспарлы төлемдерді жүзеге асыру үшін ғана қолданылуы мүмкін. Егер ақша қаражаттары есепатік күннен бастап он екі айға дейінгі кезеңде қайсыбір түрде пайдалануы шектелетін болса, мұндай ақша қаражаттары қысқа мерзімді активтер ретінде жіктеледі және тиісті түрде шоғырландырылған қаржылық есептемеге берілген ескертулерде ашылып көрсетіледі. Егер есептік күннен бастап он екі айдан көп кезеңде ақша қаражаттарын қолдану шектелген болса, осындай ақша қаражаттары ұзақ мерзімді активтердің құрамында көрсетілетін болады.
Қаржы активтерінің құнсыздануы
FVTPL қаржы активтерінен басқа қаржылық активтер қаржылық жағдай туралы есеп құрған әр күнге құнсыздану белгісіне бағаланады. Қаржы активтері қаржы активтерін бастапқы танудан кейін орын алған бір немесе одан да көп оқиғалардың нәтижесінде инвестиция бойынша алдағы ықтимал ақша қозғалысына ықпал етілгенінің айқын куәсі бар уақытта бағаланады.
Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржылық активтер үшін құнсыздану құны өз алдына бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған ықтимал ақшы қозғалысының ағымдағы құны мен активтің теңгерімдік құны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Қаржы активінің теңгерімдік құны тікелей барлық қаржы активтері бойынша құнсызданудан болған залалға азаяды.
AFS үлес құралын қоспағанда, егер алдағы кезеңде құнсызданудан болған залалдың сомасы азаятын болса және азаюы құнсыздануды танығаннан кейін орын алған оқиғаға объективті түрде байланысты болуы мүмкін болса, құнсызданудан болған бұрын танылған залал пайдалар немесе залалдар арқылы инвестицияның теңгерімдік құны құнсыздануды түзеткен күні, егер құнсыздану танылмаған болса, амортизацияланған құн құрайтын сомадан аспайтын шамада түзетіледі.
AFS үлестік бағалы қағаздарға қатысты бұрын пайдаларда немесе залалдарда танылған құнсызданудан болған залалдарға пайдалар немесе залалдар арқылы түзетпе жасала алмайды. Әділ құнынан кейінгі кез-келген арту құнсызданудан болған залалдан кейін тікелей басқа да жиынтық табыста немесе залалда танылады.
Қаржы активтерін есепке алудың тоқтатылуы
Топ қаржы активтерін есепке алуды актив бойынша ақша ағымдарын алуға жасалған келісім-шарт құқығы біткен немесе қаржы активтері мен активтерді иеленуден болған пайданы басқа компанияға табыс еткен уақытта ғана есепке алуды тоқтатады. Егер Топ негізінен иеленуден болған түсімдер мен барлық тәуекелдерді табыс етпеген немесе ұстап қалмаған жағдайда, Топ өзінің активте қалған үлестік қатысуын және онымен байланысты міндеттемелерді ол төлей алатын сомаға таниды. Егер Топ негізінен табыс етілген қаржы активтерінен болған, барлық тәуекелдер мен пайдаларды ұстап қалатын болса, Топ қаржы активтерін есепке алуды жалғастырады, сондай-ақ қамтамасыз етілген заемдардан болған қаражаттарды есепке алады.
Топ шығарған үлес құралдары мен қаржылық міндеттемелер
Борыштық және үлес құралдары келісім-шарттық келісім сипатына сәйкес қаржылық міндеттемелер сияқты не болмаса капитал сияқты жіктеледі.
Үлес құралдары
Үлес құралдары – барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін активінде қалған қатысуы утралы куәландыратын кез-келген келісім-шарт. Топ шығарған үлес құралдар шығаруға шыққан тікелей залалдарды шегерумен алынған пайда бойынша есепке алынады.
Қаржы кепілдігі бойынша міндеттемелер
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелер бастапқыда әділ құны бойынша бағаланады және нәтижесінде мыналардан аса көп мәні бойынша бағаланады:

  • БЕХС 37 «Резервтер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» сәйкес айқындалған келісім-шарт бойынша міндеттеменің сомасынан; және

  • егер қолдануға болатын болса, табыстарды тану саясатына сәйкес танылған, төменде көрсетілген жиынтық амиортизацияны шегергенде бастапқы танылған сомадан.


Қаржы міндеттемелері
Қаржы міндеттемелері FVTPL қаржылық міндеттемелері сияқты не болмаса басқа да қаржылық міндеттемелер сияқты жіктеледі.
FVTPL қаржылық міндеттемелері
Қаржылық міндеттемелер қаржылық міндеттеме сауда үшін арналған не болмаса FVTPL ретінде айқындалған уақытта FVTPL ретінде жіктеледі.
Қаржылық міндеттеме сауда үшін арналған ретінде жіктеледі, егер:

  • ол негізінен алдағы уақытта сатып алу мақсаты үшін көтерілген болса; немесе

  • Топ бірге ұстап тұратын және қысқа мерзімді пайда алуға деген соңғы мақсаты бар қаржы құралдарының белгілі бір қоржынының бөлігі болып табылады; немесе

  • хеджирлеу құралы ретінде тиімді емес және айқындалмаған туынды құрал болып табылатын болса.

Сауда үшін арналған қаржы құралдарынан өзге қаржылық міндеттеме бастапқы таныған кезде FVTPL ретінде айқындалуы мүмкін, егер:



  • осындай тану қарсы жағдайда пайда боуы мүмкін бағаның немесе танудың бір ізді еместігін болдырмайды немесе елеулі түрде азайтады; немесе

  • қаржы міндеттемесі қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер тобының немесе басқарылатын және өнімділігі Топтың тәуекелдерін және инвестицияларын басқару стратегиясына сәйкес әділ құны негізінде бағаланатын екеуінің де тобының бөлігін құрайды және топтарды құру туралы ақпарат іште осының негізінде ұсынылады; немесе

  • бір немесе одан да көп кіріктірілген туынды құралдардан тұратын келісім-шарттың бөлігін құрайды және БЕХС 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» бүкіл құрама келісім-шартты (актив немесе міндеттеме) FVTPL ретінде айқындауға рұқсат етеді.

FVTPL қаржылық міндеттемелері жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте кез-келген пайдаларды немесе залалдарды танумен әділ құны бойынша есепке алынады. Пайдаларда немесе залалдарда танылған таза пайдаларға немесе залалдарға қаржылық міндеттеме бойынша төленген кез-келген дивидендтер немесе пайыздар кіреді.


Басқа да қаржылық міндеттемелер
Заемдарды қоса алғанда, басқа да қаржылық міндеттемелер бастапқыда мәміле бойынша залалдарды шегерумен әділ құны бойынша бағаланады.
Басқа да қаржылық міндеттемелер нақты табыс әдісі бойынша пайыздық шығыстарды танумен тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша амортизацияланған құны бойынша бағаланады.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі – бұл қаржылық міндеттемелердің амортизациялық құнын есептеу және тиісті кезең ішінде пайыздық шығыстарды бөлу әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл қаржылық міндеттеменің күтілетін мерзімінен кейін, егер қолдануға болатын болса, аса қысқа мерзімде ақша қаражаттарының алдағы ықтимал төлемдерін дәл дисконттайды.
Қаржылық міндеттемелерді есепке алуды тоқтату
Топ қаржылық міндеттемелерді есепке алуды Топтың міндеттемелері өтелген, болмаған немесе мерзімі өткен уақытта және сол уақытта ғана тоқтатады.
Резервтер
Өткен оқиғалардың нәтижесінде туындаған, өтеу үшін ресурстардың істен шығуын талап ететін, экономикалық пайдадан тұратын ағымдағы міндеттемелері (құқық нормаларымен айқындалған немесе тұспалданған) болған жағдайда есепте көрініс табады; сонымен бірге осындай міндеттемелердің мөлшері жеткілікті дәрежедегі дәлдікпен бағалануы мүмкін.
Резерв ретінде танылған сома өз алдына міндеттемеге байланысты, тәуекелдер мен белгісіздікті есепке ала отырып, қаржылық жағдай туралы есептің күніне ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті ең жақсы өтеу бағасын білдіреді. Егер резерв ағымдағы міндеттемені өтеу үшін қажетті ықтимал ақша қаражаттарын пайдалана отырып, бағаланса, оның теңгерімдік құны аталған ақша қаражатының ағымдағы құны болып табылады.
Үшінші тарап кейбір немесе резервті өтеу үшін қажетті барлық экономикалық пайданы өтейтіні күтілетін болса, дебиторлық берешек, егер өтемі алынатындығы нақты болса, актив ретінде танылады және алынатын сома орынды бағалануы мүмкін.
Табысты мойындау
Табыс мәмілеге байланысты экономикалық пайдаларды алу мүкіндігі жағдайында және табыстың сомасын дұрыс бағалау мүмкіндігі жағдайында танылады. сатудан болған табыстар қосымша құн салығын шегерумен танылады.
Топ электр энергиясын өндірушілерден көтерме саудадан бастап ірі тұтынушыларға дейін жеткізу бойынша қызмет көрсетуден, сондай-ақ желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтен табыс алады. табыс қызмет көрсеткен сәтте танылады.

Реттелетін қызметтер бойынша табыстарды есептеу үшін Агенттік бекіткен тарифтер негіз болып табылады. 2008 жылғы 1 тамыздан бастап Агенттіктің 2008 жылғы 23 маусымдағы №197-ОД бұйрығымен электр энергиясын желіге босату және тұтынуды диспетчерлеу және электр энергиясын жеткізу бойынша қызметке жаңа тарифтер бекітілді. Электр энергиясын жеткізу бойынша тарифтерді құрудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес әр аймақ үшін жекелеген тарифтер, сондай-ақ тасымалданатын және экспортталатын электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерге тарифтер белгіленген болатын. Техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерге тарифтер құру әдістемесі 2005 жылдан бастап бекітілді және қолданылуда.


2007 жылғы қарашада Топ Агенттікпен электр энергиясын жеткізу және электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі негізгі қызметпен технологиялық байланысты электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру келісілді. Агенттікпен аталған қызметті жүзеге асыруды келісу негізінде Топ 2007 жылғы 10 желтоқсандағы №760 бұйрықпен электр энергиясын өндіру-тұтынуды ұйымдастыру бойынша қызметке тариф белгіледі. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтің аталған түрі табиғи монополиялар саласына жатқызылды, сәйкесінше, оны Агенттік реттейді.
Жалгерлік
Шарттары активтерді пайдалануға байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды ауыстыру болып табылатын жалгерлік қаржылық жалгерлік ретінде жіктеледі. Жалгерліктің басқа да барлық түрлері операциялық жалгерлік деп аталады.
Операциялық жалгерлік шеңберінде жүзеге асырылатын жалгерлік төлемдер жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте олардың туындау шамасына қарай көрсетіледі.
Заемдар бойынша шығындар
Пайдалануға енгізілуі немесе іске асырылуы елеулі уақыт кезеңінен кейін келетін білікті активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты шығыстар осындай активтің пайдалануға енгізуге немесе сатуға нақты дайын болған сәтіне дейінгі құнына енгізу жолымен капиталдандырылады.
Білікті активтерге жұмысауды күткен нақты заемдарды уақытша ивестициялаудан алынған инвестициялық табыс капиталдандырылуы мүмкін заемдар бойынша шығындардан шегеріліп тасталады.

Заемдар бойынша барлық басқа да шығындар пайдаларда немесе залалдарда олар болған кезеңде танылады.


Зейнеткерлік міндеттемелер
2009 ж. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Топ қызметкерлердің жалақысынан 10%, бірақ айына 102,877 теңгеден көп емес (2008ж.: 90,188 теңге) мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым ретінде төлемдер жүргізеді. Зейнетақы қорларына аударылатын төлемдер қызметкерлердің жалақыларынан ұсталып қалады, еңбек ақы төлеу бойынша жалпы шығыстарға және пайда болған сәтінде еңбек ақы төлеуге байланысты басқа да аударымдармен жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі. Топтың зейнетақы төлемдері бойынша қайсыбір басқа да міндеттемелері жоқ.

Табыс салығы
Табыс салығы бойынша шығыстар өз алдына төленетін ағымдағы табыс салығының сомасын және мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын білдіреді.
Ағымдағы салық
Төленетін ағымдағы табыс салығы бір жылдағы салық салынатын пайданың негізінде есептелген. Салық салынатын пайда жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген таза пайдадан ерекшеленеді, себебі оған басқа да есептік кезеңде салық салынатын немесе шегерілетін болып табылатын табыстардың немесе шығыстардың сомасы кірмейді және сондай-ақ ешқашан да не салық салынатын, не шегерілетін болып табылмайтын сомалар кірмейді. Топтың ағымдағы табыс салығы бойынша міндеттемелері қаржылық жағдай туралы есеп күнде қолданылатын салық мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

Мерзімі кейінге қалдыралған салық
Мерзімі кейінге қалдырылған салық шоғырландырылған қаржылық есептемедегі активтер мен міндеттемелердің ағымдағы құндары мен салық салынатын пайданы айқындау мақсаты үшін танылған тиісті сомалардың арасындағы айырмашылық бойынша танылады және міндеттемелер әдісі бойынша есептеледі. Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер әдетте барлық салық салынатын уақытша айырмашылықтар үшін танылады. Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер салық салынатын пайда уақытша шегерілетін айырмашылық үшін жеткілікті болу ықтималдығы бар дәрежеде танылады. Осындай активтер мен міндеттемелер, егер уақытша айырмашылық гудвилдан немесе салық салынатын пайдаға да, бухгалтерлік пайдаға да әсер етпейтін операциялардан болған міндеттемелер мен активтерді бастапқы мойындағаннан (кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі операциядан басқа) туындаған болса, танылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер Топ уақытша айырмашылықтың түзетпесін бақылайтын және уақытша айырмашылық алдағы болашақта түзетілмеуі мүмкін болған жағдайлардан басқа, еншілес компаниялар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестицияларға байланысты барлық уақытша айырмашылық пен бірлескен кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға қатысты көрсетіледі. Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер осындай инвестициялар мен үлестерге байланысты шегерілетін уақытша айырмашылықтардың нәтижесінде уақытша айырмашылықтың пайдаларын қарсы қолдануға болатын салық салынатын жеткілікті пайда болуы мүмкін болатындай шамада ғана танылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтердің теңгерімдік құны әр есептік күнге бағаланады және есебінен бүкіл сома немесе активтің бір бөлігі өтелуі мүмкін салық салынатын жеткілікті пайданың болу мүмкіндігі енді болмайтындай дәрежеде азайтылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған актив немесе міндеттеме активтердің істен шығуы немесе міндеттемелердің өтелуі кезеңінің барысында қолдану боолжамдалып отырған мөлшерлемелер бойынша есепке алынатын болады. Мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығы, ол тікелей капиталды есепке алу шоттарында көрсетілген баптарға жататын жағдайларды қоспағанда, жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі және аталған жағдайда мерзімі кейінге қалдырылған табыс салығы капиталдық құрамында көрсетіледі.
Мерзімі кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысу ағымдағы салықтық міндеттемелерге қарсы ағымдағы салықтық активтерді есепке алудың заңды түрде бекітілген құнқығы болған жағдайда және олар бір ғана салық органы өндіретін табыс салығына жатаны уақытта жүргізіледі және Топ нетто негізінде өзінің салықтық активтерін өтеуді және салықтық міндеттемелерін өтеуді жоспарлайды.
Кезең ішіндегі ағымдағы және мерзімі кейінге қалдырылғар салық
Ағымдағы және мерзімі кейінге қалдырылған салықтар тікелей капиталға жатқызылған баптарға жататын немесе кәсіпорындарды біріктіруді бастапқы есепке алу нәтижесінде пайда болатын жағдайлардан басқа жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте шығыстар немесе табыстар түрінде танылады. Кәсіпорындарды біріктірген жағдайда салықтық тиімділік гудвиллді есептеген жағдайда немесе сатып алушының сатып алынатын компанияның бірдейлендірілген активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің өзіндік құннан асуын анықтағн жағдайда есепке алынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет