Сөж тақырыбы: Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау Орындаған: Есенғалиев Д. Тексерген: Муратбаев Д. Семей 2015 ж. Жоспар


Жалпы кальцийді қан сарысуынан Арсеназо III комплексонымен



бет3/7
Дата19.09.2023
өлшемі255.33 Kb.
#477927
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-46732

Жалпы кальцийді қан сарысуынан Арсеназо III комплексонымен анықтау. Принципі. Арсеназо III – әр түрлі металл иондарына бірдей ұқсамайтын, диазокомплекс құрушы тобының металлокомплексоны. Th, UO2, Zr, Pu иондарында көбірек, ал Ba, Ca, Sr иондарында азырақ болады. Бұл иондардың ішінен қан сарысуында тек қана Са ионы бар. Арсеназо III сұйықтығы және қан сарысуын араластырғанда кальций мен Арсеназо III комплексі түзіледі, ол сәулеленуді белсенді түрде 650-670 нм. сорып алумен сипатталады. Сорып алудың қарқындылығы 0,5-3,5 ммоль/л диапазонында кальций концентрациясына тікелей байланысты.
Рективтер: Арсеназо III; Натрий додецилсульфат; мұзды сірке қышқылы; натрий ацетаты; сусыз кальций карбонаты; тұз қышқылы.
Реактивтердің жұмысшы ерітінділері: рН 4,75 болатын 0,1 моль/л ацетатты буфер. 1 л буфер дайындау үшін 454 мл 0,1 моль/л сірке қышқылы және 500 мл 0,1 моль/л натрий ацетатын араластырады. 0,1 моль/л сірке қышқылын дайындау үшін 2,86 мл қышқылды (d=1,05 г/см³,17,5 н) 500 мл-лік өлшеуіш колбаға дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді. 0,1 моль/л үшсулы натрий ацетаты ерітіндісін дайындау үшін 6,8 г тұзды дистилденген сумен ыдысшада ерітеді, одан соң 500 мл-лік өлшеуіш колбаға құйып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді;
Стандартты 2,5 ммоль/л кальций ерітіндісі: 25 мг сусыз көмірқышқылды кальций, 100 мл-лік өлшеуіш колбада 5мл 0,1 н. Тұз қышқылын ерітеді (фиксаналдан дайындайды) және белгіге дейін дистилденген сумен жеткізеді;
Арсенадо III жұмыс реактиві; 0,3 ммоль/л Арсенадо III 0,1 моль/л ацетатты буферде ph 4,75. 250 мл жұмыс реактивін дайындау үшін 62 мг Арсеназо III-ті 250 мл ацетатты буферде ерітеді, пайда болған ерітіндіге 250 мг натрий додецилсульфатты қосады (0,1 % дейін).


Құрал-жабдықтар: фотоэлектроколориметр, полистиролдық пробиркалар, сыйымдылығы 0,1 және 0,5 мл пипеткалар.
Анықтау барысы: 5 мл Арсеназо III жұмыс реактивіне 50 мкл қан сарысу қосады (1:100 қатынасында), көбік пайда болмайтындай араластырады. 2 минуттан соң қан сарысуы үлгілерінің Арсеназо III жұмыс реактивіне қарсы оптикалық тығыздығын өлшейді. Сол уақытта тура сондай үлгі дайындайды, бірақ қан сарысуының орнына 50 мкл құрамы 2,5 ммоль/л кальций стандартты ерітіндісін қосады.

Ескертпе.


1. Зерттелетін қан сарысуында гемолиз, алиментарлы гиперлипидемия белгілері болмау керек.
2. Қан сарысуы 4.С t-да сақталған жағдайда ғана, әкелінген соң зерттеуді алғашқы тәуліктерде ғана жүргізуге болады.
3. Кальцийді анықтайтын ыдыс химиялық түрде таза болу керек. Шыныдан жасалған емес, полистиролдық ыдыс таңдаған жөн.
Дерек көзі: А.И.Овсяников, С.А.Коньков, В.К.Гуркало сипаттамаларында көрсетілген. Қан сары суында және басқа Арсеназо III комплексонды биологиялық сұйықтықтарда кальцийдің мөлшерін өлшеу (Клиническая лабораторная диагностика. – Киев, 1999, № 1. – С. 16-18 М.Л.Лизогуб, Н.Н.Куев қосқан өзгертулермен). Аталған методикаға келесі өзгертулер енгізілді: Арсеназо III мөлшері 0,3 ммоль/л-дың орнына 0,15 ммоль/л-ге артты; детергент ретінде натрий додецилсульфат қолданылды, оның концентрациясы 0,04%-дың орнына 0,1%, кальцийды анықтау жануарлардың қан сарысуында анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет