Спорт психологиясы


Спорттағы тактикалық ойлау



бет17/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

3.2. Спорттағы тактикалық ойлау

СУБЪЕКТ – АҚПАРАТ - ОЙЛАУ

Психологияда ойлау тапсымаларын шешу, ақпаратты өңдеу, оны түсіну (ақпаратты макроқұрылымдау, адамның оперативті есте сақтау көлеміне сәйкес тығыздау) ретінде қарастырылады /4/. Спортта тактикалық тапсырмаларды шешу және тактикалық ойлау туралы айтуға болады.


Тактикалық ойлауды үстел теннисі мысалында түсіндірейік. Қазақстандық авторлар – үстел теннисі бойынша КСРО спорт шебері З.П. Ананьева мен М.Г. Рыбинцева, «Психологическая подготовка спортсмена по настольному теннису» қолжазбасының авторлары теннисші көретін ауырлықтарды толық бағалауға көмектесетін салыстыру келтіреді /2/. Олар былай деп жазған:
«Салыстыру үшін қарсыластың он бір метрлік айып добын соғуға дайындығын байқайтын және оған жауап беруге дайындалуға уақыты бар футболдағы голкиперді алайық. Оның міндеті –допты кез келген жаққа тойтару». Ал теннис үстеліндегі ойыншы әр секунд сайын үш-төрт метр қашықтықтан келетін соққыларды қайтарады. Сондықтан ол үнемі жоғары дайындық жағдайында болып, допты жәй ғана тойтармайды, жауап доп қайтарады. Басқаша айтқанда, қарсыластар әр секунд сайын кезектесіп, голкипер болады.
Әр ойында қағылған доп, яғни гол қарқынды эмоцияларды туындатады. Үстел теннисінде «голдар» әр 15-20 секунда сайын болады. Бір партияда ғана 30-50 «гол» болуы мүмкін. Жарыс барысында спортшы мыңдаған эмоцияларды бастан кешіреді: ұпай жеңіп алса – жағымды импульс, жеңілсе –жағымсыз. Спорттың ешбір басқа түрінде адам сонша психологиялық ауырлықты сезінбейді. Алайда, тактикалық қателер болмай қалмайды және оларды талдауды спортшы ойын барысында одан әрі болдырмау үшін жүргізіп отыруы қажет. Тактикалық ойлаудың кеңістігі кең байтақ, бірақ оның полюстерін сызуға болады. Бір полюсында – қалыптаспаған тактикалық ойлау. З.П. Ананьева және М.Р. Рыбинцева көрсеткендей, үстел теннисінде тактикалық ойлаудың қалыптаспауының салдарынан спортшы талдаудың орнына күйгелектенеді, бұл жарыс кезінде жетекші теннисшілерде де кездесуі мүмкін екен.
Тактикалық ойлаудың даму деңгейін іс жүзінде тексеру үшін бұл авторлар мынадай сұрақтарды ұсынады:

1) Допты соғуға дайындық кезінде өзіңе бір міндет қоясың ба?
- ешқашан – 10 ұпай
- кейде – 20 ұпай
- әрдайым – 30 ұпай
2) Барлық қарсыластарыңмен сен бірдей ойнайсың ба?
- иә 10 ұпай
- кейде – 20 ұпай
- жоқ – 30 ұпай
Спортшының тактикалық ойлауының басқа полюсінде – спортшы өз әрекеттерін ойлауға үлгермейді, көбінесе интуицияға сүйене отырып, «алдын ала болжау, шамалау, сезу арқылы жауап қайтарады, бұл жарысқа ерекше сән береді».
Тактикалық ойлау кестелері бапкерден жаттығуларда және жарыстарда беретін ақпарат негізінде қалыптасатынын байқауға болады. Бірақ тактикалық шешімдер өзіндік бақылау мен талдаудың, ойын үстінде өзіндік интеллектуалды жұмыстың негізінде пайда болуы да мүмкін.



Әйгілі ресейлік үстел теннисшісі Максим Шмырев тізесінен қатты жарақат алды, бірақ жарысқа қатысуға бел буды. Ол түнімен жарақатталған тізеге қарамай белгілі қарсыласпен тиімді әрекет атқаруға көмектесетін ойын нұсқаларын ойлап шықты. Барлық болуы мүмкін жағдайларды, әрекет кестелерін ескерді – нәтижесінде командаға қажет ұпай алды.


Спортшы неғұрлым жеке даралық, өзіндік ойы бар адам ретінде дамыған болса, солғұрлы ол спорттық күресте өзіндік тактикасын таңдай алады (кейде өзі жаңа тактика ойлап табады). Егер спортшы тактикалық шешімді қабылдауда толығымен бапкерге сүйенетін болса, ол – тұлға, бірақ жеке даралық болды деп айта алмаймыз. Жаттығуда жақсы орындалатын әрекеттер кейде жарыста жарамайды, бапкер әрдайым дұрыс тактикалық шешім бере алмайды.
Дара спортшы өз басымен ойлауды таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет