АЛҒЫ СӨЗ Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей баиланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру – дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни комерциялық табыстың негізі.
Сапа, қай елде болса да, өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалдырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік нарыққа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтұнушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді.
Процесс стандарттары мен құжаттары (басқару, тауарға ілестірілетін техникалық) өндіріс және сауда мамандары өзара тиімді келісім жасау үшін білуге қажетті «ойын ережелерін» қарастырады. Сөйтіп, стандарттау бәсекелестікті қамтамасыз ететін құрал ғана емес, сонымен қатар басқарудың барлық деңгейінде дайындаушы, тапсырма беруші және сатушы араларында тиімді серіктестікті камтамасыз ету құралы болып табылады.
Бүгінгі күнде жабдықтаушыға стандарттардың талаптарын қатаң сақтау жеткіліксіз, ол тауар өндіруді және қызмет көрсетуді сәйкестік сертификатымен куәландыруы қажет.
Тапсырма беруші мен тұтұнушының ең жоғары сенімділігі сапа жүйесінің сертификатымен байланысты, өйткені, ол – сапа тұрақтылығының, өлшенген сапа көрсеткіштерінің дұрыстығы мен дәлдігінің кепілі.
Келешекте кейбір тауар мен қызмет түрлерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тек қана сертификаттау арқылы дәлелденбейді, оны дәлелдеуді дайындаушының (орындаушының) өздері жүргізеді. Бұл жағдайда қызметкерлердің стандарттау, метрология, сәйкестікті растау ережелерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде қолдануы үшін мекеме бастығының рөлі мен жауапкершілігі арта түседі.
Әр түрлі коммерциялық жұмыстарда метрология ережелерін сақтау өлшеу нәтижесінің қателігінен болатын материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Тез арада шешімін табуға тиісті мәселелердің бәрі – стандарттау, метрология және сәйкестік растаудың отандық ережелерін үйлестіру. Өйткені, бұл – Қазақстан Республикасының дүниежүзілік сауда үйымына кіруінің және еліміздің осы ұйым шеңберінде тиімді жұмыс атқарудың басты шарты. Үйлестіруді жүзеге асырудағы басты қадам – техникалық реттеу жүйесін реформалау.
Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі принциптері, осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілерге байланысты келісімінің ереже жиынтықтары елімізде 2004 жылдың 9-қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан бастап іске қосылған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңының негізінен алынған.сондықтан бұл заңның жүзеге асыруы елімізде техникалық ретеуді реформалау жұмыстарының басталғандығын көрсетеді.
Еліміздегі нарықтық экономикаға тән бәсекелестік, тұтұнушы сенімі үшін күрес коммерция мамандарын стандарттау, метрология және сәйкестікті растау әдістері мен ережелерін өздерінің тәжірибелік жұмыстарында тауар, жұмыс және қызмет көрсету сапаларын жақсарту үшін кеңінен қолдануға мәжбүр етеді.
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнін оқытудағы басты мақсат – оқушылардың бойында келешекте коммерциялық жұмысты тиімді жүргізуі үшін қажетті білім, бағдар және іскерлікті қалыптсатыру болып табылады.