Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет49/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Акишев

2-сурет. Физикалық шамалардың классификациясы
Өлшемдердің объектісі негізгі және туындыға бөлуге болатын физикалық шамалар болып табылады.
Негізгі шамалар бір-біріне тәуелді емес, бірақ олар туынды деп аталатын басқа физикалық шамалармен байланысты орнату үшін негіз ретінде қызмет етеді. Эйнштейн формуласындағы негізгі бірлік – масса, ал энергия – бұл туынды бірлік, олардың арасындағы тәуелділікті белгілі формула анықтайды (Е=m·c²). Негізгі шамаларға өлшемдердің негізгі бірліктері сәйкес келеді, ал туынды шамаларға - өлшемдердің туынды бірліктері.
Негізгі және туынды бірліктердің жиянтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады (8-қосымша).
Бірліктердің бірінші жүйесі болып метрлік жүйе саналады, мұнда ұзындықтың негізгі бірлігі болып метр қабылданған, салмақ бірлігі ретінде - +4ºC температурадағы химиялық таза судың 1 см³ салмағы – грамм алынған. 1799 жылы метр мен килограмның алғашқы үлгісі (эталоны) жасалған. Бұл екі бірліктерден басқа метрлік жүйеге өзінің бастапқы нұсқасында аудан (ар – бүйірі 10 м квадрат ауданы), көлем (стер – бүйірі 10 м-ге тең кубтың көлемі), сыйымдылық (литр – бүйірі 0,1 м-ге тең кубтың көлемі) бірліктері енген.
Осылайша, метрлік жүйеде негізгі және туынды бірліктерге нақты бөлу болған жоқ.
Бірлік жүйесі түсінігін негізгі және туындының жиынтығы ретінде ең алғаш рет 1832 жылы неміс ғалымы К.Ф.Гаусс ұсынған. Бұл жүйеде негізгі ретінде мыналар қабылданды: ұзындық бірлігі – миллиметр, масса бірлігі – миллиграмм, уақыт бірлігі – секунд. Бірліктердің бұл жүйесі абсолютті деп аталады.
1881 жылы СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі қабылданған, оның негізгі бірліктері: сантиметр – ұзындық бірлігі, грамм – масса бірлігі, секунд – уақыт бірлігі. Жүйенің туынды бірліктері: күш бірлігі – килограмм-күш және жұмыс бірлігі – эрг. СГС жүйесін тәжірибеде қолдану қолайсыз болады. Өйткені көптеген бірліктердің арақатынасын анықтау және басқа жүйелерге қайта санау қиындық тудырады.
ХХ ғасырдың басында итальяндық ғалым Джорджи МКСА деп аталған және әлемде кең таралған тағы бір бірліктер жүйесін ұсынды. Бұл жүйенің негізгі біірліктері: метр, килограмм, секунд, ампер (ток күшінің бірлігі), ал туынды бірліктер (9-қосымша): күш бірлігі – ньютон, энергия бірлігі – джоуль, қуат бірлігі – ватт.
Бұдан басқа да ұсыныстар болды. Бұл халықаралық аспектте өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсетеді. Дегенмен, қазіргі уақытта да кейбір елдер өздерінде тарихи қалыптасқан өлшем бірліктерден бас тартқан жоқ. Ұлыбритания, АҚШ, Канадада массаның негізгі бірлігі ретінде фунт саналады, оның мөлшері әр елде әр түрлі (1- қосымша).
Қазіргі кезде бүкіл әлемде СИ – Халықаралық бірлік жүйесі (SI) кең таралған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет