Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет112/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 112



Стр. 114

Қазақстанның ашық кітапханасы


113
Мен Ревякиннің алдына жау танкыларының қайда тоқтағанын түсіріп алған Сережаның
қағазын жайдым. Ревякин күлімдеген көздерімен суретті бір шолып өтті де, өз
сумкасынан тап сондай етіп сызған қағазды суырып алып, менің алдыма жайып:

Бәрі де дұрыс па? —деді.

Бұл қалай дәл шыққан? — дедім, таңданып. Мен Ревякин өзі де сол жерде болып
түсіріп алған ба деп қалып едім.

Неге дәл шықпасын? Дәл берілсе, дәл шығады, ардақтым аға сержант. Бұл сіздің
еңбек! — деп, Ревякин менің қолымды тағы бір қысып:— Бірақ сіздің сурет көркемірек
екен— деді.
Сергей Астахов әрі землемер, әрі суретші боламын жүрген жауынгер. Бұл соның еңбегі,—
дедім.
Алыстан ататын зеңбіректер үн үстіне үн қосып, мен майданға келгелі бірінші рет үдетіп
оқ төгіп тұр. Енді оған жақындаған сайын, ұлғая түскен аспан гүжілі қосылды. Мен
құлағымды тысқа сала қойып ем, Ревякин далаға беттей беріп, мені де шақырды.
Дәл үстімізден танкының ең үлкен жаулары өтіп барады екен. Бомбаларын қаз-қатар
қылып баурына тізіп алып, үлкен самолеттер, одан жоғары қараша қаздай қиғаштай
тізіліп, күмістей жарқыраған көк қырғилар өтіп барады. Темен ұшқан ауыр самолеттердің
екпінімен ағаш басы су-су етіп, биік ақ теректердің жоғарғы жапырақтары үйіріліп-
үйіріліп қояды.
Майданға келгелі мен мұны да бірінші рет көріп тұрмын.

Шыдай тұр, ұшқанды әлі кейін көресің! — деді Ревякин...
Немістер ожар қимылдап, ілгері басып келе жатқанмен артына қарайлауы да аз емес еді.
Бүйрекке қадалған тас кірнедей Севастополь қаласы алдырмастан қалып барады. Әлі
жағаласып, қақпасына жақындатпай Одесса тұр. Украина, белорус халықтары әрбір
орманын алдырмас қамалға айналдырып алып, алысып жатыр. Елдің ерлік тарихына кіріп
қалатын оқыс қимылдар Донбасс жұмыскерлерінен де күн сайын келіп жатыр. Алтынмен
аптап, күміспен күптеген күнбатыс елдерінің, бекіністерін кілтсіз-ақ ашып үйренген күшті
қол біздің жердің әр тасына бір сүрініп кетіп ыза мен кекке булығып келеді. Дүниелік деп
аталған батыс астаналарының қақпасы сарт-сұрт ашылғанда, Одесса мен Севастопольдікі
кешілмейтін мазақ сияқтанып жау кегі қазандай қайнап келе жатқаны даусыз.
Жау қолының әлі түйдек келе жатқанына қарағанда, біздің елді «қырық ру» санап, темір
жұдырықпен бір қойғанда-ақ ыдырай бастайды деп ойлағаны байқалады. Таңқы
тұмсығымен әр қақпаны бір түртіп қалып оп-оңай төрге шығып алып, содан кейін тіл
қатпақшы. Болат жамылып келіп соққан жаудың алғашқы екпіні өрт шалғандай екені де
рас. Қызыләскер қатты шегінді, бірақ әскерімен бірге ел де шегінді. Құрал тастап, тізе
бүккен жоқ, жеңіс күшін жинауға шегінді. Жабулы қабақ, жабырқау күндер ел жігерін
қажытқан жоқ, қайрай түсті. Ұлы Отан соғысының сонау бір қаралы күндерінде де сенім
оты әлсіреген жоқ, әр кеудені кек кернеп, сәтті сағатты күтуде едік. Біздің дивизия алғаш
соғысқа кіргенде жауынгерлердің хәлі осындай еді.
Бұрын екі-үш күнде өтіп жүре беретін бір өлкеден төрт жеті ішінде өте алмай қойғанына
фашист қолбасылары қатты күйінішті. Сиыр мен шошқа түгіл, үйрек пен тауықты
автоматпен атады. Пісіп тұрған алманы үзіп алып жемейді, ағашын кесіп құлатып алып
жейді. Бейіт басындағы ескерткіш тастарды атады. Бір адым ілгері, бір адым кейін басып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет