Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет172/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 169



Стр. 171

Қазақстанның ашық кітапханасы


170
Шынында да менің әйелім қайда осы?.. Ақбота енді менің әйелім екендігіне біржола
сенген сияқтымын. Бұрынғы бойдақ күндегідей емес, мінезіме де салмақтылық кіріпті. Үй
жақта, ел жақта не жай болып жатыр екен деп ойласам, Ақбота да есіме бірге түседі.
Хатын алғанда болмаса, басқа уақытта Ақботаны ылғи елмен бірге алам есіме.
Ақботаның менің әйелім екендігін жолдастарым да біржола дәлелдеп сендіріп қойды:

Бәрекелді!.. Мынадай хат жазған адам әйелің болмай, кімің болушы еді!

Мұндай сөздерді тек әйелің ғана жазады, әрине Факт!..— деседі.
Жолдастарымның ішінде менен басқа үйленгені де жоқ. Әйелінің еріне, ерінің әйеліне
хатты қалай жазатынын кезімен көрген де біреуі жоқ. Сонда да мұндай хатты әйелің ғана
жаза алады дегенде бәрі де үйлі-жайлы болатын адамдардай сеніммен айтады...
Шешем де менен гөрі Ақботаның жайын көбірек ойлайтын сияқты.

Ер балаларға соғыс деген немене, Ақбота байғұс қайтып шыдап ?күр екен?.. Байғұс
балаға жұмыстың бір ауыры кездеседі ылғи...
Маған Ақботаның адресін жібергеннен кейін, ендігі мен барып та қайтқан сияқты көрісем
керек. Болмаса, екеуміз бір жерде жүргендей көрінетін сияқтымыз. Ақботаны маған
аманаттай тапсыра келіп:

Сүт құйған қою шайды жақсы көретін еді... Соғыста айран мен қымыз қайдан
болсын... Әйтеуір жылы жақта жүрміз дегендеріңе қуанамын,— дейді.
Екеуміз де бір соғыста жүрген соң, апам Ақбота екеумізді колхоздың бір бригадасында
жүргендей де көріп қалады... Бұл ойын мен де бұзғым келмейді, әйтеуір көңілі
тынышырақ болсын деймін. Ақботаның хат жәшігінің номерінен басқа еш нәрсе білмесем
де шешемнің ойына қобалжу кірмесін деп, екеумізді екі жерде жүргенімізді әлі ашып
жазған емеспін. Жаңағыдай «нақты» тапсырмаларына: соғыс болған соң, шыдайды да
деген сияқты жалпылама жауап беріп келдім...

Вася қайтып келді де:

Гуля не жазыпты?—деді.

Сәлем айтыпты...
Енді Вася өз тумбочкасына барып, теріс қарап отыра қалып, оң иығы бүлк-бүлк етіп,
бірдемені тез-тез жаза бастады. Әрине, тоғыз айдан бері бір хат жазбағанына ұялып,
Гуляға хат жазып жатыр. Сәлем айтыпты дегенімде сонысынан қызарып та кетіп еді, енді
соны аршығысы келеді.

Ферғана каналының қандай болып шыққанын көрдің бе Көрдің ғой, ортақ старший
сержант? Көрдіңдер ғой?—деп, елеуреп айнала қаранып, бізге жаңадан қосылған
жауынгер Самед Абдоллаев тыпыршып тұр.

Әрине, көрдім,— деп мен Самедке қарадым.— Соғыс уақытындағы ұлы еңбектің
бірі екен!
Соғыстың ауыр кездерінде аяқталған Фергана каналын кинодан бәріміз бірге көріп едік.
Мақта егісінің түсімін арттырып, жоспарын артығымен орындап шығуға берген өзбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет