Су дайындау


Суды термикалық тұзсыздандыру тақырыбы бойынша сұрақ



бет11/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
су дайындау лекция

Суды термикалық тұзсыздандыру тақырыбы бойынша сұрақ.
0,85-0,95 т.
1,4-1,65т, 3,0-3,2 т.
3,5-3,7 т.
Бірсатылы қондырғыларды қолдану үнемді, өйткені онда 1т қыздырылатын будан тек қана 0,85-0,95 т дистиллят алуға болады.
№ 8 тақырып. Электр станциялардағы су ағындары және оларды майсыздандыру технологиялары
Дәріс жоспары:
Суды дайындау және оның табиғатқа әсері.
Мұнай өнімдерімен ластанған ағынды сулар.
Суды дайындау қондырғыларындағы ағынды сулар.
Салқындататын жүйелердегі ағынды сулар.
Суды дайындау және оның табиғатқа әсері
Сұйық қалдықтарының пайда болуынан қазіргі жылулық электр станцияларының қоймаларында ағынды сулар қолданылады. Оларға келесілер жатады:
  • әртүрлі аппараттарды суытқаннан кейінгі немесе турбина конденсаторларындағы сулар;
  • ауа суытқыштарындағы майлар;
  • гидрокүлжойғыш (ГКЖ) жүйелерінен шығарылатын сулар;
  • жылукүшті қондырғыларды химиялық тазалаудан кейін өңдейтін ерітінділер немесе олардың консерванциялары;
  • су тазарту қондырғыларынан шығарылатын регенерациалы және шламды сулар;
  • ластанған мұнай ағыстары;
  • күкіртті мазуттарда жұмыс істейтін қазандық агрегаттарындағы судың экономайзерлерінің және ауа қыздырғыштарының сыртқы қыздыру беттерін жуған кезде туындайтын ерітінділер.

Салқындататын жүйелердегі ағынды сулар
Аппаратты суытқаннан кейін түзілетін судың мөлшері турбина конденсаторына келіп түскен өңделетін будың мөлшері негізінде анықталады. Яғни, конденсациялық жылулық электр станциялары мен атомдық электр станцияларындағы судың мөлшері келесі формула арқылы анықталады:
мұндағы
- коэффициент, мұның мәні жылулық электростанциялар үшін 100-150-ге, ал атомдық электрстанциялар үшін 150-200-ге тең,
- станция қуаты, МВт.
Суды дайындау қондырғыларындағы ағынды сулар
Энерго объектілеріндегі және су дайындау қондырғыларындағы су ағындарының түрлері:
1) Бірден суытылғанан кейінгі су ағындары. Химиялық құрамы өзгермейді, температурасы жоғарлайды, су дайындау қондырғыларында температураның жоғарылауы ескерілмейтін жерлердің барлығында бастапқы сумен бірдей қолданылады.
2) Циркуляциялы жүйелеріндегі үрлемелі су. Ерітінді заттардың құрамы 10-15%-ға өседі, еркін СО2 құрамы орнықты түрде 3-8 мг/л-ға және температурасы 5-10С0 төмендейді.
3) Энерго объектінің негізгі корпусындағы сулар. Қоспаның химиялық құрамы бастапықмен салыстырғанда өзгермейді, температурасы біршама жоғары. Айналмалы механизмді подшипниктерінің майымен ластануы мүмкін. Циркуляциялы жүйелерде суытылатын судың қоспасы ретінде, сол сияқты басқа да мақсаттарға қолдануға болады.
4) Мазут шаруашылығынан шығарылатын су. Мөлшері шағын ғана, температурасы жоғары, мазут түсуі мүмкін. Химиялық құрамы өзгермейді.
5) Қазандықтарды және су өткізгіштерді жуатын сулар. Ерітінді қоспаларының құрамы жоғары болғандықтан, қайтадан қолдану мүмкін емес.
6) ГКҰ жүйелерінің сулары млдірлегеннен кейін қайтадан ГКҰ жүйелерінде қолданылуы керек.
7) Қазандықтарды химиялық жуулардан кейінгі сулар мен шығарылған жуығыш және еркін консервантты ерітінділер. Әкпен нейтралдаудан және шығарылған судағы қышқыл заттарды хлормен бұзғанан кейін суды мөлдіреткіш және оны аэрациялау жүретін жер асты қазандықтарына жібереді. Одан кейін ағындар су сапасының төмендеуіне әсер етпейтіндей мөлшерде біртіндеп су қоймаларына беріледі,
8) Тазалау кезінде мөлдірлендіргіш және мөлдірлендіру сүзгілерінде шығарылатын сулар салмағының ауыр болуына байланысты тұндырғаннан кейін қайтадан мөлдірлендіру сүзгілеріне жібереді, ал тұндырылмаған сулар бірқалыпты мөлдірлендіргіштерге жіберіледі. Мөлдірлегіш үрлегіштеріндегі шламдар вакуумдық сүзгілерге немесе пресс-сүзгілеріне жіберіледі.
9) Өңдірілуі 50 м3/сағ-тан жоғары су дайындау қондырғыларындағы Na катиондық сүзгілерінен кейін шығарылатын ерітінділер келесі түрде қолданылуы мүмкін: бірінше рет өңделген ерітінді көлемінің 30% ГКҰ кәріздік жүйесіне жіберіледі, өңделген ерітіндінің қалған 70% жинақталады және келесі сүзгілердің алдын ала регенерациясы үшін қайтадан қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет