Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданылатын әдіс тәсілдер


Нумикон құралымен жұмыс барысының төрт негізгі сатысы



бет2/3
Дата18.01.2024
өлшемі20.33 Kb.
#489365
1   2   3
bilim-beru

Нумикон құралымен жұмыс барысының төрт негізгі сатысы

  • 1- саты. Ойын іс- әркеттері, құралмен танысу кезеңі. Мысалы, текшелер мен түтікшелермен әр- түрлі ойындар ұйымдастыру (құмға тығу, судан аулау, ермексаздың бетіне бастыру)Ойын ойнау арқылы балалар түріне, түсіне, пішініне назар аудара бастайды.

  • 2- саты. Құрастыру сабақтары. Детальдарды құрастыру барысында балалар текшелерді біріктіруге болатынын және сандық құрамына қарай айырмашылығын аңғара бастайды. Текшелерден баспалдақ құрастырамыз- аздан, көпке, немесе 1-ден жоғары. Бұл ойын текшелердің тақтайшаның үстіне дұрыс қойылу заңдылығын үйретуге бағытталған. Баулықтарға түтікшелерді түсіне, санына қарай жіктей отырып тізбектеу. Текшелердің формасына қарай тақ сан немесе жұп сан екенін анықтау.(тақ санды текшенің тұмсығы бар) Құрастыру ойындарымен қоса графикалық жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, текшелерді түрлі- түсті қарындаштармен бастырып, бояу.

  • 3- саты. Санауды үйрену. Балалардың сандық ерекшелігіне байланысты белгілі түске боялған текшелерді ажырату дағдылары қалыптасуы үшін сандық тізбек белгіленген лента ұсынылған. Балалар сандарды ажыратуға, оларды дұрыс тізбектеуге, бір- бірінен айырмашылығын айта білуге үйренеді.

  • 4- саты. Қосу, азайту, салыстыру амалдарын орындау. Текшелерді бір- бірімен біріктіру арқылы қосу амалын орындаймыз, шыққан жауапты тексереміз. Азайту амалын орындағанда текшенің үлкенінің үстіне кішісін қою арқылы орындаймыз. Бұл орайда құралдың баламен жүргізілетін сабақ барысындағы тиімділігін айтпай кетуге болмайды. Ол қасиеттерінің барлығы жоғарыда айтылып өтті. Балалар осы құралмен әртүрлі ойындар ойнағанды жақсы көреді. Мысалы, құмның немесе күріштің ішінен текшелерді табу және оның сандық қасиетін айту, тактильді дорбаның ішінен ұстап көру арқылы ғана текшені ажырату, түтікшелерді тізу т.б.

"Жаһандық оқу" карталары пайдалану
Глен Доманның методикасы
Г. Доман- американдық физиотерапевт дәрігер. 1960 жылы Глен Доман миының зақымдануынан зардап шегетін балалармен тәжірибесі туралы мақала жариялаған кезде ата-ана тәрбиесі мен оңалту саласында төңкеріс жасады. Содан бері оның техникасы әлемге танымал болды.
Кез келген техника сияқты, нәтиже алу үшін тұрақтылық пен жүйелілік маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет