Тақырыбы: Қыз еркем кестесімен көркем Мақсаты


Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі Ас үй сырлары



бет4/5
Дата08.02.2024
өлшемі27.61 Kb.
#491391
1   2   3   4   5
сценарий-женге-дұрысы

Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі кезеңі Ас үй сырлары деп аталады. Қатысушыларымыз отбасында дайындалатын тағамдарын таныстырады.


Жүргізуші :
Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, аруларымызбен бірлесе дайындаған жеңгелеріміздің өнерін тамашалаймыз
Соңғы кезеңіміз «Жеңгесі бар қандай-ды» үйден әзірлеп әкелген қолөнер бұйымдарыңызды апайларымыздың алдына апарып тапсырады.


Жүргізуші:Әділ қазы мүшелері сайыс бағасын шығаратын уақытқада келіп жеттік. Қорытынды дайын болам дегенше « Керім –ай» бишілер тобының «Шашу» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші :
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
Осымен бүгінгі «Қыз еркем кестесімен көркем» сайысы өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысушы сұлуда сымбатты жеңгемен, қайынсіңілдерді сахна төріне шақырамыз. Марапаттау үшін сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.


Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң егер ұғатын- деп сайысымызды аяқтаймыз. Еліміз аман ,жүртымыз тыныш болсын.Сұлу көктемдей құлпырып ,жайнап аман сау жүре беріңіздер! Келесі кездескенше сау болыңыздар !

1
1) Қымыз - мұрындық қандай мереке?


(қымыз - мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады. Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман - саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды.
2) Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға, жүзік, моншақ, білезік)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет