Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”өлеңіндегі азаматтық үн, ұлттық болмысү



бет4/4
Дата20.02.2023
өлшемі114.91 Kb.
#469827
1   2   3   4
Мағжан Жұмабаев Мен жастарға сенемін жоба

ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл зерттеу жұмысымда ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңіндегі ұлттық рух пен азаматтық үнін ұғынып, зерттеу жасадым. Ақын өлеңі келешегі кемел елдің көшбасшыларының жалынды бейнесін сомдап, жастарды өмір сахнасына шығарады. Бүгінгі таңда Мағжан өлеңіндегі жастар тұлғасын қалыптастырмайынша ұлт болашағы құрылмайтыны анық. Жастар ақын өлеңінен тәлім алып, жігері жалын, рухы мықты, өр мінезді, ар-намысы биік болып, Отанына деген перзенттік парыздары айқындалады. Сондықтан да “Мен жастарға сенемін” өлеңі жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі деуге болады.
Қорытындылай келе, Мағжанның бұл өлеңі тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерінің ұлттық болмысын қалыптастыруда таптырмас тәрбие. Сондықтан өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық, келелі ойлар жас ұрпақтың жүрегіне рухани-азаматтық құндылықтарды құндақтай дәріптейтіні сөзсіз.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ
Өз өмірін елінің мүддесіне арнаған, халқына азаттық тілеген ақын Мағжан Жұмабаевтың жалпы адамзатқа рухани азық болар ақын мұрасын насихаттау үшін мынадай ұсыныстарым бар:
  • Мектептің оқу бағдарламасына “Мағжантану” курсы енгізілсе;
  • Мағжан идеялары басшылыққа алынған тәрбиелік іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылса;
  • Мағжанның шығармаларын қазіргі заман талабына сай электронды кітаптарға енгізіп, әлеуметтік желілерде таратылса.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  • М.Жұмабаев көп томды шығармалар жинағы. Алматы: “Жазушы”2002 жыл
  • М.Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: “Жазушы” 1989 жыл
  • Ш.Р.Елеукенов “Мағжан Жұмабаев”, Алматы: “Білім” 1990 жыл.
  • Жұлдыздар отбасы журналы, “Аңыз адам” №1 Қаңтар , 2012 жыл

Назарларыңызға
рақмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет