Тақырыбы: Мұнай кен орындарын игеру жүйелері мен технологиялары



бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#487224
1   2   3
Презентация - қосымша үшін 2 курс

 


Құлсары кәсіпшілігіне нұсқа сыртынан су айдау және компрессорсыз газ айдау әдістері енгізілді.
XX ғасырдың 60-жылдарының ортасына дейін республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Орта жылдық өнім өндіру 1,5 млн тоннадан аспады. Жалғыз мұнай ауданы Ембі бассейні болды.
Манғышлақ түбегінде 50-жылдардың соңында терең барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады, соның нәтижесінде Өзен және Жетібай ірі кен орындары ашылды. 1961 жылы Жетібай кен орнынан бірінші фонтанды ұңғымадан мұнай алынды.
Аз уақыт ішінде жаңа кен орындарды игеру басталды. Манғышлақ-Мақат темір жолы салынды. “Мангышлакнефть” кәсіпшілік бірлестігі құрылды, 1965 жылдан бері осы жердегі ашық кен орындарды игеру басталды.
Өзен кен орнындағы ең негізгі құрылымдар мұнай құбырлары мен қабат қысымын ұстауға арналған су айдау құрылымдары, Өзен-Жетібай-Гурьев-Самара мұнай құбырының бірінші тізбегінің ұзындығы 712 шақырым Өзен-Гурьев бөлігі 1969 жылы іске қосылды. Бұл мұнай құбыры парафинді мұнайды алыс арақашықтықтарға тасымалдау мәселесінің бір беткей жаңа шешімі болды. Бозащы түбегіндегі жаңа мұнайлы аймақтарды игеру өнім өндірудің өсуін қамтамасыз етті. Қаражанбас және Қаламқас кен орындары пайдалануға енгізілді. Олардың ерекшелігі өнімді қабаттың терең жатпауы, мұнайының меншікті салмағы және құрамындағы ванадий үлесінің жоғары болуында.
Мұнай және мұнай-газ кен орындары дегеніміз – бұл бір немесе бірнеше оқшауланған, яғни бір географиялық пункттің жанында орналасқан геологиялық құрылымдарда ұштастырылған жер қыртысындағы көмір-сутектердің жиынтығы. Кен орнына жататын көмірсутектердің кені қабаттарда немесе тау жыныстарының массивтерінде орналасады, олар жер астында түрліше жайғасады, олардың геологиялық-физикалық қасиеттері әртүрлі келеді. Көп жағдайларда жекелеген мұнай-газды қабаттар, өткізбейтін жыныстармен оқшауланады немесе кен орындарының жеке бөліктерінде ғана орналасады.
Осылайша сипаты бойынша ерекшеліктері бар қабаттар ұңғылардың түрлі топтары арқылы өндіріледі, кейде өндіруде түрлі технологиялар қолданылады.
Кен орнын игеру нысаны жайлы түсінік енгізейік. Игерудің нысаны – бұл өндірілетін кен орнынан алынған геологиялық құрылым (қабат, массив, құрылым, қабаттардың жиынтығы), оның құрамында ұңғылардың белгілі бір тобымен немесе басқа да тау-кен техникасының көмегімен жер қыртысынан алынатын көмірсутектердің өндірістік қорлары болады. Өндірушілер мұнайшыларда кең таралған терминологияны қолдана отырып, әдетте әр нысан «өз ұңғылар торымен» игеріледі деп есептейді. Игеру нысанына кен орнының бір, бірнеше немесе барлық қабаттары біріктірілуі мүмкін.
Игеру нысанының негізі ерекшеліктері – онда мұнайдың өндірістік қорларының және осы нысанға тән белгілі бір ұңғылар тобының болуы. Десек те, осыған кері болуы мүмкін емес, себебі бір ұңғы арқылы бірмезгілдік бөлу пайдалануы үшін техникалық құралдар арқылы түрлі нысандарды игеруге болады.
Игеру нысаны түсінігін жақсы пайымдау үшін мысалдарды қарас-тырайық. Бізге 1.1-суретте көрсетілген кен орнының қимасы берілсін. Бұл кен орнында қалыңдығымен, физикалық қасиеттерімен және қаныққан көмірсутектің тарау аумақтарымен ерекшеленетін 3 қабат бар. Кестеде 1, 2, 3-қабаттардың негізгі қасиеттері көрсетілген. 1-қабат 2-қабаттан 15 метр арақашықтықта, ал 2-қабаттың табаны 3-қабаттың төбесімен 1000 м арақашықтықта орналасқан. Қарастырылып жатқан кен орнында екі игеру нысанын бөліп көрсету мақсатқа лайық екенін айтуға болады, 1 және 2-қабаттарды бір нысанға (нысан І деп) біріктірсе, 3 қабат жеке нысан ретінде (нысан ІІ деп) қарастырылады.
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет