Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру



бет34/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінең танымал анықтамасын алсақ, онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың түп нұсқасының бір де бір актісін мойындауға болмайды. Тіпті жоғарғы оқу орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке тек кейінгі жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады. Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз, бір ғана нәтижеге келгендердің шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды. Шығармашыл адамдардың мінез-құлықтарындағы белгілерді де есепке алу нәтижесіз. Жинақылық, ұқыпсыздық, қажырлылық соларда ғана кездеспейді. Мұның бәрі ескеруге жатады, бірақ нағыз шығармашылық процеске үйретпейді. Адамды өнертапқыштыққа үйретудің бір ғана жолы бар — шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметінің мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары көмекші қызметін орындайды.

Шығармашылық процедуралар:

. Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға дербес көшіру.

Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.

Объектінің жаңа қызметін көре білу.

Объектінің құрылымын анықтау.

Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.

Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.

Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметті енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады — топтық, дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімсн қатар, жоспар құруға ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып табылады. Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер, коллекциялар, газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т.б.)
Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы "саясаткерлердікі", ғылымның әр түрлі ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер жөнінде.
Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты интеллектінің дамуы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет