Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі94.5 Kb.
#472945
1   2   3
ref -temperament-onyn-turleri

Тақырыбы: Аяқ сүйектері
Жоспары:
1 Жамбас сүйектері
2 Ортан жілік
3Сирақ сүйектері
4 Аяқ сүйектерінің өзара байланысы
5 Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің байланысы
Қорытынды:


Тақырыбы: Аяқ сүйектері
Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға: жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады.
Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан 3 бөліктен тізілген. Оларға мықын, шонданай, шат сүйектері жатады. Осы 3 сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды.
Сүйектің мықын бөлігі деп артқы жағындағы қалақ тәрізді кеңейіп келген жерін атайды, ал шат бөлігі мен шонданай бөлігі алдыңғы жағын ала жатады. Ересек адамның жамбас сүйегі бір тұиас болып келеді, сол себептен құрамына кіретін сүйектердің шекаралары білінбей тұрады.
Мықын сүйек- жамбас сүйегінің жоғарғы жағында кеңейіп қалақ тәрізді келген үлкен бөлігі,. Оның ұршық ойысына жақын қалың жерін денесі, кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанатының жоғарғы жақ жиегін “мықын қыры” дейді. Мықын сүйегінің іщкі беті ойыс және тегіс келсе, сыртқы бетінде еттер тіркелетін бұдырлар жатады. Ішкі бетінің төменгі жағында үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекаралық сызық бар.
Шонданай сүйегінің денесі және екі бұтасы болады. Шонданай сүйегінің астынғы жағында отырған кезде тіреу болатын шонданай бұдыры болады, сондықтан бұны отырғыш сүйек деп те атайды.
Шат сүйегінің де денесі және екі бұтасы болады. Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап қасағалық дөңеске жалғасып жатады. Шат сүйектері алдынғы жағынан өзара қосылып қасаға жасайды.
Ортан жілік немесе сан сүйегі адам сүйегінің ішіндегі ұзын, ең ірісі, оның денесі- диафизі жіне екі шеті- эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі дейді, диафизінің немесе денесінің орта жері жұмыр түтік тәрізді, жоғарғы шар сияқты басы мойын бөлігі арқылы диафизінен бөлініп тұрады. Ортан жіліктін алдыңғы беті тегіс, артқы жағында ұзына бойы созылып бұдырлы сызық жатады. Дөңескелген айдаршық беті буын шеміршегімен қапталған. Айдаршықтың ішкі және сыртқы бүйірінде айдаршық түсті бұдырлары болады.
Сирақ сүйектірі қолдың білек бөліміне ұқсас, екі сүйектен тізілген. Сирақтың ішкі жағын ала асық жілігі, сырт жағында шыбық сүйегі орналасқан.
Асық жілік ұзын түтік тәрізді, оның қырлы келген орта жерін денесі, ал екі шетін ұшы деп атайды. Асық жіліктің алдыңғы бетімен төмен қарай өткір қыры созылып жатажы. Асық жілік шыбығы ұзынша келген жіңішке сүйек. Ол асық жіліктің сырт жағына жабыса орналасқандықтан асық жілік шыбығы деп атайды. Денесі үш қырлы келеді. Төменгі жағы жуандап топай сүйектің сырт жағынан жапсарлана жатып толарсақ буын құрайды.
Аяқ басы үш бөліктен тұрады. Толарсақ, табан сүйектері және бақайшақтарынан тұрады.
Сына сүйектерінің саны 3-еу, олардың арт жағында қайықша сүйек, жанында текше сүйек, алдыңғы жағында 1-2-3 табан сүйектері жатады. Бұл сүйектерді бір-бірімен қалыптасып сына тәрізденіп жатқанына қарай сына сүйектері деп атайды.
Табан сүйектері ұзынша келген, 5 сүйек. Бұлар арт жағынан өзідеріне тұтас жатқан толарсақ сүцектерімен жалғасса, алдыңғы жағынан әр қайсысы саусақ бақайшақтарымен байланысады.
Табан сүйектерінің жіңішкеріп келген орта жері 3 қырлы келеді, олардың арасындағы сүйек аралық саңлауларын табан еттері толықтырып жатады.
Саусақ бақайшақтары аяқ саусақтары қол саусақтарына ұқсас 3 бақайшақтан түзілген негізгі, ортанғы және тырнақты. Негізгі бақайшақтар арт жағынан табан сүйектеріне жалғасып жатса, алдыңғы жағынан ортаңғы бақайшақтарымен, ал ортаңғы бақайшақтар тырнақты бақайшақтарға жатады.
Аяқ сүйектірі өзара байланысып еркін қозғалмайтын жамбас белдеуінің және еркін қозғалатын аяқ сүйектерінің буындарынан тұрады. Жамбас бөлігі екі буынан тұрады: алдыңғы жағынан қасаға байланысып семфизин және артқы жағынан сегізкөз – мықын буыннан түзеді.
Қасаға байланыс шат сүйектерінің талшықты шеміршек арқылы байланысуынан түзілген. Бұл байланысты қасаға түйісуі, не шат симфизі деп атайды.
Сегізкөз мықын буыны- жұп буын, сегізкөзбен мықын сүйегіндегі құлақ пішінді буын беттері арқылы қосылып тегіс буын түзеді. Мықын сүйегі мықын беломыртқа байламы, сегізкөз- шонданай өсімді байламы және сегізкөз шонданай бұдыр байламдары арқылы бекіп жатады. Соңғы екі байлам жамбас сүйегінің арт жағында жатып, шонданай бөлігінің үлкен және кіші тесіктерін түзеді.
Жамбас белдеуі үлкен және кіші жамбас астауы болып екіге бөлінеді: үлкен жамбас астауы жоғарғы жағынан кеңейе келіп, ішкі сарай органдарының қорғаныш тірегі, әрі қорғаныш қорабы болып табылады. Кіші жамбас астауы үлкен жамбас астауының астында жатады. Пішінді целиндр тәрізді
Аяқ сүйектерінің қимылды қозғалыстарына жамбастың ұршық буыны, тізе, толарсақ және аяқ басының буындары жатады.
Жамбас буыны ортан жілік басымен жамбас сүйегінің ұршық ойысынан тұрады.
Жамбас- ортан жілік буынның байламдары деп буыннан айнала жатқан буын сіңірін және буын ішінде жатқан сіңірді айтамыз . жамбас ортан жілік буынның тағы бір ерекшелігі буын қуысы май тканіне толы болады.
Тізе буыны ортан жіліктің төменгі буын беті асық жіліктің жоғарғы буын бетімен және тізе тобығымен беттесіп тізе буын түзеді. Тізе буынының екі Жаны мен сүйір сіңірлері өтеді. Олар ортан жіліктің екі жағынан басталып біреуі асық жілікке, екіншісі оның шыбығына тіркеледі.
Аяқ басының буындары сирақ сүйектерімен топай буын сүйгінің арасында орналасқан. Толарсақ табан буындары осы аталғын сүйектер аралығында орналасақан. Бұларға: 1 сына сүйегімен 2 табан сүйегінің аралығындағы бірінші буын 2 және де 3 сына сүйектірімен 2-3 табан сүйектерінің аралығындағы екінші буын текшее сүйекпен 4-5 табан сүйектерінің аралығындағы 3-ші буын жатады.
Аяқ басының сүйектері астынғы жағынан ойыстау, ал үстінгі жағынан дөңестеу орналасқан. Аяқ басының астынғы жағында көлденең табан доғасы болады.
Егер адам табанынын асты жазық болып келсе оны тегіс табан деп атайды. Бұл жағдайда ұзақ уақыт жүгіру, жүру қимылдары қиынға соғады. Ол бір үлкен кемістік те болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет