Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет32/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Клиникалық белгілері. Абайлап пальпация жасау кезінде сынық аймағында ауырсыну сезімі. Сүйек сынықтарының сықырлауы. Науқас қозғала алмайды. Жарақаттық шок белгілері пайда болады.
БМК. Жарақаттық шоктың алдын алу. Науқасты қатты зеңбілге немесе қалқанға шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп астына үлкен валик салады. Осындай «бақа» қалпында ауруханаға жеткізеді.
Диагностика. Омыртқа бағанының ренгенографиясы, КТ, УДЗ, ректальді зерттеу.
Емі. Қалқанға «бақа» тәріздес қалыпқа 3-4 апта жатқызу, немесе хирургиялық операция. Екінші топтағы сынықтарында адамды гамакқа жатқызып және қаңқадан сан сүйекті тартып қояды.
Жамбас сүйектерінің асқынған сынықтары. Жамбас сүйектерінің асқынған кезінде қуық зәрағар және тік ішек жарақаттанып қалу мүмкін, қынап жыртылу мүмкін. Омыртқа бағанасы және жамбас жарақаттарымен ауырғандарды күтудің ерекшелігі. Ойылудың алдын алу, емдік гимнастика, тыныс гимнастикасы, валиктерді, қапшықтарды, резеңке шеңберлері қолдану, физио ем. Зәр шығуы бұзылғанда қуықты катетерлеу немесе цистостома салу. Аптасына 2-3 рет тазартқыш клизма істеу. Дұрыс тамақтану. Массаж.
Жамбас сүйектері сынғанда көрсетілетін шұғыл көмек.
Мақсаты: Жарақаттық шоктың алдын алуы, транспорттық бекіту.
Көрсеткіші: Жамбас сүйектерінің сынуы, жамбас қуысындағы мүшелердің зақымы.
Ресурстар: Қатты зембіл, 30см биіктігі бар валик, орамал немесе ақ жайманың ұзын бөлігі, 2мл 2% промедол ер-сі.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты қарап, тыныштандыр.
2.Жамбас сүйектері сынғанына көзді жеткіз.
3.Манипуляция барысын түсіндір.
4.Қолды спиртпен өңдеп резеңке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сеімін бас – 2мл 2% промедол ер-ң б/е енгіз.
6. Науқастың омыртқа бағанасын майыстырмай, төрт адам бірдей, абайлап қатты зембілге немесе қалқаңға жатқызады.
7.Науқастың аяғын тізе буынында бүгіп, арасын ашып қой.
8.Тізе астына валик сал. («Бақа тәріздес қалып»).
9.Науқастың тізелерін орамалмен немесе ақ жайма бөлігімен валикке мықты қылып байлап, қой.
10. К/т 500мл полиглюкин ер-ң тамшылатып енгізу, кордиамин 2 мл к/т.
11. ҚҚ, тамыр соғысын, тынысын жол бойы бақылау.
12. Травматология бөлімшесіне тасымалдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет