Тақырып: Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері. Ежелгі шығыс философиясы


Философияның адам мен қоғам өміріндегі орыны аса зор



бет3/6
Дата11.09.2023
өлшемі36.56 Kb.
#477132
1   2   3   4   5   6
1 lektsia

Философияның адам мен қоғам өміріндегі орыны аса зор:

  1. Философия жеке адамның әсіресе жоғарғы оқу орнында білім алушы маманның тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

  2. Философия адамға өмірлік бағыт- бағдар береді.

  3. Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тигізеді

Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі-ол өзінің өткенін ешкашан жоққа шығармайды, керісінше оны саралап өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзкарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинакталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік менін көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар.философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар аркылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола туседі.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп- дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін олар теориялық деңгейінде зерттеп қана қоймай іш жөнінде ұстанған парыз, әділеттілік, ейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес басқаларға да қызмет ете білу жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және т.б. моральдік принциптерді танып білу оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруда мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну, индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия – рухтың жоғарғы еркіндігі саласы жіне философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі – философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған , маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған мәңгілік мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скепттицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субект тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе әсіресе кішкентаіынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өту керек.Қорқату тиым салу арқылы ғана емес саналы еркіндіктің көмегімен ған қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады.Әрине абсалюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамға өзі өмір сүріп отырған орта – табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы өзінің осы жүйеде алатын орыны, өмірі өмірлік мақсат міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін адамның көзқарасын қалыртастыратын сонымен қатар практикалық сипатқа ие қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет