Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#136138
1   2   3   4

Салықтық заң бұзушылықтар туралы айта отырып, олардың белгілі бір кері нәтижелермен байланысты екенін ескерген жөн. Мұндай заң бұзушылықтар көп жағдайда салық төлеушінің бухгалтерлік және салықтық есеп жүйесіне тікелей байланысты болып келеді. Сол себепті теориялық және практикалық жетістіктерге сүйене отырып, бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу тәртібіне түзетулер енгізу қажет.

Айта кету керек, әлемнің көптеген мемлекеттерінде әр уақытта салық төлеуден жалтару мәселесі көптеп кездеседі. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері дәлел бола алады. Атап айтар болсақ, шет елдерде салықтан бас тарту мынадай үш түрге бөлінеді:


  • заңды – мұндай салықтан жалтарудың мәні заңның әлсіз жерлерін қолдана отырып салықтық міндеттемелерді барынша азайту құралдары мен әдістерін қолдану мүмкіндігінің болуына келіп тіреледі;

  • заңсыз – бұл салықтық міндеттемелерді заңсыз жолдармен төмендету болып табылады: салық төлеудің мерзімін кешіктіру; салықтық жеңілдіктерді және преференцияларды заңсыз қолдану; табыстарды жасыру; салық объектісінің есебін жүргізбеу.

Осыған байланысты дамыған шет елдерде салықтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларға басты көңіл бөлінеді, өйткені дәл осы жағдай салық төлеушінің салықтан жалтару ықтималдығы мен мүмкіндігіні төмендетеді. Осыдан келе, біздің жағдайымызда да шет елдердің оң нәтижелі тәжірибесін қолдану, салық жүйесінің фискалдық сипатын барынша төмендету қажет. Бұл мәселеде тек мемлекет тарапынан шараларға ғана көңіл бөлмей, қоғамымыздағы салықтық мәдениетті және этиканы көтеру мәселесін де ескеру керек. /14/

1.3. Салықтық әкімшілік салықтан жалтаруды реттеудің құралы ретінде


Салықтық тексерулер, салықтық бақылаудың негізгі формасы ретінде, есептік мәліметтердің нақтылығын анықтау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің, уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Салықтық тексерулерді жүргізумен қатар салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтеру мақсаты да жүзеге асырылады.

Әрбір салық комитетінде құжаттық тексерулерді жүргізу жөніндегі жоспар болады және оның тәртібі ҚР Салық кодексімен анықталады.

Салық органдары тексерулер барысында дұрыс шешімдер қабылдау үшін (соның ішінде салық төлеушілер үшін қолайлы шешімдерді де) үшін қажетті барлық маңызды жағдайларды анықтаулары тиіс. Салық төлеушілерден іске қатысы бар барлық құжаттарды қабылдауы, барлық түсініктемелер мен мәліметтерді жинауы тиіс. Салық төлеуші тексеру барысында іске қатысы бар деген қандай-да бір құжаттарды тексеру туралы талап қоя алады. Тексеруден кейінгі құжаттар мен түсініктемелер есепке алынбайды.

Мұндай мәселелердің себебі, әдетте, кәсіпорындардың материалдық жауапты тұлғаларының және басшыларының жауапкерсіздігі, Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасын төмен деңгейде білуі болып табылады. /15/

Салық органдарының жұмысында салық төлеушінің көрсетілген мекен-жай бойынша орналаспауы да үлкен мәселелер туындатады. Бұл, ең алдымен, бір күндік фирмалар пайда болып, аталған мекен-жайда салықтық есепке тұру үшін ғана орналасады.

Қазіргі кездегі салық органдарының және салық төлеушілердің арасында салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында пайда болатын негізгі мәселелердің бірі – салықтық тексерулерді жүргізудің тәртібін заң жүзінде жеткіліксіз регламенттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулер құжаттық және рейдтік болып бөлінеді. Өз кезегінде, құжаттық тексерулер кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулер болып бөлінеді (ішкі түрлер).

Кешенді тексеру деп салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын тексеруді айтады. /16/

Кешенді тексерумен салыстырғанда, тақырыптық тексерулер жекелеген салықтардың түрлеріне немесе басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне қатысты, мысалға, қосылған құн салығына қатысты, жүргізіледі.

Қарсы тексерулер, егер де салық органы тексеру жүргізген кезде салық төлеушінің салықтық есебіндегі операциялардың дұрыстығын анықтау үшін осы салық төлеушімен байланысты үшінші тұлғалардан қосымша ақпараттар алудың қажеттілілігі туындаған жағдайда жүргізіледі. Қарапайым тілмен айтар болсақ, егер тексеру барысында бір компания қандай-да бір тауарларды екінші бір компаниядан сатып алғанын айтса, онда салық органдары аталған екінші компанияда осы операциялардың есепке алынғанын тексеруге құқығы бар. Бұл жағдайда мәміленің мерзімі, сатып алынған тауарлардың бағасы мен көлемі, мәміленің жалпы сомасы тексеруге алынады.

Рейдтік тексерулерге келетін болсақ, онда мұндай тексерулерді салық органдары жекелеген салық төлеушілердің салықтық заңнаманың талаптарын қадағалауы жөніндегі сұрақтар бойынша жүргізеді, атап айтар болсақ: салық төлеушінің салық органдарында салықтық тіркеу есебіне тұруы; фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолданудың дұрыстығын, лицензияның немесе басқа да рұқсат беруші құжаттардың бар болуын; акциздік тауарларды өндіру, сақтау және сату ережелерінің қадағалануын; хронометраждық зерттеулерді жүргізу тәртібін. /17/

Құжаттық тексерулер қандай-да бір жекелеген кәсіпкердің қызметін тексерумен байланысты болса, рейдтік тексерулер бір мезгілде бірнеше шаруашылық субъектілеріне қатысты жүргізіледі (мысалға, бір мезгілде бір көшеде, бір мөлтекауданда орналасқан салық төлеушілерді тексеру, немесе бірден бірнеше түнгі клубтарды тексеру секілді).

Кешенді салықтық тексерулер жылына бір реттен артық жүргізілмеу керек деп бекітілсе, тақырыптық тексерулер жарты жылда бір реттен артық жүргізілмеу керек, және бір ған салық түрі бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, Салық кодексі жоғарыда аталған тексерулерді жүргізу кезеңдері жүргізілмейтін жағдайлардың қатаң шектелген тізімін келтіреді, мысалға, салық төлеушінің мүдделеріне сәйкес оның артық төленген қосылған құн салығын қайтарып беру жөніндегі арызын тексеру.

Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі осы тексеруді жүргізу жөніндегі шешім қабылданғаннан күннен бастап 30 күн шеңберінен аспауы тиіс.

Салықтық тексеру мерзімі біткеннен кейін жоғары тұрған салық органының тиісті шешімі болмаса, салық төлеуші салық органының лауазымды тұлғаларын қайта тексеруге жібермеуге құқылы.

Салық кодексі салықтық тексерулерді жүргізу процесінің тәртібін регламенттейді. Оған сәйкес салықтық тексерудің қатысушылары келесідей болып табылады: салық органдарының құзіретті тұлғалары және салық төлеушінің өзі. /18/

Қазіргі кездегі салықтық тексерулердің түрлеріне камералық тексерулер де жатады. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес камералық тексерулер салықтық бақылаудың жеке формасы ретінде қарастырылады.

Салық кодексіне сәйкес, камералық тексеру деп салық төлеушінің ұсынған салықтық есебін және басқа да құжаттарын зерттеу және талдау негізінде салық органының тікелей жүргізетін тексеруін айтамыз. Камералық тексеру тікелей салық органының орналасқан жерінде жүзеге асырылады.

Салық органы салық төлеушінің есептік және басқа да құжаттарында қателіктер тапқан жағдайда салық төлеушіге аталған қателіктерді түзету туралы ескерту жіберіледі. /19/

Құжаттық және камералық тексерулердің салыстырмалы сипаттамалары 2 кестеде берілген.


2 кесте – Камералық және құжаттық тексерулердің артықшылықтары мен кемшіліктері


Тексеру түрі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Камералық тексеру

- салық органының орналасқан жеріне қарай ұсынылған ақпа-раттар негізінде барлық бухгал-терлік есептерді және есеп айырысуларды тексеру;

- ірі елді-мекендерде тексеруді жүргізудің қиындығы;

- үлкен уақыт шығындары және көптеген салықтық есептеулер;

- салық төлеушінің түрлі мәлімет-терді салық органдарына уақы-тында ұсыну тәртібін тексеру (ағымды аванстық төлемдер және басқа да құжаттар).

- жекелеген есептеулердің анықталмағандығы және қарама-қайшылығы және бастапқы құжаттар негізінде түсініктемелерді қажет етуі.

Құжаттық тексеру

- алдын-ала құрылған жоспар немесе қандай-да бір өзгерістер бойынша тексеру;

- көптеген объективті және субъективті факторларға тәуелділігі;

- есептің жағдайын субъективті бағалау мүмкіндігі;

- салық жұмысшылары мен кәсіпорын басшылары арасындағы сөз байлаулар;

- есеп жүргізудегі және салықтық есептеулердегі қателіктерді болашақта жою мүмкіндігі;

- тексерушінің біліктілігінің жетіспеушілігі, заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды білмеуі

- нақты себеп-салдарлы байла-ныстарды анықтау

- әрі қарай қателіктерді болдырмас үшін тексеру актінде нақты заң бұзушылықтарды көрсету.

- салықтық заңнаманың жекелеген ережелерін салық төлеушіге түсіндіре алмауы

Ақпарат көзі: Сейдахметова Ф.С. «Налоги в Казахстане», Алматы – 2002, 21-бет
Салықтық тексерулердің мерзімін бұзумен байланысты қандай-да бір даулардың орын алмауы үшін заң жүзінде салықтық тексеруді жүргізудің басталу кезеңі анықталған. Тексеруді бастау мерзімі деп салық төлеушіге ұсынылған салықтық тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың берілген күні есептеледі.

Сонымен қатар, салықтық тексеруді жүргізбес бұрын салық органдарының құзіретті тұлғалары салық төлеушіге өздерігің қызметтік куәліктерін көрсетулері тиіс. /20,21/

Салық төлеуші салықтық тексеруді жүзеге асырушы тұлғаларды табыстарды немесе салық салу объектілерін анықтау үшін шаруашылық территориясына немесе ғимараттар мен қоймаларға жіберуге міндетті болып табылады.

Салықтық тексеру біткеннен кейін салық органының құзіретті тұлғасы салықтық тексеру актін дайындайды, мұнда Салық кодексінде қарастырылған қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Салықтық тексерудің біткен күні болып салықтық тексерушінің салық төлеушіге салықтық тексеру актін берген күні есептеледі.

Салықтық тексерудің нәтижесінде ешқандай салықтық заң бұзушылықтар анықталмаған болса, онда бұл туралы салықтық тексеру актінде тиісті белгілер жазылады. /22, 23/

Салықтық тексеру актін салықтық тексеруді жүргізген салық органының құзіретті тұлғаларымен бекітіледі, және салықтық тексерулер мен ескертулер журналында тіркеледі, номерленеді және салық органының мөрімен бекітіледі. Салықтық тексеру актінің бір данасы салық төлеушіде қалуы тиіс.

Салықтық тексеру біткеннен кейін анықталған нәтижелердің негізінде салықтық тексеру актінде салық төлеушінің бюджет алдындағы міндеттемелері мен қарыздары туралы айтылып, салық төлеушіге жіберіледі. Мұнда салық төлеудің қажеттілігі мен мерзімдері көрсетіледі. Егер де салықтық тексеру нәтижесінде ешқандай салықтық заң бұзушылықтар анықталмаса, салықтық тексеру нәтижелері бойынша мұндай ескертулер жасалмайды. /24/

Қорытындылай келе айта кету керек, салықтық әкімшіліктің және салықтық бақылаудың маңызды құралы бола отырып, салықтық тексерулер көптеген жағдайларда салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қатынастарда өзара «есептесу» болып табылады. Дәл осы салықтық тексерулердің нәтижесінде салық төлеуші тарапынан салықтық міндеттемелерді орындау барысында ешқандай заң бұзушылықтардың болмағанын немесе мұндай әрекеттердің болғанын және тиісті санкцияларды қолданудың қажеттілігі туралы салық органдары қорытынды шығарады.

Бірінші жағдайда әділетті салық төлеуші мемлекет тарапынан өзіндік «жылы лебіздерге» ие болады және болашақта салықтық тексеруге негіздердің де аз болатыны анық. Екінші жағдайда әділетсіз салық төлеуші үшін салықтық тексерулер оның болашақ қызметінде де жиі орын алуы мүмкін, өйткені салық органдары аталған субъектінің қызметін жіті бақылауға алатын болады. /25, 26/

II. САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ

ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


2.1. Қордай ауданы бойынша жалпы салықтық түсімдерді талдау
Нарықтық экономика жағдайларында түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысын арттыруды және жекелеген шаруашылық субъектілерінің дамуын және жалпы экономиканың дамуын қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды болып табылады. Кәсіпкерліктің және мемлекеттің дамуына ықпал ету құралдарының ішінде, маңызды рольді, сөз жоқ, салықтар атқарады. Кез-келген мемлекеттің нарықтық дамуы экономиканың барлық жақтарын реттеу құралы ретінде салық саясатын кеңінен қолдануды қажет етеді.

Салық, бұл күндері, қаржы саясатының өзекті бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың белсенділігін ынталандыру немесе шектеу үшін маңызды құрал болып табылады. Кәсіпорындардың және олардың орналасқан аймақтардың дамуына, бірінші кезекте айтарлықтай әсер ететін, бұл тікелей салықтар, солардың ішінде табыс салығы болып табылады. /26/

Қордай ауданы әлі күнге дейін Жамбыл облысының жергілікті бюджетін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін кіріс көздерімен қамтамасыз етуде өзіндік ролін атқарып келеді. Бұған оның бүкіл Жамбыл облысы бойынша бюджеттік түсімдердің 27% құрайтыны дәлел бола алады.

Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша салық комитеті жергілікті және республикалық бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз етуді міндет тұтатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Ол мемлекеттік табыстарды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыруға құзіретті. /27/

Комитет өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік-құқықтық актілерін және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Мемлекеттік табыстар Министрлігінің және басқа да құжаттарды жетекшілікке алады. /28/

Салық комитетінің басты міндеттері мыналар болып табылады:



  • мемлекеттік бюджетке түсімдерді және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салықтық заңнаманың және басқа да заңнамалық актілердің негізінде барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

  • бюджетке міндетті салықтардың, алымдардың және басқа да төлемдердің төленбеуімен байланысты, немесе табыстарды жасыру немесе азайту, заңды немесе жеке тұлғалар тарапынан салық салу объектісін жасыру мақсатындағы әрекеттерді, салықтарды төлеуден басқаша жалтару жағдайларын анықтау; аталған жағдайлар бойынша салықтарды өндіріп алу шараларын және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

  • салық төлеушілерге олардың міндеттерін және құқықтарын уақытында түсіндіру;

  • салық төлеушілерді салықтық заңнамадағы және салық салу бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы уақытында хабардар ету.

Өзіне жүктелген жоғарыдағы міндеттерге сәйкес Комитет мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • салықтардың, алымдардың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің түсуін және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салықтық және басқа да заңнамалық актілердің қадағалануын бақылау;

  • салықтардың, алымдардың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің түсуін және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салықтық және басқа да заңнамалық актілерді бұзу туралы арыздарды, хабарламаларды және басқа да ақпараттарды тексеру;

  • салықтардың, алымдардың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің түсуін және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салықтық және басқа да заңнамалық актілерді қолдану бойынша салық төлеушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

  • қарама-қайшылықтар актілерін және салық төлеушілердің арыздарын қарастыру, олардың есебін жүргізу;

  • заң бұзушылықтарды талдау және бағалау, салықтық заң бұзушылықтар мен қылмыстардың себептерін және шарттарын жоюға байланысты тиісті кеңестер беру;

  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы бекітілген тәртіп бойынша есеп ұсыну;

  • төмен тұрған салық органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

  • әрбір салық төлеуші бойынша шоттар ашу және жүргізу;

  • мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу. /27/

Қордай ауданы бойынша салық комитетінің салықтарды және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді жинау бойынша жұмыстарының нәтижесі 3 кестеде келтірілген. /29/
3 кесте – Қордай ауданы бойынша бюджетке салықтар және басқа да төлемдер бойынша кірістерді талдау, мың теңге


Көрсеткіштер

Код

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

1

2

3

4

5

Жергілікті бюджеттің кірістері

Заңды тұлғалардың табыс салығы

1

77936,8

191677,9

194498,2

Әлеуметтік салық

2

116621,2

141479,8

159442,9

Жеке тұлғалардың табыс салығы

3

38465,0

53827,9

55859,8

Кәсіпкерлердің табыс салығы

4

2729,7

1394,5

792,6

Заңды тұлғалардың мүлік салығы

5

15163,4

14257,5

13231,6

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

6

691,8

655,2

696,6

Жер салығы

8

45492,1

31404,0

39906,1

Заңды тұлғалардың көлік құралдары салығы

10

2334,4

3533,7

3811,9

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы

11

3325,1

6056,5

5502,0

Біртұтас жер салығы










38,7

Акциздер

19

164,8

960,7

1571,3

Жер учаскелерін сатудан түскін кірістер

23










Су үшін төлемдер

26

2190,8

2218,3

1966,1

Жеке тұлғаларды тіркеуден алымдар

30

625,9

785,9

232,9

Лицензиялық алымдар

31

710,0

595,9

214,8

Заңды тұлғаларды тірекеуден алымдар

32

206,9

74,3

20,4

Акциондардан алымдар

39




32,4

20,4

ҚР нарықтарында тауар сатқаны үшін алымдар

40

1482,9

1401,9

1186,6

Жер құқығын сатып алу

76

1138,3

1857,5

1266,9

Мемлекеттік баж

77

1988,3

621,3

773,1

Арендалық төлемдер

78

189,7

359,7

555,7

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер

80

6085,1

9652,7

10336,0

Әкімшілік санкциялар мен айыппұлдар

81







1206,8

Коммуналдық меншікті жекешелендіру

88

3328,3







Жергілікті бюджетке салықтық емес төлемдер

96

2476,5

2267,7

3100,4

Барлығы жергілікті бюджет бойынша




323347,0

465115,3

496231,8

3 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Республикалық бюджеттің кірістері

Заңды тұлғалардың табыс салығы

1

77936,9

191678,0

194498,3

Қосылған құн салығы

14

58440,5

84899,5

45682,5

Дивидендтер

70

43,3







Акциздер

19

4731,7

5442,3

5331,9

Паспорт бергені үшін төлемдер

23







3031,7

Жер қойнауын қорғау қоры (роялти)

28

16640,8

58,4

1303,3

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер

80

6085,1

9652,7

10336,0

Мемлекеттік мүлікті сатудан түсімдер

83







15,2

Әлеуметтік салық

84

1916,7

32887,6




Салықтық емес түсімдер

95

1888,7

3576,8

608,8

Барлығы Республикалық бюджет бойынша




167683,7

328195,3

260807,7

ЖАЛПЫ бюджет бойынша




491030,7

793310,6

757039,5

Ақпарат көзі: Қордай ауданы бойынша салық комитетінің есебі (Н1 және Н2)
3 кестеден байқайтынымыз, 2005 жылы бюджетке 757 039,5 мың теңге түскен, яғни бір оперативті жұмысшыға келеті ауыртпалық 31 543,3 мың теңнегі құраған.

Аталған жылы бюджеттің табыс бөлігінің орындалуы124,8% құраған, яғни болжам бойынша салықтық түсімдер мен басқа да төлемдер 635703,0 мың теңге болса, нақты іс жүзінде 793 145,8 мың теңге бюджетке түскен (республикалық бюджеттің болжамы 241 61,0 – мың теңге, нақты – 328 138,9 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша болжама 394 342,0 мың теңге, нақты – 465 006,9 мың теңге).

Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 302 115,1 мың теңгеге, немесе 1,6 есе артан, сәйкесінше жергілікті бюджетке түсімдер 141 659,9 мың теңгеге, немесе 1,4 есе, ал республикалық бюджетке – 160 455,2 мың теңге, немесе 1,9 есе артқан.

2006 жылдын 1 қаңтарындағы есеп бойынша бюджеттің табыстар бөлігінің жоспардан артық орындалуы аймақтағы ірі кәсіпорындардан түскен салықтардың есебінен болып отыр. Мысалға, «Қаратау Кен» АҚ тау кен өндіріс кешені бойынша 419831,6 мың теңге көлемінде, немесе барлық түсімдердің 52,9% мөлшерінде кіріс түскен. Қордай энергия кешені бойынша 206 617,4 мың теңге, немесе барлық түсімдердің мөлшерінде13,4%, ал «Алтын Диірмен» АҚ бойынша 139 912,1 мың теңге, немесе жалпы түсімдердің 17,6% мөлшерінде кірістер түскен.

Өткен кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда корпоративтік табыс салығы бойынша бюджет кірістерінің өсуі бірінші кезекте жоғарыда аталған үш компанияның салық салынатын табыстарының өсуі нәтижесінде болып отыр.

Бюджетке түсімдерді талдай отырып, және әрбір салық түрі бойынша түсімдерді жеке қарастыра отырып, 2001-2005 жылдар ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 7 7936,8 мың теңгеден 194 498,2 мың теңгеге дейін, жеке табыс салығының 38 465,0 мың теңгеден 5 5859,8 мың теңгеге дейін ұлғайғанын байқауға болады.

Әлеуметтік салық бойынша түсімдер аталған кезеңде 116 621,2 мың теңгеден мың 159 442,9 теңгеге дейін, акциздер бойынша бюджеттік табыстар 164,8 мың теңгеден 1 571,3 мың теңгеге дейін артқан. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша да салықтық түсімдердің біршама болса да артқанын (691,8 мың теңгеден 696,0 мың теңгеге дейін) байқауға болады.

2.2. Салықтық заң бұзушылықтарды және салықтан жалтаруды талдау


Салықтық заң бұзушылықтарды және салықтан жалтару жағдайларын бақылау жұмыстарын Қорда ауданы бойынша Салық комиететінде оның Салықтық аудит және Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімшелері жүзеге асырады.

Салықтық аудит бөлімінің басты міндеттеріне мыналар жатады: салық комитетіне ұсынылған декларациялардың және есептеулердің дұрыстығын құжаттық тексеру, салықтардың дұрыс есептелуін, уақтылы және толық төленуін тексеру, сондай-ақ салықтық қарыздарды өндіріп алу жұмыстары бойынша Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімімен бірігіп жұмыс жасау болып табылады. Өзінің құрамында бөлім құрылымдық бөлімше құқығында екі секторды қамтиды: заңды тұлғалар бойынша салықтық аудит секторы және жеке тұлғалар бойынша салықтық аудит секторы.

Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің негізгі міндеттері мыналар:


  1. салық төлеушілердің бюджет алдындағы қарыздарын талдау;

  2. салық төлеушілердің және оның дебиторларының шоттарын басқаруға талаптарды уақытында ұсыну және оны бақылау;

  3. бюджет алдындағы қарызгерлердің банктік шоттарындағы қаражаттардыңы қозғалысын бақылау;

  4. салықтық заң бұзушылықты тоқтату және жою мақсатында қылмыстық белгісі бар салықтық заң бұзушылықтар бар салықтық тексерулердің нәтижелері туралы салық төлеушілердің материалдарын салық полициясына ұсыну;

  5. жойылатын кәсіпорындар бойынша мәліметтер жинау, оларды тиісті шешімдер қабылдау үшін «Салық төлеушілермен жұмыс жасау бойынша бөлімге» беру;

  6. тіркеуге тұрмаған және декларацияларды өткізбеген салық төлеушілер бойынша тиісті материалдар жинау, олар бойынша шаралар қолдану, мәліметтерді қажет жағдайларда салық полициясына беру. /27/

Қордай ауданы бойынша салық төлеушілерді есепке тіреуге алу бойынша бөлімінің мәліметтері негізінде талдау жұмыстары 4 кестеде берілген. /29/
4 кесте – Қордай ауданы бойынша 2003-2005 жылдары есепке тұрған салық төлеушілердің саны



Салық төлеушілер

01.01.2003ж.

01.01.2004ж.

01.01.2005ж.

Заңды тұлғалар

181

230

235

Қожа шаруашылықтары

13

21

30

Куәлік бойынша қызмет ететін жеке тұлғалар

8

16

13

Патент бойынша қызмет ететін жеке тұлғалар

220

330

344

БАРЛЫҒЫ

422

576

622

Ақпарат көзі: Қордай ауданы бойынша салық комитетінің есебі (Н1 және Н2)

4 кестеден байқағанымыздай, 2005 жылдың 1 қаңтарында Қордай ауданы бойынша 235 кәсіпорын, соның ішінде 155 коммерциялылқ заңды тұлға, 29 бюджеттік ұйымдар, 30 филиалдар, 21 қоғамдық бірлестіктер тіркелген. Бұған қоса есепке кәсіпкерлікпен айналысатын 357 жеке тұлға және ауыл шаруашылығымен айналысатын 30 қожа шаруашылығы алынған.

Осылайша, соңғы жылдары тіркеуге алынған салық төлеушілердің саны артып келеді. Бұл жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, бірінші кезекте патент негізінде, жеке тұлғалардың көбеюімен түсіндіріледі. Жалпы 2006 жылдың 1 қаңтарында корпоративтік табыс салығы бойынша 145 кәсіпорын есепке тұрған, солардың ішінде салық төлеуге тартылғандары 64 кәсіпорын бар.

Есепті 2005 жыл бойына жалпы құжаттық тексеруге 21 кәсіпорын алынған, олардың салмақ үлесі жалпы салық төлеушілердің 10,2% және салық төлеуге тартылған кәсіпорындардың 27,3% құраған.

Тексеруге алынған аталған кәсіпорындардың ішінен 10 кәсіпорында салықтық заң бұзушылықтар анықталып, 4163,3 мың теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы және өсімпұлдар қосылған, соның ішінде 1394,2 мың теңге сома немесе 33,5 % табыс салығы қосылып, 1384,7 мың теңге сомасы өндіріліп алынған, 246,3 мың теңге өсімпұл қосылып, 9,5 мың теңге өндіріліп алынған. Тексеру нәтижесінде шегерілген шығындардың сомасы 3607,3 мың теңгені құраға.

Жағдайды барынша толық көрсету үшін Қордай ауданы бойынша салық комитетінің мәліметтері негізінде экономика салалары бойынша салық төлеушілердің саны мен салықтық тексерулердің нәтижелері жөніндегі сұрақтарға қатысты мысалдар келтірелік.

«Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 2 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде бір кәсіпорын салық төлеуге тартылған, тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Тау кен өңдеу өнеркәсібі». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 10 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 8 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Солардың ішінде екі кәсіпорында тексеру жүргізіліп (жалпы кәсіпорындардың 20%), екі кәсіпорында да заң бұзушылық жағдайлары анықталған («Шарықтас» ЖШС және «Алатау Мрамор» ЖШС).

«Алатау Мрамор» ЖШС тексеру актісі бойынша 339,9 мың теңге қосылған, соның ішінде 331,0 мың теңге салық, мың теңге 8,9 өсімпұл, барлық қосылған сома өндіріліп алынған.

«Өңдеуші өнеркәсіп». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 28 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 24 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Аталған саладағы алты кәсіпорында салықтық тексерулер жүргізіліп, төрт кәсіпорында салықтық заң бұзушылық анықталған. Қосылған салықтар 663,8 мың теңгені, өсімпұлдар 4,2 тыс. мың теңгені, жалпы қосылған сома 668,0 мың теңгені құраған («Жупар и К» ЖШС – 1551,6 мың теңге, «Ниль» ЖШС фирмасы – 1130,7 мың теңге және «Аз» ЖШС фирмасы – 49,8 мың теңге). Шегерілген шығындар сомасы 2732,1 мың теңгені құрап отыр («Жупар и К» кәсіпорнында).

«Электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 4 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексерулер барлық кәсіпорындарда жүргізіліп, бір салық төлеушіде заң бұзушылық анықталған және шығындар сомасы 139,4 мың теңгеге азайтылған.

«Құрылыс». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 4 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Аталған салада салықтық тексерулер жұмыстары жүргізілмеген.

«Сауда, автокөліктерді және бұйымдарды жөндеу». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 25 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 11 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексеру жұмыстары 6 кәсіпорында жүргізіліп, 2 соның ішінде кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 2916,9 мың теңге салық, 232,6 мың теңге өсімпұл, жалпы 3149,5 мың теңге сома қосылған, сондай-ақ 1,3 мың теңге шығындар азайтылған.

«Мейрамханалар және қонақүйлер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 2 кәсіпорын тіркелген, екі кәсіпорын да салық төлеуге тартылған, тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Көлік және байланыс». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 5 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Жылжымайтын мүлікпен операциялар, аренда және қызметтер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 29 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 24 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салық төлеушілер мен салық төлеуге тартылған кәсіпорындар арасындағы ауытқулардың себебі мынада: бір кәсіпорын өз қызметін есепті жылы жаңадан бастаған, бір кәсіпорын бұрынғы медициналық қызмет көрсету саласынан ауысқан және қайта тіркеуден өткен, үш кәсіпорын салық есебінен шыққан. Тексеру жұмыстары үш кәсіпорында жүргізілгенімен, заң бұзушылықтар анықталмай шығып отыр.

«Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 27 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 2 кәсіпорын салық төлеуге тартылған, бір кәсіпорында тексеру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

«Кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) – заңды тұлғалар. Жалпы заңды тұлғалардың ішінде корпоративтік табыс салығын төлеуші 89 шағын кәсіпорындар бар, соларды ішінде 46 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексерулер 13 шағын және орта кәсіпорындарда жүргізіліп, 6 кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталған және 3149,5 мың теңге сома қосылған, 1048,4 мың теңге өндіріліп алынған, соның ішінде 2916,9 мың теңге салықтарды, 232,6 мың теңге өсімпұлдарды қамтиды, азайтылған шығындар сомасы 1,3 мың теңгені құрайды.



Қордай ауданы бойынша салық комитетінің салық жинау бөлімінің жұмысын талдау нәтижелері 5 кестеде және 1 суретте берілген. /29/
5 кесте – Қордай ауданы бойынша салық комитетінің салық жинау бөлімінің жұмысын талдау, мың теңге


Көрсеткіштер

2004

2005

Ауытқулар, +/-




1

2

3

4




1.Бюджетке қарыз салық төлеушілердің жалпы саны

44

8 141,0

+8097,0




Соның ішінде заңды тұлғалар

44

42

-2




Бюджетке қарыздың жалпы сомасы

84558,9

58 708,5

-25850,4




Соның ішінде: 1) негізгі төлем, соның ішінде:

47122,4

35 495,0

-11627,5




Корпоративтік табыс салығы

6070,8

3289,1

-2781,7




2) өсімпұлдар

30530,6

19 164,7

-11365,9




3) айыппұлдар

6905,9

4 048,8

-2857,1




2. Бюджетке қарызы бар жеке тұлғалар

0

8 099,0

8 099,0




Жеке тұлғалардың бюджетке қарыздарының жалпы сомасы (104102, 104302, 104402 кодтары бойынша)

0

5371,1

5371,1




Соның ішінде: 1) негізгі төлем

0

4 711,3

4 711,3




2) өсімпұлдар

0

659,8

659,8




3) айыппұлдар

0

0,0

0,0




3.Қызмет етпей тұрған қарыз салық төлеушілер саны

30

16

-14




Қызмет етпей тұрған ұйымдардың бюджетке қарызының жалпы сомасы

38708,0

4301,4

-34406,6




Соның ішінде: 1) негізгі төлем

24917,0

2 084,5

-22832,5




2) өсімпұлдар

11169,0

1 754,5

-9414,5




3) айыппұлдар

2622,0

462,4

-2159,6




4. Уақытынд орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары













Берілген ескертулердің сомасы

16

24

8




Қарыз сомасына

28484,0

21053,0

-7431,0




Банктік шоттар бойынша операцияларды тоқтату













- ескерту берілген қарыз салық төлеушілердің саны

0

2

2




- ескертулердің саны

0

2

2




- қарыздың сомасы

0

7 427,6

7427,6




Мүлікті пайдалану құқығын шектеу туралы шешімдер

4

2

-2




Мүліктің тізімі алынған қарызгер салық төлеушілер

4

2

-2




- қарыздың сомасы

4258,6

9 036,8

4778,2




5. Бюджет алдындағы қарызды мәжбүрлеп орындату шаралары













Берілген ескертулердің саны

18

50

32

Қарыз сомасына

50779,3

76060,4

25281,1

5 кестенің жалғасы










1

2

3

4

Салық төлеушінің банктік шоттарына жіберілген инкассолық ескертулер










- ескертулер саны

196

96,0

-100

- қарыздың сомасы

26712,5

18 698,3

-8014,2

- соның ішінде бюджетке өндіріп алу ескертулерінің саны

92

53,0

-39

- қарыздың сомасы

10236,4

10 100,3

-136,1

Қолма-қол ақшалар есебінен өндіріп алды










- қарызгерлердің саны

5

2,0

-3

- өндіріп алу актілері

18

12,0

-6

- қарыздың сомасы

372,6

175,0

-197,6

Салық төлеушілердің дебиторларына инкассолық ескертулер жіберілді










- қарыз сомасы туралы ескерту алған дебиторлар саны

6

2

4

- қарыздың сомасы

7672,3

2078,5

-5593,8

- инкассолық ескерту алған дебиторлар саны

2

0

-2

- ескертулер саны

2

0

-2

- қарыздың сомасы

356,6

0

-356,6

соның ішінде: негізгі төлем

13973,0

17679,1

3706,1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет