Танымдық психикалық үрдістер



бет21/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
стом

Ипохондриялық синдром— науқас өзінде жазылмайтын ауру бар деп ойлайтын ойлау патологиясы.
Тілдің шалдығуы (сөйлеудің бұзылулары)
Бас ми қан айналымының бұзылуларында көлемдік процестерде жиі кездеседі.
Сөйлеу жылдамдығына байланысты жылдам, көп және тез сөйлеу не баяуойлар болады, аз және баяу сөйлеу.
Үзілгендік (разорванность) - сөйлегенде логикалық байланыстың болмауы.
Толықтық (обстоятельность) - сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.
Өсиетшілдік (резонерство) - көп сөздің ішіндегі негізгі мәні түсіну қиындығы.
Афазия- сөйлеудің бұзылуы. Оның 3 түрі бар.
Моторлы афазия кезінде науқас басқалардың сөзін түсінеді бірақ өзі сөйлей алмайды.
Сенсорлы афазияда - науқас өзі сөйлейді, бірақ баскалардың сөзін түсінбейді.
Аралас афазияда - науқас сөйлей алмайды және басқалардың сөзін түсінбейді.
Аграфия - жазудың бұзылуы.
Алексия - оқудың бұзылуы
Акалькулия - есептің бұзылуы
6 Сана туралы жалпы түсінік

Сана психикасының дамуының ең жоғары сатысы


Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары коятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді кейбіреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмірі сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың «Шыбын - жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсіндіреді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Бүкіл табиғатты жанды деп қараған мұндай ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Ғалымдар ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сана барлық материяның жемісі емес екенін, тек ерекше үйымдасқан материяадам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы - аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткаларынан (нейрондардан) тұратын аппарат. Нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардқа жуық.
Адам миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ сыртқы тіршіліктің әсеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, ортаңғы және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашан да санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам миы орталық жүйке жүйесі арқылы туйсіктер арқылы келетін түрлі мәліметтерді қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сүраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген нақыл сөз, шамасы осы жағдайды аңғартатын болса керек.
Сонымен қатар сана мисыз әмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін - сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми - ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін мүше. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана - оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл - дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана -материядан мүлде өзгеше.
Сана белгілі бір дәрежеге - сана-сезімге айналады. Сана-сезім өзин-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет