Тарау І жердің негізгі сызықтары, жазықТЫҚтары туралы жалпы мәліметтер



бет4/5
Дата07.09.2022
өлшемі27.43 Kb.
#460353
1   2   3   4   5
05,09,

Материялық нүкте деп өлшемдері ескерілмей, белгілі массасы
бар нүкте ретінде қарастырылып зерттелетін дене айтылады.
Материялық нүктелердің кез келген жиынтығын материялық
нүктелер жүйесі деп атаймыз.
Материялық нүктелердің механикалық жүйесі деп əрбір
нүктесінің кеңістіктегі орны жəне қозғалысы оның өзге нүктелерінің
орындары мен қозғалыстарына тəуелді болатын материялық нүктелер
жүйесі аталады.
Абсолют қатты дене деп кез келген екі нүктесінің арақашық-
тығы өзгермейтін, яғни геометриялық пішінін өзгертпей сақтай
алатын денені айтады. Абсолют қатты ұғымы – абстракциялық
ұғым.
Механикада денелердің тепе-теңдігін, сонымен қатар оларға əсер
ететін бір күштер жүйесін басқа эквивалентті жүйемен алмастыруды
қарастыратын бөлімді статика деп атайды.
Статика деген сөз ( грек тілінде – statike) бір орында тұру,
қозғалмау, тыныштықта болу дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда,
статика, негізінен, екі мəселемен айналысады: біріншісі – заттық
объектілерге əсер ететін күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру;
екіншісі – заттық объектілерге əсер ететін күштер жүйесінің тепе-
теңдік шарттарын белгілеу. Сондықтан статиканы қысқаша күштер
туралы ғылым деп те атайды.
Күш. Табиғаттағы заттық денелер əрдайым өзара немесе қоршаған
ортамен əсерде болады. Күш деп денелердің өзара механикалық
əсерлерінің өлшемін атайды. Күнделікті тұрмыста, техника саласында
күштің денеге əсері оның шамасы (модулі), бағыты жəне түсу нүктесі
арқылы анықталатынын көреміз. Бұдан күшті векторлық шама деп
қарастыруға болатындығы шығады.
Күштер жүйесі. Қандай да бір денеге бір мезгілде əсер ететін
күштер жиынын күштер жүйесі деп атайды.
Күштер жүйесі дөңгелек жақшалар ішінде алынған күш вектор-
ларымен белгіленеді. Мысалы, F , F , , Fn  1 2  – n күштен тұратын
күштер жүйесі.
Əсер сызықтары əртүрлі жазықтықта жататын күштер жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет