Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері


Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері



бет3/3
Дата11.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#192001
1   2   3

3.1. Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады.

Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ.

Әр түрлі двигательдер үшін бензиннің бірнеше маркалары - ВАЗ 2106 автомобилі үшін АИ-98 бензиндері колданылады.

Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

Қоспадағы бензиннің - толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін.

Байытылғай қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады.

Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бүл коспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның қүрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады.

Кедей қоспаның құрамында 1 кг бензинге 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

Салқын двигательді іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді.

Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады.

Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.


3.2. Қоректендіру жүйесінің приборлары

Қоректендіру жүйесі сақтауға қолданылатын прибордан, отынды тазарту және оны беретін, ауа тазартатын және отын булары мен ауадан жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан тұрады. Мұндай приборларға (1-сурет): жанармай багы, сүзгі-тұндырғыш және насос, карбюратор, ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіштер кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.





1 сурет. ВАЗ 2106 автомобилінің жанармай багі

Жанармай багі - автомобильдің май құймай белгілі бір қашықтыққа жүруі үшін керекті бензин құятын ыдыс. Жанармай багі екі дәнекерленген болат металдан тұрады. Автомобильге керекті отын сақталады. Оны жүк автомобильдерінің кузовының астына, жеңіл автомобильдердің артқы жүк салғыштың астына резина төсем арқылы екі тартпамен рамаға бекітеді. Бактың аузы бумен ауа өткізбейтіндей клапанды тығынмен жабылады.



Отын сүзгі-тұндырғышы — отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазарту үшін керек. Оны жүк автомобильдерінің бензин багінің жанына рамаға бекітеді.

Жанармай насосы - отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек. Оны ВАЗ-2106 автомобилі двигателінің бөлгіш білігі жағнан картерге бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітеді.

Жанармай насосы – диафрагмалы типтьі, механикалық жетекті; цилиндр блогының сол жағында орналасқан, теплоизоляциялық проставкамен және реттеуші төсемде екі шпилькамен бекітілген. Жанармайды қолмен айдау рычагымен жабдықталған.



2-сурет. Жанармай насосы.

Карбюратор - бензин мен ауадан жанғыш қоспаны дайындау үшін керек. Ол двигательдің енгізу трубопроводына орналастырылған.

Қаралып отырған ВАЗ-2106 ауа сүзгісі – штампталған болат металдан тұрады. Ауа сүзгіші корпусы карбюратордың үстіңгі жағына 4 гайкалы болтпен бекітіледі. Карбюратор мен ауа сүзгішінің арасына резина төсем салынады. Ауа сүзгісінің қақпағы 3 гайкалы болтпен бекітіледі. Ауа сүзгішінің элементінің элементі арнайы қатырма қағаздан дайындалады.



3-сурет. Ауа сүзгісі.

Карбюратор. Жанғыш қоспаны дайыпдау процесін карбюрация, осы процесті іске асыратын приборды карбюратор деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш пульверизатор процесіне негізделген. Карбюратор қалтқысы бар қалтқылы камерадағы және инелі клапан мен араластырғыш камерадан тұрады. Араластырғыш камераның ішінде диффузор, жиклерлі бүріккіш және дроссель орналасқан (4-сурет). Қалтқылы камера – карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері мен қысымын бірқалыпта ұстау үшін керек. Отынның бетінде қалқып жүрген іші қуыс қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп тұрады. Қалтқылы камераны белгілі бір деңгейге дейін толтырғанда қалтқы инелі клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның бұдан әрі келу жолын бекітіп тастайды. Отынның деңгейі азайғанда





4 с у р е т. Карбюратор.

қалтқы мен инелі клапан төмен түсіп, қалтқылы камераның отын енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы камераның жоғарғы жағында атмосферамен жалғасып тұратын тесігі бар.

Араластырғыш камера - диффузордан дроссельге дейінгі карбюратор, келте трубасының бір бөлегі. Араластырғыш камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан калибрленген тесік-жиклер арқылы қалтқылы камерамен байланыстыратын түтік-бүріккші шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар заңына сәйксс бүрік-кіштегі отынпың деңгейІ қалтқылы камерадағымен біршамада болады. Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш камераның тартылған бөлігі - диффузорында орналасады. Карбюратордың араластырғыш камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп, клапан ашылған уақытта двигательдің цилиндрімен жалғасып отырады.

Енгізу тактісінде двигательдің цилиндрінде жанған газдың қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы араластырғыш камерасына одан әрі цилиндрге тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы онын, араласу камерасынын, ең тар жерінде (днффузор) бүріккіш тесігінің түбінде болады.

Қалтқылы (атмосфералық) және араластыргыш (газ қысымының сиреуі) камераларының ішіндегі қысым әр түрлі болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен ездігінен ағып шыққан жолында ауаның ағынымен араласып, бұлт тәрізді тұманданған белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға айналады. Цилиндрлерге кіретін жанғыш қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан басқарылатын дроссель жетегімен реттеліп отырады.

3.3. Қоректендіру жүйесінің ақаулары

Коректендіру жүйесі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қоспа сұйык немесе қою болып, осыған сай отын белгіленген нормадан артық жұмсалады. Сұйық қоспа карбюратордың немесе май жіберетін приборлардың ақауы болған жағдайда жасалынады. Двигатель сұйық қоспамен жұмыс істегенде карбюратор салдырлап соғады. Двигатель қызып кетеді, оның қуаты төмендейді. Мұның мәні мынада: сұйық қоспа баяу жанады, ол енгізу кақпақшасы ашылып болғанға дейін жанып үлгірмейді, осының салдарынан қоспа енгізу түтігінде және карбюраторда тұтанады. Сұйық қоспамен жұмыс істегенде двигатель қызып кетеді, қуатынан айрылады, сондықтан автомобильді жоғары жылдамдықпен жүргізуге мумкіндік болмайды, жанар май артық жұмсалады.Сұйық қоспа жасалуының себептері мыналар: ауа қақпакшасының май багы мойыншасының тығынында қисайып кетуі, май жүргізетін түтікшелер мен сүзгіш-тұндырғыштардың ластанып-бітелуі; май насосының ақаулы болуы, осы жағдайда майдың беріліп тұруы нашарлайды немесе ол мүлде тоқтап қалады. Бұл көбіне диафрагма дискілерінің зақымдануы, қақпақшалардың жымдаса жабылмауы, жетек рычагы ұшының желінуі, қалтқылы камерада май деңгейінің төмен болуы; жиклерлердің ластануы; карбюратор бөлшектері қосылмаларында, карбюратор фланецінің енгізу түтігімеп, енгізу түтігінің цилнндр ұршықтарымен жалғасатын орындарында ауаны сорылуы себепті орын алады.

Қою қоспа. Двигатель қою қоспамен жұмыс істеген жағдайда өшіргіштен қара бурыл түтін және мылтық атылғандағыдай дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ мерзім жұмыс істегенде двигательдің қуаты жойылады, қызып кетеді, жанар майды белгіленген мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы кабырғаларында және свеча электродтарында қара күйе пайда болады. Қою қоспа жзсалуының себептері мыналар: инелі қакпақшаның тығыз жымдасып жабылмауы себепті калтқылы камерада жанар май деңгейінің жоғарылап кетуі; инелі клапан белдеуінің бітеліп қалуы және жанар майдың салмағы неғұрлым жеңіл түрлерінің (сорттарының) пайдаланылуы; жиклер тесіктерінің желінуі; экономайзер клапан тығыз жабылмауы; ауа жапкышының ашылмауы. Жанар майдың жіберілуі пневматикалык жолмен тежеліп отыратын карбюраторларда ауа жиклердің ластануы салдарына қоспаның қоюланып кетуі кездеседі бұл жағдайда жиклерді үрлеп жіберу керек. Ластанылған түтіктер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады, ал сүзгіш-тұндырғыштар бөлшектеніп, таза жанар маймен шайып, жуылады. Қалтқылы камерадағы жанар майдың деңгейі өзгерсе, оны қалпына келтіру қажет, тесіктері желініп қалған жиклерлер алмастырылады, ал тесігі ластанып-бітелген жиклерлер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады. Егер ауа жапқышы толық ашылмаса, онда жетек тартқышының узындығын өзгертедіжәне тығыз жалғастырылмаудың салдарынан ауа сорылатын жағдайда бекіткіштің гайкаларын қатайта бұрау қажет, ал бүлінген төсемді алмастырады. Май насосындағы желінген диафрагма дискілерінің орнына жаңасы қойылады. Осындай ақау жол үстінде кездессе (уақытша шара ретінде) зақымы тұспа-тұс келмейтіндей етіліп дискілер орнынан қозғалтылады. Насостың тығыз жымдаспай тұрған клапандарын жуу, белдемені тазарту керек, бұдан пайда болмаса, клапандар ауыстырылады. Жетек рычагының сыртқы жақ ұшы желінсе, оны қалпына келтіру немесе алмастыру керек. Осындай ақау сапарға шыққанда кездессе, насос корпусы астындағы төсемнің орнына анағұрлым жұқа қағаз төсем салуға болады. Май багы мен май жүргізетін түтікшелердің зақымдануы, жалғастырғыштар мен карбюратор тығынының тығыз тартылмауы, сондай-ақ төсемдердің ақаулы болуы ссбепті жанар майдың ағып тұруы да қоректендіру жүйесінің кемістігі болып табылады. Бұл ақауларды жою жағын қарастыру керек, өйтпеген жағдайда отынның ысырап болуымсн қатар өрт шығу хаупі де туады. Осы ақаулар бак пен май түтікшелерінің тесілген жерін дәнекерлеу, жалғастырылатын жерлерді тартып, төсемдерді алмастыру арқылы жойылады. Май багы орнынан алынып, ішіне су толтырылғаннан кейін дәнекерленеді, өйткені бак жарылып кетуі мүмкін.


Қорытынды

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдаланылып тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, оқыту мен тәрбие үрдісінде өзгерістер енгізіп, олардың сапасын арттыруға бағытталады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек, қазіргі таңда оқытылатын пәндердің оқушылардың таңдайтын мамандығына қарай тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Сабақта кейстік оқыту технологиясын жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушының ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі. Қазіргі заман талабына сай жастарды автомобильдің жалпы құрылысымен және қызметімен таныстыру; пәннің жекелеген тарауларын оқытудың тиімді әдістерін қарастыру; пән бойынша оқушылардың техника-технологиялық білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да «Авто ісі» сабағында автомобильдердің қоректендіру жүйесі мен оған қажетті құрал-жабдықтар түрлеріне терең талдау жасауға және негізге алуға, икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға оқушыларды баулу мәселесі бүгінгі таңда басты назарға алынуда, сонымен қатар оқушылардың өз бетінеше инициативашылдықпен туындап отырған проблемалық ситуацияларды зерделу және шешім жасай білу практикалық іс әрекет дағдылары артады.


Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы”// Қазақстан, 1999ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқна Жолдауы: Бәсекеге қабілетті Қазақстан үін, бәсекеге қабілетті экономика үшн, бәсекеге қабілетті халық үшін //Егемен Қазақстан. Астана, №65-68, 2004 ж.

  3. Білім тұырымдамасы Үкіметтен қолдау тапты //Егемен Қазақстан, №42-45, 2004 ж.

  4. Әбиев Ж. Педагогика:Оқу құралы. –Алматы:Дарын, 2004.

  5. Бабанский Н. Выбор методов обучения в средней школе. -М.:Политиздат, 1982. -182 с.

  6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. -1989.

  7. Ескендиров Ш.З., Усенкулов Ж.А., Бакибаева Г.Б., Шертаев Е.Т.

  8. Методические рекомендации по составлению кейсов. –Шымкент, ЮКГУ, 2005. -25с.

  9. Лихачев В.М Педагогика. Курс лекции.-М.:Прометей,Юрайт,1998. -464с.

  10. Материалы Международной научно – теоретической конференции. Нурахметова А.Р. – Алматы- 2000. – С.84-86.

  11. Махмутов И.М. Организация проблемного обучения в школе. –М.,1980. -248с.

  12. Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин. Учеб.пособие для студентов пед.институтов/ под ред. Д.А.Тхоржевского- М.: Просвещение, 1982.-286с.

  13. Методическое пособие по преподаванию конкретных ситуации /Под ред. А.И.Наумова, -М.:Ассоциация развития управления, 1997.

  14. Момынбаев Б.,Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы: Кәсіптік-техникалық училищелердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: «Рауан», 1990. -144б.

  15. Нағымжанова Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп. 1999 №3. 9–11 бб.

  16. Нұрахметов Н.Н. Қазақстандық мектептер дамуының жаңа бағыттары //Қазақстан мектебі – 1996. №2. -11-15 бб., 1996. №3. – 39-44 бб.

  17. Калинский В.С. Автомобиль. –Алматы, 1976.

  18. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссий. Рига: НПЦ «Эксперимент». -1995.

  19. Краевский В.В. Проблема научного обучения: методический анализ.-М.:Просвещение, 1977. -342 с.

  20. Қабдықайырұлы Қ. және басқалар. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. –Алматы, 1999ж.-149 б.

  21. Қоянбаев М, Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттерге арналған оқу құралы. Гумелев атындағы ЕАУ Астана, 1999-321

  22. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.

  23. Педагогические технологии: Учеб.пособие для студентов пед. специальностей /под ред. В.С.Кукушина. – Ростов н/Д: «Март», 2002. -320с.

  24. Платонов К.К., Адаскин В.И. Об изучении и формировании личности учащегося.-М.:Просвещение, 1987.-224 с.

  25. Плеханов И.П. Автомобиль. –М.:Просвещение,1987.

  26. Подласый И.П. Педагогика. В 2кн. – М.:Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

  27. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика / Под ред. В.А.Сластенина: В 2ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002.

  28. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. 1999. №3. 5-9 бб.

  29. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. – Алматы, Научно-издательский центр «Ғылым», 2001.

30.0рлов В.И. Активность и самостоятельность учащихся// Педагогика.-№3.-1998.-С.44-48.

31. 0сипов И. Формирование учебной мотивации школьников //Школа и произ­водство.-№2.-2004.-С, 4-6.

32. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.- 256с.

33. Строкова Т.А. Педагогическая поддержка и помощь современной образовательной практики / Педагогика. -№4.-2002.-С. 20 –27.



Қосымша



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет