Тарих кафедрасы



бет37/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Лекция жинағы

2. Лекцияның оқыту натижелері: Ру-тайпалық қоғамның таптық кезеңге өтуі, алғашқы қоғам ыдырауының алғы шарттары мен түрлері, метталлургияның дамуы, жеке меншіктің шығуы қарастырылады.


3.Лекция мазмұны.

1.Алғашқы қоғам ыдырауының алғы шарттары мен түрлері

2.Метталлургияның дамуы

3.Жеке меншіктің шығуы

Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмүны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді. Буржуазиялық ғылымда адамзаттың өз табиғатына топ болып келеді-міс делінетін, таптық қоғамның осы институттарының «табиғи» тегінің теориясы кеңінен тарап отыр. Мұндай көзқарасты жақтаушылар жеке қаруларға, киімзаттары, әшекейлерге ру қауымы мүшелерінің жеке бас меншігін жеке меншіктік деп, ал мемлекеттік өкіметті — рулық өзін-өзі басқару органдарында, немесе патриархалдық теорияға сәйкес семья басшыларының билеп-төстеуінде, деп қарастырды.

Сонымен бүл теория жеке меншіктік таптар мен мемлекет алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырағанда ғана туды, демек уақыт жағынан тарихи шарттасқан, шектелген сипаты болады деген марксистік қағидаға қарсы шығады. Сондай-ақ «күштеу теориясы да» бар, мұны жақтаушылар (австриялық право тарихшысы Гумплевич, Каутский, Кунов, Р. Люксембург) таптар мен мемлекет үстемдік етуші тап құрап, өз үстемдігін нығайту үшін мемлекеттік өкімет ортақдарын құрған бір тайпалардың екінші тайпаларды жаулап алуларынан туды деп санайды. Бұл теория да дұрыс емес, өйткені таптар мен мемлекеттің қалыптасу процесінің негізіне, ең алдымен ішкі әлеуметтік-экономикалық факторлар алынған, ал жаулап алулар сияқты сыртқы факторлар бұл процесті жеделдете түсетін ғана еді.

Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артық өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкідік берді. Сонымен қатар өсіп отырған өнімділік пен еңбектің коғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, товар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу практикасын жасады. Еркін бөгделенетін жеке меншіктік осылай туа бастады, бұл маңдай алды рулық құрылыс дәуірінің жеке бас меншігінен, ең алдымен, қанау қатынастарына жол ашатындығы арқылы көзге түсетін, «мұның негізінде,- деп жазды.

Алғашқы тұрмыстық үнді қауымдарының барлық мүшелері өздері үшін қажетті бүкіл өнімді ынтымақтаса отырып жасап шығарды. Жеке меншіктік те мүмкін емес еді. Қауымға еңбек бөлінісі еніп оның мүшелері әрқайсысы жеке қандай да болсын бір өлшемді өндіруімен және оны рынокта сатумен шұғылданған кезде, енді товар өндірушілердің осы материалдың оқшаулануының көрінісі жеке меншіктік институт болды.

Кейбір тамақ өнімдері мен қолөнер бұйымдары металдар өндіріс құрал – саймандары мен қарулары өнімдерінің артықтарын, ал мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда жеке семьялардың ең алдымен малды көбейтіп жинауы жеке меншіктің бастамасын жасады. Жеке меншіктің ең ертедегі түріне төменде сөз етілетін құлдар жатты. Артыққор заттары бар адамдар оларды натуралды формада емес жалпы қабылданған эквиваленттерді заттың ақша түрінде қор етіп көбіне қазынаға айналған формада жинауға тырысуы табиғи нәрсе еді.

Этнографиялық деректер байлықты қалап жинау, ең алдымен рулық және тайпалық көсемдердің семьяларында болғанын дәлелдеді.

Көсемдер қауымның байлығын өзі иемдене бастаудан бұрын –ақ оларға жарлық ету аса маңызды қосымша тұтқа болды. Осының көмеген көсемдер өзінің ықпалын күшейтіп өз байлықтарын молайта түсті. Осы квакиютль көсемдерінің жеке бір өз басының қазынасы 4 үлкен қайықтан 4 құлдан 40 теңіз құндызының терісінен 120 жөкеден тоқыған жабындылардан тұратын; 2- шісіні 4 үлкен қайық 6 құл 60 мех көрпе және 250 үлкен тоқыған жабындылардан болатын.

Жеке меншіктіктің орнығыуы рулық коллективизм дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті. Жеке семьялардың өздеріне керексіз артық өнімдерді жинап қорлауы неғұрлым мүлікті, неғұрлым мүліксіздермен бөлісуге тура келетін алғашқы тұрмыстық құрылыстың рухының егер ол өзінің артықшылығынан айырлығысы келмесе думан той жасап, туыстарына сый-құрмет көрсетуге тапшылық көргендерге көмектесуге тиіс болды. Көптеген халықтарда өлген адамды әсресе көсемді жерлегенде оның байлықтары құртылды. Қоса жерленді, қатысқандарға үлестірілді, әрі тек бір бөлігі ғана өзінің мұрагерлеріне берілді.

Сонымен егер жеке меншіктің қалыптасу процесін семьялық дамуымен салыстыратын болсақ, онда мұның ішінде үш кезеңді бөліп алуға болады. Бұлардың бірі ру ішінде сыртқы дүние тұрғысынан алғанда жеке, бірақ семьялық қауымның өз тұрғысынан алғанда коллективтің үлкен семья меншігінің бөлінуі. 2-ші кезең елді үлкен семьялық коллектив тұрғысынан алғанда да оқшаулана түскен үлкен семья басшыларының жекеленген меншіктері дейтіннің бөлінуі. Ақырында үшінші кезең жеке меншіктік қатынастардың ұзақ уақытқа негізгі иесі болып алған шағын семьялардың меншіктерінің бөлінуі.

Басы артық өнімнің пайда болуы соғыстардың дамуына жол ашты. Тайпа аралық соғыстар әрине бұрын да болып тұрғанды. (Бұлар тайпалық шекаралардың бұзылуынан). Байлық пен баюға құмарлық пайда болысымен жағдай өзгерді. Соғыстың тонау тез де оңай баюға мүмкіндік берді. Соғыс енді тек тонау үшін ғана жүргізілетін болды. Энгельстің сөзімен айтқанда тұрақты кәсіпшілік болып алды жеңушілер құнды болып келетіндердің бәрін – қазынаны, қару-жарақты, малды, құлдарды, кейінірек сондай-ақ жақсы жайылымдар мен кәсіпшілік жайларды басып тартып, алды.

Тайпалардың немесе тайпалар одағының әскери күшін барлық соғысуға қабілетті ерлер, бүкіл қаруланған халық құрады. Моргонды іле – шала Маркс пен Энгельс “әскери демократиясы” деп атаған өкіметтің арнаулы ұйымы туады. Алғашқы тұрмыстық демократиялық мекемелер халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, тайпалық көсем сақталған. Әскери демократия жүйесі жол берді тонаушылық жорыққа қатынас провасы болды. Бірақ 2 – ші жағынан бұл енді іс жүзіндегі теңдік дегенді білмеді. Тек оның жақындары мен жасақтары да тоналғаннан өзіне көп те ең жақсы бөлігін ала бастады. Мәселен XVIII ғасырдың орта шенінде әскери демократия жүйесі қалыптаса бастаған әлеуметтерде табысты бөліскенде көсем мен артықшылыққа ие болған жауынгерлер барлық тұтқындарды өздері алатын болған ал сонымен бірге қалғандары қолына түскен қару – жарақтар мен үй мүлкі заттарының өзіне тиген үлесімен ғана ризашылық ететінді.

Азды көпті нышан білдіретін әскери демократия жүйесі рулық құрылыстан таптық қоғамға өтуді бастан кешіретін дүние жүзінің барлық халықтарына тән болып келді. Байлықтың пайда болуымен шарттас бола отырып, тонаушылық соғыстар мен әскери демократияның бүкіл жүйесі өз кезігімен де жеке меншіктің дамуының ал сонымен бірге таптар мен мемлекеттер тууының маңызды факторы саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет