Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 8. Автокөлiк жұмысының көрсеткiштерi



бет49/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 8. Автокөлiк жұмысының көрсеткiштерi


Лекция №15.
1.Автокөлік жұмысының көрсеткіштері.
2. Маршрут жасау шарттары.

Маршруттағы қозғалыс - деп тасымалдауды орындаудағы жылжымалы құрамның қатынас жолдары. Маршрутты таңдау көлік үрдісін ұйымдастыру негізінде анықталады.


Жүк автотасымалы сапасының көрсеткіштері келесі факторлармен негізделеді:

  • тасымалдаудағы жүктің сипаты мен ерекшеліктері;

  • пайдаланған жылжымалы құрам;

  • тасымал үрдісіндегі ерекше талаптар;

  • жүк тасымалындағы ерекше талаптар;

  • көлік қызметінің сапасын басқару тапсырмалары;

  • сапаны сипаттайтын құрам және құрылым қасиеттері.

Сапа көрсеткіштері:

  • тұтынушыға жүк автомобиль тасымалы сапасының сәйкестігін қамтамасыз ету қабілеттілігі;

  • барлық жүк автомобиль тасымалы тұтынушы талаптарының ұсынылған тасымал сәйкестігін қанағаттандыру мүмкіншілігі;

  • қызмет ету үрдісінде тұрақтылықты сақтау;

  • көлік және көліктік қызмет аумағында ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытында техника мен ғылымның қазіргі жетістіктерін есептеу.

Сапа көрсеткіштерін таңдауда тұтынушылық сапа келесі құрылғылардан тұратынын қажетті түрде көрсету керек.
Техникалық деңгей - ғылыми-техникалық жетістіктермен ерекшеленеді.
Эстетикалық деңгей - тұтынушының эстетикалық талғамы және көзқарасына байланысты сипатталатын кешендер қасиеті.
Эксплуатациялық деңгей - ұсынылатын қызметтегі пайдалану ыңғайлылығына байланыстылық.
Жүк автомобилі тасымалы сапасы көрсеткішінің номенклатурасы Мемлекеттік стандарт негізінде ұсынылады немесе төменде келесі суретпен берілген.
Жүк автомобилі тасымалының сапа талап ету деңгейін анықтауда қажетті түрде көліктік қызметте тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыратын объективті көрініс беру керек.
Көліктік қызметке жоғары сұраныс болғанда тұтынушы өзінің сапаға деген талабын төмендетеді. Жеткіліксіз сұраныс кездерінде тасымалдаушы көлік қызметінің сапасын тұтынушының жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында өсіреді.
Нормалаудағы жүк автомобиль тасымалының сапа көрсеткіші түрлі әдістер мазмұнында қолданылады (экспертті, интервальды, есептік және т.б.). Бұл көліктік үрдіске қатысушылар пайдасын тек есептік әдістер көмегімен бағалайды.
Маршрут өзіне:

  • тасымал көлемін;

  • бағытты;

  • қашықтықты;

  • уақыт бойынша жету;

  • түрлі категориядағы жол жүктілігі;

  • қозғалыс кезектілігі бойынша;

  • жеткізу тиімділігі.

Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:

Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:

  • Тасымалдау қашықтығына байланысты:

  1. қалалық (шамамен қала шетіне дейін);

  2. қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);

  3. қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);

  4. халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).

  • Жыл уақыттары бойынша:

  1. тұрақты (жыл бойына);

  2. уақытты (уақытша);

  3. мерзімді (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).

Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:

  1. осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;

  2. жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;

  3. маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.

Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.
Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:

  • қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;

  • автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;

  • қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;

  • мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;

  • аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;

  • қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.

Жүк ағындары белгілі-бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.
Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.
Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі-бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі-бір масштапбен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті
Эпюр жүк тасымалының түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.
Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.
Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.
ҚЖК жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы кадам әлемнің түрлі елдерінің практикалық тәжірибесін зерделеу болды. Анықталған шешімдердің талдауы, шын мәнінде, жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыруда баламалы екі тәсілдің бар екендігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет