Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет62/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Курс лекции каз

Лекция №22.
Тиеу құралдары: контейнерлер мен паллеталар.

Жүкті ұшақтарда бос күйінде, паллеталарға және арнайы контейнерлерге салып тасымалдайды. Жүктерді контейнерлермен және паллеталармен тасымалдау ыдысқа жұмсалатын шығындарды азайтуға, тасымалдау кезіндегі ысырапты кемітуге, тиеу-түсіру жұмыстарын жан-жақты механикаландыруға мүмкіндік береді. Бұлайша тасымалдауға көліктің бос тұрып қалуы азаюынан және олардың айналымы артуынан, сондай-ақ механикаландыру құралдарын пайдалану нәтижесінде жүк операцияларына жұмсалатын шығындардың кемуінен айтарлықтай пайда келтіріледі. Сонымен қатар, жүкті ақтара тиеп-түсірумен салыстырғанда, әуежайда тиісті инфрақұрылым (паллета қоры және олармен операция жүргізу жабдықтары) қалыптасқанда жүкті табандықтармен тасымалдау уақыт жағынан да (бірнеше есе), жүк операцияларының қолайлылығы жағынан да әлде қайда тиімді. Мысалы, “Ист Лайн” әуе компаниясында паллеталарды пайдалана бастаған соң Ил-76 ұшағының ұшу сағаты айына 150 сағаттан 240-250 сағатқа дейін – 1,6 есе артқан.


Әуе көлігімен жүк тасымалдау құрылғыларын белгілеу үшін ULD термині қолданылады. Әдетте мультимодельді ISO контейнерлері кеңінен пайдаланылатын көліктің басқа түрлерінен ұшақ контейнерлері мүлде басқаша болады. ULD ұшақ контейнерлері ұшақтың жүк бөлімдерінің кеңістігін фюзеляждың пішініне сай барынша толық пайдаланатындай болып жасалған, сондықтан олардың пішіні ерекше болады.





22.1-сурет. Контейнерлерді А320 ұшағына тиеу

U LD контейнерінің құрылысы ұшақтың ұшып көтерілу-қонуы кезінде ол жылжымайтындай болып ойластырылған. Олар негізінен әуе компаниясының меншігі болып есептеледі. Бірақ ULD кеңістігін әуе компаниясынан сатып алып, одан соң контейнерлерді топтап жөнелту немесе өз тапсырушыларының жүгін топтастыру негізінде толтыратын экспедиторлық компаниялар өте жиі пайдалануда.


Әуе көлігінде контейнерлермен қатар табандықтар-паллетталар пайдаланылады. Бұл жүкті қаптаудың ең қарапайым, әрі арзан әдісі. Паллета дегеніміз пакеттерді және дана жүктерді тасымалдауға арналған құрылғы. Олар пішін мен өлшемдері жөнінен түрліше болады.
Паллеталарды көптеген елдерде пайдалануда. Сондықтан паллеталар мен контейнерлердің ішкі және халықаралық стандарттары болады. Ашалы тиегіштерге қолайлы, өлшемдері 800х1200 мм және 1200х1000 мм табандықтар, салмағы 1,25 т жүкке есептелген өлшемі 1140х1140 мм және биіктігі 1350 мм ірі тоннажды контейнерлерге арналған пакеттер кеңестік ұшақтар үшін кең таралған болатын.
Жүкті паллеталарға (табандықтарға) бекіту үшін тор пайдаланылады. Паллета (табандық) да, тор да сертификациялануы тиіс, екеуі бірігіп, біртұтас пакеттеу құралын түзеді. Тор жіптен немесе строптан жасалып, ромб тәрізді немесе шаршы ұялы болуы мүмкін.

22.2-сурет. Торлы паллетаға салынған жүк

Тор ұя қатарларына сұғындырылатын бір немесе қосарланған бекіткіштердің көмегімен паллетаға бекітіледі. Тордың биіктігі әр түрлі жүктерді жабуға мүмкіндік беретін биіктік реттегіші бар.


Көптеген әуе компанияларында тор немесе паллеталарға (табандықтарға) бір немесе бірнеше жағынан тұрақты бекітілгенімен, әдетте, ол екеуі жеке элементтер болып табылады. Тордың паллетаға (табандыққа) тұрақты бекітілгенін көрсету үшін кестешелер пайдаланылады. Тордың өлшемі мен биіктігі шамалас болатындықтан, тор әр түрлі биіктіктегі жүкті жабу үшін паллетаның бірнеше базалық өлшеміне есептеліп жасалады.
Ашық паллеталардағы (табандықтардағы) жүк жан-жағына құлап қалмауы үшін нығыз қалануы тиіс. Картон қораптар табандықтың жиегінен шығып тұрмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет