Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет12/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Иондық алмасу әдістері – суды иониттер, яғни түйіршікті материалдар арқылы өткізіп сүзуге негізделген, өзінің құрамындағы иондарды сүзілген судың иондарына алмастыратын қасиеті бар. Сүзілетін су алдын ала барынша мөлдірленуі қажет. Ион алмасу шайырының қызмет көрсету уақыты бірнеше жылға жетеді. Көрсетілген әдісті тек суды тұщыландыруға ғана қолданып қоймайды, сонымен қатар суды жұмсарту, фторсыздандыру, дезактивациялау үшін де қолданады. Суды иондық алмасу арқылы тұщыландыру тек судың тұздылығы төмен болғанда (Зг/л-ге дейін) ғана тиімді.

Сумен қамтамасыз етуде қолданатын ион алмастыру шайырлары бірқатар гигиеналық талаптарға сай келуі қажет:

  1. Суға бояуы шықпауы, бөтен иістің болмауы және дәмділігі 2 балдан аспауы, судың рН-ын 6,0 - 9,0-дан артық өзгертпеуі және суда микроорганизмдерді көбейтпеу.

  2. Суға концентрациясы шекті көрсеткіштен асатын зиянды заттарды шығармау.

  3. Суға ағзаға зиянды, теріс әсер ететін қасиеттің берілмеуі.

  • Гиперсузу электродиализ сияқты суды тұщыландырудың мембраналық әдісіне жатады. Суды жартылай өткізгіш мембранадан қысыммен өткізу арқылы тұздардан айыруға негізделген. Тұзсыздандыру тиімділігі негізінен ацетилцеллюлоздық мембрананың болу қасиетіне және бастапқы алынған судың иондық құрамына байланысты. Мембраналық қондырғылар тұздылығы 10 г/л-ге дейінгі суды тұщыландыру үшін ұсынылады.

  • Темірсіздендіру. Табиғи суларда, әсіресе артезиан суларында темірдің концентрациясы стандартта белгіленген деңгейден (0,3 мг/л) едәуір артық кездеседі.

Мұндай суларды темірсіздендіру үшін қолданылатын әдістер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет