Стерилизациялау əсерінің шамасы бойынша стерилиза-
циялау формуласын анықтау. Стерилизациялаудың тиімділігінің
белгісі ретінде микроорганизмдердің инактивациялану дəрежесін
пайдалана отырып, стерилизациялау формуласын практикалық,
аналитикалық жəне графикалық тəсілдермен анықтайды.
Практикалық тəсілге сəйкес консервіленетін шикізатқа белгілі
бір мөлшерде мейлінше кеңінен таралған, термиялық жағынан төзімді
бактериялар түрін еңгізеді жəне А, С, Т, тұрақты мəнінде В
ұзақтығын кең көлемде өзгерте отырып, тəжірибе жолымен
стерилизациялаудың қажетті тəртібін анықтайды. Мұндай əдіс қол
еңбегін көп керек етеді, əрі қателікке ұрындырады.
Аналитикалық əдістеменің мəні: автоклав пен банкінің
ортасындағы температура тəуелділігін анықтау, соның негізінде
автоклавтағы жұмыс тəртібін жəне консервідегі микроорганизмдердің
өлу жағдайын бақылауға алады. Аналитикалық əдістеменің
пайдалану консервілерді жылу беру жолымен қыздыру жағдайында
автоклавтағы температура айырмашылығының логарифмы жəне
қыздыру уақытының арасындағы тəуелділік түзу сызықты болған
кезде мүмкін болады. Аналитикалық əдістемені тəжірибелік қолдану
есеп формуласына енетін кейбір өлшемдердің маңызын экспе-
рименталді жолмен анықтауды талап етеді.
Стерилизациялау формуласын есептеудің мейлінше кең тараған
жəне нақты дəлдігімен ерекшеленетін түрі графикалық əдістеме
болып табылады. Бұл тəсіл консервіні стерилизациялаудың
термограммасын тұрғызуға, споралардың (Ғ-əсер) инактивация-
ларының жалпы тиімділігін анықтауға жəне соңғысын нормативтік
есептеу тиімділігі мен салыстыруға (Ғ
0
) негізделген. Консерві
өндірісіне стерилизациялау тиімділігі ұғымы температура əсерінен
жəне стерилизациялаудың ұзақтығынан алынған интегралдық əсердің
əр түрлі тəртіптерін бірыңғай салыстырмалы көрсеткіштерге реттеуге
енгізілген. Стерилизациялау əсері (Ғ-əсер) белгілі температурада
(шартты) минуттармен берілген консервілерді стерилизациялау
тəртібінің сенімді көрсеткіші.
Шартты температура ретінде 121,1°С алынады.
|