Тәжірибелік машықтары және білімгерлердің біліктіліктерінің кәсіби стандартары «Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау» пәнінен III курс мамандығы«Мейірбике ісі»


Стандарт «Бауырға пальпация жасау техникасы»



бет11/14
Дата13.11.2022
өлшемі41.89 Kb.
#464742
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
СТАНДАРТ

2.15 Стандарт «Бауырға пальпация жасау техникасы»
1.Науқасты белге дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп , қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2.Сол қолды оң қабырға доғасы аймағына қойып басу: төрт саусақты оң бел аймағына,ал бас бармақты оң қабырға доғасының алдында орналастыру.
3.Оң алақанды саусақтарды кішкене бүгіп алдыңғы құрсақ қабырғасына ортаңғы бұғана сызығынан төмен оң қабырға доғасының тұсына, бауырдың төменгі шетіне перпендикуляр тығыз орналастыру.
4.Тері қабатын жиырып, теріні төмен қарай сипалап жылжыту.
5.Дем шығару кезеңінде қолды жайлап құрсақ қуысына енгізу.
6.Науқасқа терең дем алуын сұранып, осы уақытта бауыр шетімен төмен терең енгізіп және саусақ ұшатарымен бауыр астынан сипалап шығады.
7.Осы тәсілді бірнеше рет қайталап, осы мезетте қолқимылсыз бір орнында тұрады. Өзгермеген бауырдың шеті терең дем алғанда қабырға доғасынан 1-2 см төмен сипаланады, шеті жұмсақ үшкір, ауырсынбайды .


2.16. Стандарт «Бауырға перкуссия жасау техникасы»
2.16.1.Стандарт «Бауырдың абсолюттік тұйықтығының жоғары шекарасын анықтау»
1.Науқасты беліне дейін шешіндіру науқасқа ыңғайлы жағдай жасау, тұрғызу немесе арқасымен жатқызу.
2.Плессиметр саусағын ІІ-ІІІ-ші қабырға арасына оң төс сүйегі сызығы бойымен орналастырып және жоғарыдан төмен, ашық өкпе дыбысы (перкуторлы) тұйықталғанға дейін( бауыр тұйықтығы) баяу перкуссия жасау.
3.Табылған шекараны плессиметр саусағының жоғары шетімен теріге белгілеу.
4.Осындай тәсілмен оң ортаңғы бұғана сызығымен және оң алдыңғы қолтық асты сызық бойынша перкуссия жүргізу.
Қалыпты жағдайда бауырдың абсолюттік тұйықтығының жоғарығы шекарасының орналасауы:



2.16.2.Стандарт «Бауыр абсолюттік тұйықтығының төменгі шекарасын анықтау »
1. Науқасты беліне дейін шешіндіру науқасқа ыңғайлы жағдай жасау, тұрғызу немесе арқасымен жатқызу.
2.Плессиметр саусағын алдыңғы құрсақ қуысының кіндік деңгейіне немесе алдыңғы оң қолтықасты сызығы бойымен горизонтальды орналастырып, тимпаникалық дыбыстың абсолютті тұйықталғанға дейін жоғары қарай қаққылаймыз
3.Табылған шекараны плессиметр саусағының төменгі шетінен теріге белгілейміз.
4.Осындай тәсілмен перкуссияны оң ортаңғы бұғана сызығы ,төс жаны сызығы , алдыңғы қолтық сызықтары бойымен перкуссия жүргізуді жалғастырамыз.
Қалыпты жағдайда бауыр абсолюттік тұйықтығының төменгі шекарасы орналасады:

  • Оң алдыңғы қолтық асты сызығы- Х қабырға тұсы

  • Оң ортағы бұғана сызығы- оң қабырға доғасының төменгі шетіне

  • Оң төс жаны сызығы- оң қабырға доғасынан 2 см төмен

  • Алдыңғы ортаңғы сызық- төстің сессер тәрізді өсіндісінен 3-6 см төмен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет