Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық


«Жатыр мойынының жетілгендігін бағалау»



бет56/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Акушерия теориялық және симмуляция

19.«Жатыр мойынының жетілгендігін бағалау»
Мақсаты: босану жолдарының босануға дайындығын бағалау.
Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық, залалсыздандырылған қолғаптар, мақта шаригі, 1 % иоданат ерітіндісі немесе 2 % йод ерітіндісі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз.
2. Жүкті әйелдің жеке жаялығын төсеп гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.
3. Сыртқы жыныс мүшелерін бір дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз (1 % иоданат немесе 2 % йод ерітіндісі).
4. Стерильді қолғапты киіңіз.
5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың 2 және 3 саусағын қынапқа еңгізіңіз.
6. Жатыр мойнына пальпация жасай отырып, оның тығыздығын, ұзындығын, жамбастың осіне сәйкес келе жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.
7. Жатыр мойнының жетілуіне баға беріңіз. Жатыр мойны 2 см қысқарса, жұмсарса, цервикальды канал 1 саусаққа ашылса және жатыр мойны осі жамбастың осіне сәйкес келсе, жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.
8. 1 рет қолданыста болған биялайды шешіп инфекцияның алдын-алу ережесіне сәйкес қоқысқа тастаңыз.
9. Қолыңызды сабынды сумен жуыңыз.
10. Медициналық құжатқа жазыңыз.
20."Толғақтың ұзақтығы"
Мақсаты: Босану әрекетінің қарқынын бағалау.
Қажетті құрал-жабдықтар: босану тарихы,секундомер.
Іс-әрекет алгоритімі:
1)Жүктi әйелге бүл зерттеудiң маңызын түсіндiрiңiз.
2)Жүктi әйелге қарама-қарсы үстелге отырыңыз.
3)Жылы колыңызды жүктi әйелдiң iшiне қойыңыз.
4)Секундомер тілімен толғақтың ұзақтығын анықтаңыз жатырдың жирылуы уақыт аралығын) жатыр бұлшық етiнiң қаншалықты жирылу күшін және босанушының реакциясын бағалаңыз, толғақтың бiткен уақытын белгiлеңiз.
5)Толғақтың тоқтау аралығын анықтаңыз.
6)Мінездеме үшін 3-4 толғақтың уақыт аралығына, күшiне, ауырсынуына баға беріңіз.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бейсембаева Р.С. Акушерия: оқулық Алматы «Білім», 2008.
2. Раисова Ә.Т. «Акушерия және гинекология»: оқу құралы Алматы: Эверо, 2011.
3. Үкібасова С. Акушерия бойынша фантомдық курс: оқу құралы Алматы: Эверо, 2011.
4. Бодяжина И.И. Акушерство: Оқулық 1 том., 2 том., 3 том Эверо, 2015-330 экз
5. Акушерство: Нац. руководство под ред. Э.К.Айламазяна ГЭОТАР, Медиа, 2011
6. Р.С.Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ.Нүркасымова АКУШЕРИЯ ( Оқулық)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет