Тәрбие жұмысы және жалпы орта білім беруді дамыту секторы


Құқықтық тәрбиені қалыптастыру



бет5/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#126627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Батырбекова Б. Н., бастауыш сынып мұғалімі № 9 орта мектеп
Құқықтық тәрбие түсінігі – мағыналық жағынан кең ауқымды категория.Сондықтан да тәрбиеге бір жақты қарамай,оны мүмкіндігінше баладан бұрын өзіміз жан-жақты талдап,саралап ұғынуымыз керек.

Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуына,оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.Бұл міндеттер оң шешімін табу үшін жеке адамның дамуы қалай өтетінін және қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет.Тәрбиенің астары терең заңдылықтарын білместен,оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Құқықтық тәрбие заңдылықтары дегеніміз не? Бұл түсініктің мәні:орындалуы жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік бір үрдістегі орнықты,қайталанып отыратын қажетті байланыстар;



  • Құқықтық тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып,табыс қуанышына ұмтыла білуге көмектесу;

  • Құқықтық тәрбиелеуде оқушылардың жасын және даралық ерекшеліктерін ескеру;

  • Құқықтық тәрбиелеуде оқушылардың жақсы қасиеттерін тану және оларды орынды пайдалану;

  • Құқықтық тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісім қажет.

Мұндай заңдылықтарды біле отырып, құқықтық тәрбие жұмыстарын алдын ала болжауға және ол іске терең мазмұндық әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады.Мектептегі оқу жұмысы да,оқушылардың жеке адамдық сапаларын тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Оқушы - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүріп қана қоймай, шынайы жағдайларға әсер етіп,оны жақсарта алуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға.Сондықтан оған қойылатын талаптар:


  • Жоғары деңгейде білімді болу;

  • Белсенділік;

  • Жақсы дамыған ақыл-ойға ие болу;

  • Креативтік;

  • Әлеуметтік жауапкершілік;

  • Кәсіби сауаттылық;

Ал қалай оқыту керек,қалай тәрбиелеу керек деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби білім дәрежесі мен жаңашылдығы,мақсатты қоя білуі,алдындағы шәкіртін жан-жақты білімді,өмір сүруге бейім,іскер,өзіндік ой-талғамы бар,адамгершілігі жоғары,қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек сияқты.

Мұғалім алдына күрделі міндеттер қойып, оның шешу жолдарын төмендегідей қарастырса;



  • Сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктерді беру;

  • Өзінің мүмкіндіктерін жарыққа шығара алатын тұлғаны дамытуға жағдай жасау;

  • Оқуға деген қызығу мен ұмтылысын ояту;

  • Оқушылардың еңбек нарығында қажетті кәсіпке керекті сапа мен біліктілікті алуына жағдай жасау;

Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.

Бүгнігі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді.Баланың рухани- адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар:соғыс ойыншықтары,жат қылықты жариялайтын фильмдер,бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн. Мұғалімнің басты шеберлігі,ол өзінің шәкірттеріне әрбір жүргізген сабағын,жан- тәнімен беріле оқытуды,бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет.Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса,сол арқылы тәрбие бере алады.Сондықтан әрбір өткізген сабақ нәтижелі болу үшін,мұғалім тарапынан шығармашылықпен жұмыс істеу қажеттілігі туады. Егер сабақ жоспары қызықты болса,оған оқушы тарапынан да қызығушылық туады.Сабақты қай уақытта өз мақсатына жетті деуге болады деген сұрақ туындаса, оған былай жауап берер едім,егер оқушылар жаман әдеттерден жиіркеніп, жақсы әдеттерге талпынса,өз елінің нағыз ұлтжандысы бола білсе,қоршаған ортаға мейірімділікпен қарай білсе,өзіне үлкен жауапкершілікпен қарап,қоғамның бір мүшесі бола білсе,ол мұғалім шеберлігінің бір жеңісі деуімізге болады.Сондықтан сол шәкірттердің бойынан жақсы қасиеттерді көру үшін,көп еңбектену қажет.

Мен өз мұғалім әріптестеріме өзімнің төмендегідей құқықтық сабақтарымды ұсынып отырмын.

№ 1 сабақ. Темекі шегу және оның алдын алу.

Мақсаты: Темекінің зияны жөнінде мәлімет беру,салауатты өмір салтын насихаттауҒ

Көрнекілігі:Суреттер,бейнетаспа, нақыл сөздер.

Барысы: Балалар мына сенің суреті?

Дұрыс,айтасыңдар,бұл темекі.

-Кімнің ата – анасы темекі шегеді?

- Оның пайдасы бар ма?

Дұрыс айтасыңдар,темекі ол зиянды.Оның құрамында «никотин» дейтін улы зат бар. Ол темекі шегетін адамның өкпесін жейді,қан қысымын көтереді,өмір жасын қысқартады.Мынадай жағдайға көз салып байқайықшы: 1 грамм никотин бір жылқыны өлтіреді дейді,ал өмір бойы темекі шеккен бір кісіге зерттеу жасап, оның темекі шегуге жұмсаған қаражатын есептегенде,ол қазіргі уақытта орташа есеппен есептегенде 13 автокөліктің құнын жұмсапты.Біздің мемлекетімізде темекі темекі жас өспірім балаларға сатылмайды және қоғамдық орындарда оны шегуге тыйым салынады деген заң бар. Бұл заң тек қағаз жүзінде ғана,ал шындығына келетін болсақ іс жүзінде бұлай емес.Неліктен бұлай деген сұрақ туындайды? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.Балалар ортаға өз пікірлерін айтады. әр қатарға тапсырма беремін.

1 қатар :Темекіге қарсымыз деген суретін салу қажет.

2 қатар :Темекіні алмауға жарнама жасау;

3 қатар: Темекінің зияндығы жөнінде көрініс жасау керек;

Олардың тапсырмасын көріп, қорытынды жасап,сабақты аяқтау:

Темекіні шекпендер,

Онда улы никотин.

Оны шеккен адамдар.

Құр қалады өмірден!

2 сабақ. Елжандылық- өз елінің лайықты азаматы болу.



Мақсаты: Қазақстан тарихын оқыту,тәуелсіздіктің бағасын түсіндіру,оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеп,елін,жерін,Отанын сүюге,құрметтеуге,мақтан тұтуға,Отанына лайықты азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,слайдтар.

Барысы: Балалар бүгінгі сабағымызды,дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арнаймыз.

Желтоқсанның ызғары –ай!

Кірпікке қатқан мұздары – ай!

«Елім-ай»деп егілген,

Ұлдары мен қыздары ай! –бұл өлең жолдары арқылы ақын бізге не айтқысы келеді?


  • 1986 жылдың 16 желтоқсанында қандай үлкен оқиға болды?

  • Оған аты тарихта қалған кімдерді білесіздер?

  • Жастар нені талап етті?

Слайдтан желтоқсан құрбандары көрсетіліп, олардың ерен ерлігі мен өмір баяндарынан мәлімет беріледі.

Бүгінгі сабағымызды төмендегі ақын шумақтарымен аяқтаймыз:

Жас арудың жанарында - желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқының,

Қара тұман қабағында – желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да -желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – желтоқсан,

Намысымның шырағы да – желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – желтоқсан.

3 сабақ. Күнделікті тәртіп ережесі.

Мақсаты: Оқушыларды мектеп ережесімен таныстыру,оқушы деген атқа лайықты болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,слайдтар.

Барысы: Балалар,біз сіздермен білім ордасы мектепте өзіміздің балалық шағымызбен қатар,бозбалалық пен бойжеткен шағымызды да өткіземіз.Әр мекеменің өзіңе тән тәртіп ережесі болады.Сол сияқты біздің мектебіміздің де өзіңе тән ережесі бар.Ол қандай дейсіңдер ғой! Ол бәрімізге бірдей бірыңғай талаптар.оны оқушымен қатар мектеп ата- аналары мен ұстаздары орындауға міндетті.Оқушыларға қатысты:


  1. Мектеп формасы.

  2. Сабақ үлгірімі.

  3. Тәртіп ережесі.

Осы айтылған талаптарды орындаған оқушы нағыз оқушы деуге болады.

Ал біздің сыныпта осы талапты орындайтын оқушылар бар ма ?

Неге олай деп ойлайсыңдар?

Сонымен қатар,әр сыныптың өзінің де жеке талабы бар.Мысылы,біздің сыныбымыздың ұраны:

«Әдемі қыздар,әдепті ұлдар

Мектепті жаңалықпен жандандырар» Бұл ұран бізді неге шақырады,ол біздің қолымыздан келе ме?

Ал,олай болса,осы тәртіпке,білімге,ақыл-ойға шақыратын қандай мақал – мәтелдерді білеміз? Бізге 2 топ керек.

1 топ «Қыздар» - тақырыбы - Білім.

2 топ «Ұлдар»- тақырыбы Ақыл – ой.

Мақал- мәтелді айтып,түсіндіргеннен кейін, «Мен тәртіпті баламын » деген тақырыппен үйге шығарма жазып келуге беріледі.

4 сабақ. Күш көрсетпеу- қарым қатынастарының ережесі.



Мақсаты:Оқушыларды бір- бірімен жақсы қарым –қатынаста,түсінікпен,

Кешіріммен қарауға баулу;



Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,слайдтар.

Барысы: Балалар,біз сіздермен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.Еліміздің ертеңі,болашағы мына сіздерсіздер.Қазіргі таңнаң бастап,біз өзімізді осыған дайындауымыз керек.Қандай қиын жағдай болмасын,біз оның дұрыс шешімін таба білуіміз қажет.Қазіргі таңда, бүкіл дүниежүзі халықтарының назарын дағдарыс өзіңе қаратып отыр.Бұл өткінші жағдай.Ал адамзат болса,өзінің Адам ата мен Хауа ана заманынан бері бір – біріне зорлық,зомбылық көрсетіп келеді.Бұның бәрі неден болуы мүмкін.Себеп- салдарды іздемей,әр адам келесі бір адамға өзің қалай құрметтесе,сондай құрметпен,мұндай жағдайлар болмас еді.Ал адамдар бір – біріне қызғанышпен қарап,күшке күш көрсетіп,барлық мәселені ұрыс-жанжалдың ,жұдырықтың күшімен шешуге дағдыланып қалған.Ол әлгі адамнан өшін алмайынша,көңілі көншімейді,осы кқйде жүріп,ол өзінің ғана жүйкесін құртпай,сонымен қатар жанындағы жақындарының да жүйкесін жұқартады.Сондықтан да,біз осы бастан бастап бір- бірімізге кешіріммен қарап,әрқашанда бір – бірімізге жақсылық,сәттілік тілеп жүруіміз керек.Сонда ғана,сенің көңіл күйің көтерінкі болып,беделін басқалардың алдында жоғары болады.

Қазір біз сіздермен осы тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс жүргіземіз,сен сыныптағы өзіңе ұнамайтын сыныптасынның бойынан жақсы қасиеттерін тауып,сол жөнінде айтып бересің.Балалардың жазған жұмыстарын оқып,талқылаймыз.Сабағымызды ең жақсы жұмысты оқу арқылы аяқтаймыз.



Турегельдина А.Е., вожатаая нш№24а

Жаппай құқықтану

2008-2009 оқу жылына арналған жаппай құқықтанудың жоспары

Мерзімі




Тақырыбы

Мектептегі жауапты

Тиісті мекемеден шақырылған маман.

1 тоқсан




Оқушылар үшін







09.09

1.

Мектептің танысу

Қасенова Н. Ш.

Директордың тәрбие орынбасары






16.09

2.

«Менің міндеттерім туралы құқығым»-сын. сағ.

Сын. жетекш.




23.09

3.

Оқушылар үшін практикалық жұмыс»Балалар керістері,шешу жолдары»

Хамитова Б. М.

психолог





30.09

4.

«Біз Қазақстанның азаматтарымыз»

3-4-сын арна. Практикалық сабақ



Сын. жетекш.




07.10

5.

«Оқушының мектептегі құқығы мен міндеті» .Викторина

Антаева М. Т.

Жаппайқұқықтану

жетекшісі





14.10

6.

«Көзкормейтін патшалықтағы бастан кешкендер»Практикум сабағы

Сын. жетекш.

СПИД орталығының маманы.

21.10

7.

4-сын. арналған киносабақ. «Жасөспірімдер арасындағы зомбылық»

Қасенова Н. Ш.

Тәрбие орынб.






28.10

8.

«Мен адамдар арасындамын»

Хамитова Б. М.

психлолг











Мұғалімдер үшін








Үнемі

1.

Бала қылмысы. Қостанай облысы бойынша Қостанай қаласы бойынша құқықбұзушылар ақпараты.

Қасенова Н. Ш.










Оқушылар үшін







2-тоқсан




1-4-сыныптар









11.11

1.

Жақсылық пен қайрымдылық сабағы.

Сын. жетекш.




18.11

2.

«Жанымдағы үшін жауап беремін»

Сын. жетекш.




25.11

3.

«Мен және эмоция» тренингі

Сын. жетекш.




02.12

4.

«Мектеп неврозы»

Диагностикалық жұмыс.



Сын. жетекш

медбике


Балалар емханасының психатры

09.12

5.

«Балалардың құқығы мен міндеті»

Қабырға бұрышы.



Антаева М. Т.

Жаппай құқықтану жетекшісі






23.12

6.

«Егер сен досыңның құқығын бұзсаң...»

Рольдік ойын



Сын. жетекш.




Үнемі




Мұғалімдер үшін













«Біздің құқық пен міндетіміз» Кітапханадағы көрме.

Сын. жетекшілер үшін аннтонация.



Абикеева С. Е.

Кітапханашы.






Жарты жылд.1 рет




Ата-аналар үшін.













«Мектеп неврозы»

Диагностикалық жұмыс.



Сын. жетекш.

Психолог.

Медбике





3 тоқсан




Оқушылар үшін













1-4-сын.







13.01

1.

Мектепішілік мереке «Жаман деген немене, жақсы деген немене»

Қасенова Н. Ш.

Тәрбие орынб.






20.01

2.

Сауалнама.» Бізді үлкендер түсіне ме»

Әбенова Г.

әлеум. Пед.






27.01

3.

Викторина» Қалай жасар едің...»

Сын. жетекш.




03.02

4.

Суреттер байқауы.»Мен азаматпын»

Бабаева Б. Х.

Бейнелеу жетекш.






10.02

5.

Құқық әлеміне саяхат.

Қасенова Н. Ш.

Тәрбие орынб.






17.02

6.

Шығарма сайысы. «Немен күресер едің?»

Сын. жеткш.




24.02

7.

Музыкалық шоу. «Қолыңды бер, достарым!»

Мұғалімдер

БШҮ

03.03

8.

«Жоқ деп айта аласың ба?» тренинг

Антаева М.Т.Құқықтану жетекш.

Сын. жетекш.





10.03

9.

«Мен сөйлессең, мама!»Ата-аналарға хат жазу.

Досова Г. С.

вожатая

Ата-аналар ұйымы



17.03

10.

Әңгіме. «Бала бұзақылығы , әрқашанда өкінішсізбе.»

Сын. жетекш.

Учаке инспекторы







Мұғалімдер үшін







25.03.




Лекция. «Стресс. Стресс ситуацияларынан шығу жолдары»

Хамитова М.

Психолог.






4-тоқсан.




Оқушылар үшін.













1-4-сын.







07.04

1.

«Мен басқаларда-бөтенмін» Сауалнама.

Әбенова Г.

Әлеум. Пед.






14.04.



2.

Спорттық ойын. «Мен сияқты жаса, мен де артық жаса»

Үмбетов Д. М.

Денеш. мұғ.






21.04

3.

Мини-қойылымдар сайысы.

«Біз қалайтын қылықтар»

Бикеева Б. М.

Әдебиеттік оқу

жетекшісі





28.04

4.

Қозғалыс ойындар күні. « Ойын ережесіне бағына біл»

Досова Г.

Вожатая





05.05

5.

Сабақ-практика.

«Дұрыс қалай біл»

Сын. жетекш.




12.05

6.

Асфальттағы сурет.

Рабаева Б. Х.

Өнер жетекш.






19.05

7.

Түлектермен әңгіме.

«Мен орта мектеп табалдырығындамын»



Сын. жетекш.

Хамитова Б.







Сәуір




Мұғалімдер үшін.







Айына 1 рет


1.

Дөңгелек үстел.»Кіші жастағы оқушылардың оптимизация әдісі»

Қасенова Н.Ш.

Тәрбие орынб.












Ата-аналар үшін.












1.



«Баланың девианттық тәртібі.

Тәртібінің көзі Ата-аналармен жеке кездесу.

Хамитова Б. М.

Психолог.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет