Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері



бет11/14
Дата14.09.2023
өлшемі97.61 Kb.
#477499
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
410180.pptx

Антропологиялық көзқарас тұңғыш рет К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған және дәлелденген. Оның пайымдауынша – бұл барлық ғылым салаларында адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану, оларды есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыруды көздейді. Сондықтанда К. Д. Ушинскийдің “Егерде педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық жағынан білуі тиіс” деген пікірі бүгінде педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

  • Антропологиялық көзқарас тұңғыш рет К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған және дәлелденген. Оның пайымдауынша – бұл барлық ғылым салаларында адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану, оларды есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыруды көздейді. Сондықтанда К. Д. Ушинскийдің “Егерде педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық жағынан білуі тиіс” деген пікірі бүгінде педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
  • Кешенділік көзқарас – жалпы алғанда тұлғаны қалыптастыруға бағытталып, тәрбие процесінің нақтылы заңдылықтарына тең келіп, барлық құбылыстарды тұтастық жүйеге біріктіруге ықпал етеді. Осы тұрғыда А. С. Макаренко: “Адам баласы бөлшектеніп тәрбиеленбейді, ол синтез ретінде барлық ықпалдың жиынтығынан жаратылады. Әрі оған өзі де ұшырайды (тап келеді)”-, дейді. (Пед.соч. –М.-Л., 1948, с.38).
  • Сондықтан да тәрбиедегі кешенді көзқарас тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына ықпал етуде пайда болады: санасы, эмоциясы, мінез-құлқы т.с.с. Тек бірлікте ғана бұл қасиеттер өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді қамтамасыз етуі мүмкін. Яғни, тұлғаның барлық қасиеттеріне тек кешенділік жағдайында ықпал ету, өскелең ұрпақтың бізді қоршаған ақиқат өмірге тұлғалық қарым-қатынасын қалыптастыру мүмкін болады.
  • Жоғарыда аталған педагогиканың әдіснамалық принциптері (методологические подходы) гуманитарлық білімдердің саласы ретінде, біріншіден, оның басты-басты проблемалық мәселелерін ашып көрсетуге және стратегиясын анықтап, оларды шешу тәсілдерін меңгертуге; екіншіден, білім беру және тәрбие мәселелерінің барлық жиынтығын талдауға; үшіншіден, тәрбие процесінің нәтижесіне алдын ала болжам жасауға, оны жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет