Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет30/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124
режесі мағынасында қолданылған тəрізді. Берілген мысал-
да ғылыми нысапқа толмаған тəрізді деген тіркес қажетті 
білімі жоқ, білім дəрежесі төмен мағынасын білдірген.
Осындай жаңа мағынаға ие болған сөздер серік жəне 
кеңес, т.б. осы тəріздес əр мағынада қолданылған сөзге 
майданды да жатқызуға болады. Мысалы: «Айқапқа» ай-
тар өкпеңіз болса, халық майданына қоймай-ақ өз аралық-
тарымызда бітірсеңіздер де болатұғын еді ғой («Айқап», 
1914, 7, 118-б.). Енді бұрынғы замандагы һəм осы күнгі 
ақылды, ойлы кісілер дүние жайынан өздері сынау-тəжірибе 
ету мекен табқан халықға файдалы болған ойларын
фікірлерін уəмкім білуб файдалансун, күнелту жолын тузе-
сек деб кітап қилуб жазуб майданға шығарған (Сонда. 1913, 
№8, 171-б.). «Айқап» журналында халыққа ықыласы бар 
қалам ұстаған жаңа фікірлеріміз халқымыздың фəйдасына 
осыны істелік деб көб сөзлер жазып майданға салды (Сон-
да. 1912, №2, 1-б.). Майдан сөзі парсы тілінен қазақ тіліне 
бірнеше мағынасымен енген. Қазіргі əдеби тілде солардың 
ішінен соғыс даласы, ұрыс болған жер деген мағынасы 
көбірек қолданылады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 
негізінен, бұл сөздің осы мағынасын ғана береді. Сонымен 
бірге əдеби шығармаларда майдан сөзі тойтарыс беру, 
бетін қайтару, жеңу мағынасында да кездеседі. Оған 
М. Əуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» мына жолдар дəлел. Ма-
тай қолын бастап келе жатқан өңшең ығай мен сығай 
көкжал бөрі дəл жортуыл басы он бес батырға жалғыз өзі 
майдан берген. Сол сияқты бұл сөздің алаң, жалтыр ма-
ғынасы да жоқ емес. Ауыз əдебиетіне жататын «Жар-жар» 


96
өлеңінде кездесетін: Есік алды қарасу Майдан болсын жар-
жар, дегендегі майдан осыны көрсетеді. Майдан сөзінің 
бұл мағынасы Абай шығармасында да кездеседі. Астында 
дария – көк майдан? Үстінде сəуле – алтын күн. 
Демек, «Айқап» тілінде майдан сөзінің талқы, талас, 
көптің пікірі, жариялау, пікірталасы сияқты мағыналарда 
қолданылуына таңдануға болмайды. Бірақ бұлай қолдану-
дың өзі тұрақты бола бермейді. Жоғарыдағы үш сөйлемдегі 
майданның бір-бірінен ептеген болса да мағыналық 
өзгешеліктері бар. «Айқапта» кейде бұның орнына басқа сөз 
де қолданылып отырады. Мысалы, бұл істердің барлығының 
дахата екендігі айтылыб, ...ел болыб мынадай пригавор 
бойынша іс жургізілуге қаулы қылысды («Айқап», 1915, 
№5, 76-б.). Бұл жерде əшкерелеу, жұртқа жариялау, жұрт 
талқысына салу мағынасында халық (жұрт) майданына қою 
тіркесімен синонимдес қолданылған.
«Айқап» журналының сөзқолданысындағы тағы бір 
ерекшелік, əдетте, көп қолданыла бермейтін, бірақ əдеби 
тілде бар сөздердің, сондай-ақ көне түркі тілінде, жазба 
мұраларда молынан қолданылған, көне формалы сөздерді 
жандандыра түсу тенденциясының байқалуы. Мысалы, кісі 
құны жүз түйе деб, жүз түйеге баһала бекі жүз байтал 
кескі қылды («Айқап», 1913, №2, 41-б.). Казақдан миллионер 
бай жоқ: шебер муһандес (ар. құрылысшы, архитектор, гео-
метр – Ө.А.) жоқ, маһир доктор жоқ, адал адвокат жоқ, 
бұл неден? (Сонда. 1912, №8, 203-б.) Мубада (п. əлдеқалай, 
кейде бір – Ө.А.оқуб, жеңсігі басылған біреуде бар болса, 
хабарын білсем, пұлын телеб алар едім (Сонда. 1913, №8, 
185-б.).
Кескі, майыр, жеңсік сөздері қазіргі жазба əдебиетте 
қолданылмай, ұмыт қалып келе жатқан сөздер деуге бола-
ды. Кескі сөзі қазіргі қолданылып жүрген үкім дегенмен си-
нонимдес, бірақ екеуінің айырмашылығы да жоқ емес. Бұл 
екі сөз екі дəуір тіршілігіне байланысты. Кескі – көне за-
ман төрелігіне байланысты болса, үкім жаңа заманның заң, 


97
құқық органдарының ісімен байланысты. Мағыналық жағы-
нан үкім сөзі айыптап та, арашалап та қабылданған шешім 
болса, кескі – айыптап қабылданған шешім. Бұл – қазақтың 
төл сөзінен жасалған шешім, қазақтың төл сөзінен жасалған 
етене лексема. Кес деген етістік түбірге зат есім тудыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет