ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны


дәріс. Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері



бет2/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

2 дәріс. Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері

Мен бір нәрсені ұғындым...өзін жетілдіру ұғымы


Роршахтың сиясына қатты ұқсас болып келеді.
Көбінесе бұл ұғымды қолданған кезде, маған
сол ұғымның шынайы мәнінен гөрі, соны қолданған
адам туралы көптеген мәлімет берді.
А.Маслоу
Отандық психология мен педагогикада қазіргі таңда «тұлғаның өзін жетілдіруі», «өзін таныту», «тұлғалық өсу» және т.б ұғымдар көп таралған және қолданысқа кеңінен енген ұғымдар болып келеді.Бірақ, біздің ойымызша «бұл жаңа формулалар толықтай ұғынылмаған және өзінде нақты мәнге иеленбейді немесе олар метафоралық сипатта пайдаланылып, әдемі ярлыктың қызметін атқарады. Оларға ескі «киімдерді» іліп, ескі ұғымдарды өзгертеді. Соңғысында біздің ғалымдарымыз батыстың идеяларын механикалық түрде біздің психолого-педагогикалық практикамызға енгізуге тырысады. Сондықтан да өзін таныту, тұлғалық өсу және басқа да идеялар өзінен өзі туындаған жоқ, олар тереңнен алынған бағдарлар негізінде қалыптасып, адамға және оның дамуына байланысты өзіндік амалы болады.
Өз кезегінде Макс Отто былай тұжырымдаған: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы. Егер адам басқа адамдарға сенім артса, онда ол олардың көмегімен белгілі бір жетістіктерге жете алады және бұл сенім оның өмірге деген, әлемге деген қатынасын өзгертеді. Кейін олар сеніммен гармонияда болады. Ал сенімнің болмауы осыған сәйкес түсініктерді қалыптастырады» (К.Хорни бойынша цитата,1993,235 бет). Осыдан біз әрбір концепцияда міндетті түрде болатын теоретикалық пен практикалық құрылымнан басқа, оның құндылық құрамы болады. Осы аксеомалық кредо концептуалды құрылымның шынайы фундаменты болып келеді.
Егер адамның сенім-сенімсіздік критерийсін қолдансақ. Өз кезінде Макс Отто былай деп айтқан: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы (С.Б.-мен негізгі психологиялық теорияларға қосымша ретінде атап өтілген). Олар өз кезегінде бірдей мәнге ие болмайтын 2 топқа бөлінеді: адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған) және «сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады.
А) «Сенбейтіндердің» тобында (пессимисттердің) қатал позицияны ұстанады. Олар адам табиғатын негативті –ассоциалды және деструктивті болады және адам оны шеше алмайды. Бірақ одан қарағанда жұмсақ форма да болады. Ол нейтралды объект түрінде болады.
Б) «Сенетін» топтың ішінде радикалды көзқарас болады. Олар міндетті позитивті көзқарасты ұстанады, адам конструктивті, жақсы мәнге ие болады. Бұл ерекшеліктер потенциал түрінде болады және бұл потенциал жағдай өзгерген сәтте ашылады. Және адамға байланысты епті көзқарас та болады. Ондай мәнге адам бірден ие болмайды және позитивті өзін жетілдіру міндетті түрде болып жатпайды. Бірақ ол адаммен саналы, ерікті түрде таңдалады және оны шартты-позитивті деп атауға болады.
Адамның болмысы туралы мәселемен қатар, сол мәнмен не істеу керек екендігі туралы мәселе де кеңінен қарастырылады. Бұл жерде оны тәрбиелеу, дамыту және жақсарту мәселелері қарастырылады. Тәрбиелеудің мәні туралы мәселе принципиалды түрде былай шешіледі: егер адамның болмысы негативті болса, оны өзгерту керек; егер ол жоқ болса, оны құрастырып, консруктизациялап, адамға енгізу керек. Егер ол позитивті болса-оның ашылуына көмектесу керек, егер болмыс ерікті түрде жүзеге асса, оған сол шешімді қабылдауға көмектесу керек.
Әлемдегі базистік имплицидті психологиялық концепциялардың типологиясын кесте түрінде ажыратып көрсетуге болады. Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып, таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды.
Кесте: Психологиялық концепциялардың базистік бағдарлары

Базистік бағдар

Адам табиғаты

Тәрбиелеу мәні

Негізгі өкілдері

Адамға деген сенімсіздік

Негативті

Өзгерту, компенсация

Классикалық фрейдизм

Нейтралды

Қалыптастыру, түзету

Бихевиоризм, отандық психологиядағы көптеген бағыттар

Адамға деген сенімдік

Міндетті позитивті

Өзін жетілдірудегі көмек

К.Роджерс,
А. Маслоу концепциялары

Шартты позитивті

Таңдаудағы көмек

В.Франкл, Дж. Бюдженталдың экзистенциалды бағыттары

Осылайша тұлғалық өсу және өзін жетілдіру концепциясы адамға деген гуманисттік көзқарастардың логикалық жалғасы екендігі анық. Және ол өз кезегінде адамға сенім артпайтын бағыттармен байланысты емес. Бұл жерде атап өтілген тұлға мен тұлғалық өсу ұғымдары «гуманисттік психологияның дамуына» үлесін қосқан лидерлердің К.Роджерстің концепциясына сүйенеді. Оның тұлғалық-орталықтанған бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет