Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет31/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.41 Mb.
#20417
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Ғұбайдолла хан Уәлиоғлы маған, бізге ақыл қосқан жоқ. Біздің ұстап(уымызбен), зорлығымызбен келді. Одан соңғы айдаған елімізні Қоқанд деген сарт зорлық қылып, тартып алды. Одан бұрын ағамыз Саржан сұлтанны, Есенгелді сұлтанны уә Әлжан сұлтанны ұстап өлтірді. Одан соң атамны Қасым сұлтанны өлтірді. Алмал алымды 1841-жылда Қоқанда үстіне ләшкер тартып барып, елімізні шығарып, падишаһ хазіретлеріне қызмет қылып жібердік. Со елімізден алты мың алты жүз алпыс алты үй қалды. Сол жұртымызды шығарып падишаһ қызметіне жіберуге ниет қылып тұрмыз.

Сіз мархабатлы ғинаят, шапағатлы губернатор хазіретлеріне император шаһиншаһ хазіретлерінен ғарыз қылың, бізге отыз бес жыл мәулет берсін. Одан соң ғарызымыз сол: Сібір линиясы тұсынан ғаскер шығармасын. Ұлытау, Кішітау тұсынан. Һам Ұлытауға ғаскер шығарса қатын, бала-шағамыз шошып, падишаһ хазіретке қызмет қыла алмаспыз. Одан соңғы ғарызымыз сол: біз естиміз төрт кісі елші барды деп, бізді шағып, яғни жала қылып, керуенді талады деп һам жұртты шапты деп.

Егер біз керуен талаған болсақ, мойнымызға салсын. Біз бұл керуеннен алғанымыз жоқ дүр. Біз ел шығарған соң қайттық. Басқа ешбір зарар қылғамыз жоқ және жүзіміз сол. Бізнің қыстауымыз - Ұлытау, жайылуымыз – Кішітау, Торғай, Жайық дүр. Падишаһ қызметінен бізнің көңілімізнің басқалығы жоқ дүр.

Сізнің комиссия мекемесінен келген хабар уә хатны Ержан төре Турсыноғлы келіп мағлұм қылып, падишайның манифесін айтып келді. Біз әлбетте көңілімізблен қабыл қылып қызмет қылдық.

1841 -жылда, феуралдың 22-наумінде

Иланбақ үшін мөрімні бастым» .

Бұл хат Кенесары мен Ресей үкіметінің арасындағы қарым-қатынастың ең шиеленіскен тұсында жазылған. Мұнда ашық көтеріліске шығудың себептері мен шарттары айтылған. Бұл шарттар орындалмаған соң сол жылы қыркүйек айында хан сайланып, ашық майданға шықты.



ххх

«Хұдие мекемесінің садырыншын генерал-майоры Генс хазіретіне

Біздің Кенесары сұлтан Қасымоғлындан иғламнаме дүр

Ол ұлығ падишаһ хазіретләрінің ғинаят уә мархамат уә фарман канонлары бойынша Орынбор қаласынан ініміз Кінжан (Кенже -?) Көнекоғлы уә Нұтхан сұлтан Сәмекеоғлы әр қайсысы бәдәулөт падишаһның дидарлық мейірбанлығын көріп, есен-сағ қауыштылар. Одан соңыра сұлтан Ғабдолла Абылайоғлы артынан жіберген ғарыз-хатны Сібір төрелері жібермеді деп естіп тұрмыз. Одан соң Еркін сұлтан артынан жіберген тілектерімізге жауап болмады. Және Қарабай сұлтан ұзақ тұрды келмей, әлбәтте, жылдам қайтарғайсыз. Біз һам үміт тұтамыз бек лайықты жауап бермеклігіңізні.

Инанмақ үшін Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым. Июннің 25-наумінде. 1842-ншіде» .

Бұл иғламнаме Орынбор генерал-губернаторымен жүз жылытысып, мәмілеге ұмтылған тұстарында жазылған.


ххх

Кенесары сұлтанның билерге хаты

Сізге – Байтөре биге уә Бәшек биге уә Қызыл биге уә Аушұнды биге уә Сүлеймен биге уә Қаракүшік биге уә жамиғи назарның кісілерге уә биләргө уә мырзаларға сөз!

Сол құдайның тағдыры болып, бізнің біраз мұнша кісімізнің қаны сізнің мойныңызда болып еді. Ол қылған ісіңізге тәубе қылып: бізні хан біліп, өзіңіз қараша болып бізнің бірлән ерісер деген ниетіміз бар еді. Сіз құдайдан қорқып, әруақты сыйламадыңыз. Сізнің қылапатыңыз... тілеуді ұрды. Егер бұрынғы істеріңізден тәубе қылып қайтсаңыз, жақсыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз. Бізнің мейірбанлылығымыз сізләрге көп дүр, Егер келмесеңіз: біз отыз жасқа келіппіз, сізні қүдайдан тілеп енді отыз жыл жаулармын, еншалла хаһ!

Сізләрге Баубек құлымызны жібердік. Әрбір ауыз тіліне бауыр қылың» .

Бұл Кенесары хан болып сайланған соң қазақ билеріне жолдаған пәрмндеріне қарсы шығып, жаулық істеп, Ресей мен екі ортадағы келісімге кедергі жасаған, сатқындық жасаған билерге жолдауы.


ххх
«1844-жылы рамазан айының 8 күні сұлтан Кенесары Қасымоғлының Арыслан сұлтанға жазған хаты

Сізге, ғизатлұ әм хұрметлұ правитель Арыслан сұлтан құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем... Әгәр бізні сұрасаңыз сахат-сәламат дәулет үстінде бармыз және сізге сөзіміз: кәпірге бас қосып, һұжымдық қылып, мұсылманға дұшпанлық қылдыңыз. Тыңла! Алла тағала хазіретіне не жауап берерсіз? Бізге мұнша дұшпанлық қылсаңыз да, біз сізні һар заман көңілімізден салмаймыз. Және тағдыр құдай болып арамыздан бір сыпайгершілік өтті. Оны көңіліңізге алмағайсыз. Және сөзіміз: жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Бізні көңіліңізге алсаңыз, бұ елшілерні жақсы қылып өткізгейсіз. Сізге молла Баймұхамедні жібердік. Оның һарбір ауыз сөзіне бауыр қылың.

Бұ сөзнің растылығына Кенесары

сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым» .

Арыстан сұлтан – Орынбордағы патша өкіметінің сеніміне кірген, Кенесары көтерілісіне қарсы казактар мен қазақтардан жасақталған әскерді жасақтап шыққан аға сұлтан. Ол көтерілісшілердің ауылын сан рет қырғынға ұшыратқан.



ххх

1844-жылы рамазан айының 10 күні сұлтан Кенесары Қасымоғлының полковник Баймұхамедке жазған хаты

Сізге, ғизатлұ һам хұрметлұ полковник Баймұхамед құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем. Бұ да сөзіміз сол: әгәр бізні сұрасаңыз сахат-саламат дәулет үстінде бармыз. Және сөзіміз: екі жыл кәпірге бас қосып һұжымлық қылып бізге дұшманлық қылдыңыз. Оны һам біз көңілімізге алғанымыз жоқ дүр. Иманлық қылғанға жақсылық қыл деп еді. Сіз дұшпанлық қылсаңыз да сізні біз көңілімізден салмаймыз. Және сөзіміз: Орынбордағы жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Әгер бізні көңілімізге алсаңыз бұ жіберген хатымызны жақсы қылып тигізерсіз. Сізге Баймұхамед молланы жібердік. Оның (әр) ауыз сөзіне бауыр қылыңыз.

Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрім бастым. Және де 1844-жылда рамазан айының оныншы күнінде бұл хат жазылды» .

Баймұхамед – полковник. Кенесары көтерілісінің әр қадамын аңдып, шолғыншылар мен жансыздар жіберіп, оның мәліметтерін губернаторға жеткізуші жандайшап сұлтанның бірі. Арыстан, Баймұхамед, Ахмет сұлтандар жасақталған әскермен шығып, Кенесарының көшінің соңынан түскен. Бірақта өздері арандап, бетпе-бет соғысуға шыдамай, кері қайтқан.



ххх

Сізге ғизатлу уә хұрметлұ Орынборда тұрушы жаңа келген жандарал хазіретлеріне

Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлындан

Ғарызымыз сол: мың да сегіз жүз отыз тоғызыншы жылында Орынборда тұрған военный губернатор жандарал Генс бізге хат жіберген екенлер. Падишаһ Ғали ишан хазіретлері сізнің әрбір қылған істеріңізні манифест деп мейірбаншылық қылдылар. Біз бұ мейірбаншылыққа иланып оқ атып, қылыш шаппай падишаһның кең етек, тар қойнында бас тартпай тұрып едік. Өткен шағбан айының жиырма бесінші наумінде Баймұхамед, Арыслан, Ахмед үш правитель үш жерден шығып һұәнымлық қылып, Торғай бойында ала алмай қайтты.

Оны да көңілімізге алмай оқ атып, қылыш шауып падишаһқа қарсылық қылғанымыз жоқ дүр. Биыл өткен науырыз айының жиырма бірінші наумінде өзіміз үйде жоқ болып, аңға кеткен уақытымызда Омскі облысы тарапынан бір бөлік отряд шығып законшы Сотников оғлы бірлән алтай тайпасынан Аққошқар Сайдалы Құдайберліоғлы, старшын сұлтан Қоңырқұлжаның шағымы бірлан келіп, бір бөлек ауылымызны шауып, бір бала уә қызымызды қырып, Күнімжан атлық бір ханымызны ұстап алып кетті. Сібірнің бұ қылған істерін Орынбордағы тұрған үлкенлерге ғарыз қылармыз деп Ырғыз бойына келгенімізде майор Лебедев бірлан правитель Ахмед екеуі отряд бірлан алдымыздан шығып, бізнің жанымыздағы Байқадам батырны шауып алып кетті.

Мұнан соң: құдайдан рахым болмаса, орыстың үлкенлерінен мархабатшылық жоқ екен деп біз һам біраз мұнша іс қылғанларымыздың себебі сол еді. Бұрынғы Орынбордағы үлкенлерден үмітімізні үзіп едік. Сол уақытта сізні келіп Орынборға түсті деп естігеннен соң мұнша ғарызымызны сізге айтып мағлұм қылдық. Сізден бұрынғы орыстың үлкенлерінен зорлықтан басқа мархаматшылық көргеміз жоқ дүр. Енді сізден мархаматшылық болар деген үмітіміз бар. Бізнің бұл ғарызымызны падишаһқа жеткізіп, біздің өмірімізні өзімізге қайтарып алып берсеңіз – орыс, қазақтың көз жасының сауабына қалар едіңіз.

Құдай бір, закон басқа дүр.

Бұ істерді мархамат қылып алып берсеңіз: қандай уағда қылсаңыз да бармыз. Мұнан бұрын Қарабай сұлтан ағзамны жіберіп едік, оны һам жібермеді. Сол себептен өзіңізнің қол астыңыздағы Иманшаоғлы молла Баймұхамед бірлан бір орыс, бір башқұртны елші қылып жібердік.

Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы

мөрімні бастым және қолымны қойдым.

1844-нші жылда рамазан айының он бірінші наумінде хат жазылды».

ххх

Сізге ғизатлұ, хұрматпұ ұлығ мәртебелұ Орынборда тұрушы жандарал хазіретлерге

Бізден Кенесары Қасымоғлындан

Ғарызымыз сол: сіз мархаматшылық қылып жіберген ғарызымызға жауап жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині жібергеніңізні көріп хош уақыт уә хорам болдық. Мұның бағытында: сіз айтып, сіз ұлығ император хазіретлерімізнің қылған мейірбаншылықлардан бас тартып, өсекшілік қылып, бұрынғы ұлығ губернатор жандарал Генске қылған мейір уағдаңызға опа қылмай мұнша іс қылыпсыздар. Қылған істеріңіз сол: бұхаралық Құрманбай Ниязоғлының малын талап және бір орыс сотқарының приказчигін уә екі қосшыны өлтіріп, пұлларыны талапсызлар - дей дүр. Және жаппас руы қазақларының ауылдарын шауып, қарусыз Алтыбай би Көбекоғлыны өлтіріпсіз дей дүр. Уә және мұнан басқа канонға сыймайтұғын қылған істеріңіз көп дей дүр.

Бұл орыс, қазақ, бұхаралықның айтқан сөзіне иланып бізге бұ жауапты айтыпсыз. Мұның бағытында мен сізге көп-көп тілек қыламын: бұ ғарызымызны шын қалып билен тыңласаңыз сол уақытта сенеміз. Ләкин көргенім жоқ дүр.

Қоқанд жұртына қараған тама руы Құрман бинің адамлары атланып, сізнің бұ айтқан Ниязоғлы Құрманбай бірлән орыстың приказчигін өлтіріп, малларын талап алып дүр. Мұның бағытында жаппас руы Көбекоғлы Алтыбайды Қоқанд бірлан бас қосып шөмекей тайпасы сарқасқа руы Сарман бині өлтіріп еді. Мұның бағытында шөмекей тайпасы Алтынбай бинің ауылдарын шауып, өзін өлтіріп дүр. Бұ мәзкүр болған сөзларға сізнің көңіліңізге күмән келе дүр. Мұнша іслерді өзләрі қылып, басқа адамларға айта дүр дейулар. Бұ айтылған істердің растлығына әуелі құдай, ақыры қазақ жұртының әрбір жақсыларына мағлұм дүр. Бұ барған молла Баймұхамед Иманшаоғлы бұ істерді көзі көрмесе де құлағы естіген дүр. Және ғарыз қыламын:

Біз хат жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині сіздің қызметіңізге жібергеннен соң, сізге қараған қалмақ жұртынан жылқы алып, Полтавский деген қаладан бір орыстың баласын ұстап алып келген екенлар. Біз сізге айырып қызмет қылмақ үшін кісі жіберіп алдырып, бұл жіберген орыслар бірлан қосып жібердік. Өзіңіз данасыз, білерсіз. Бізден басқа қазақлар іс қылмағы тұрған болса, бұ істерді кім қылған екенін өзіңіз сұрап білерсіз. Қалыс елге һам бізні тергеп кеп(гәп) сөз айтыпсыз. Біз сіздей данышман болмасақ та сөз мағнасын аңғарамыз. Өз пайдамыз үшін айтыпсыз уә және мүзәкара болған сөзләрда бұрынғы бастықтарға уағыда қылып, уағыдаңызға опа қылмайсыз. Сол себеплі иланып болмай дәйулар деп жауап қылыпсыз. Бұрынғы Орынбордағы бастықтар әрбір сөз айтса да көңілімізге муәфиқ келіп, сізнің бұ айтқан мейірбаншылық мархабатыңызға ұлы жан билан иланып, әміріңізні тәрік қылмай қолымыздағы орыстардың нешесін беріп жібердім. Және ғарызымыз ағзам император падишаһның дәулеті жаһанда бір ұлығ дария дүр. Біз торғай. Дариядан торғай су ішкенменен таусылып қалмас дейділар. Падишаһның кең дәулетінегі махрұм тасталмай, сіз бен бізге елікнің бір кеңлігін алып берер деген үмітіміз көп дүрлар. Бұ ғарызымызға өзіңіз данасыз, ойлап білерсіз, мейірбанылық қыла көргейсізлар. Бізнің қазақ жұртының бір нақылы дүр: «Ісіңді көпке сал, көпті қүдайға сал» – деген. Бұ ісімді сізге салдым, сізді құдайға салдым.

Және ғарызымызға біз тараптан ұлығ падишаһы ағзам император хазіретларының мемлекетіне сірге түскен пенделер кегі дүр екен. Оны мармхаматшылық қылып шығарсаңыз дүние уә ахретіңіз абадан болып, көп сауапқа да Һал (себепші) болар едіңіз. Және ғарызымыз айыпсыз бір алланың өзі дүр. Бізнің айыбымыз көп дүр. Бұ мархамат ғинаят нәмеңіз келгеннен бұрынғы қылған істеріміз болса, кешіргейсіз. Сіз бізге жер жерде иланбастық сөз айтып, сіз бізнің кепілімізді Иманшаоғлы молла Баймұхамедті ұстарсыз. Өзіңіз қандай мейірманшылық қылсаңыз өзіңіз білерсіз.

Бұ сөзімнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрінің бастым.

1844-жылда, ақырап айының он бірінші нәумінде рақым тапты» .

Бұл Орынбор генерал-губернаторымен арадағы қарым-қатынастың ашық жаулыққа ұласар алдында жазылған соңғы хаттардың бірі.



ххх

«Сізге ғизатлу һам хүрметлұ генерал хазіретлеріне Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлындан

Арызымыз сол: озған жыл правитель Баймұхамед, Арыслан ғаскер билан бізні ізләп келе жатқанда Торғай бойында бір інімізні Әбулғазы сұлтанны бірнеше жолдастары бірлан ұстап алып кетіпті дүр. Және Сібір тұсындан бізнің бір ініміз Мұстафа сұлтанны бірнеше жолдасы билан ұстап алып кетіпті дүр. Және Сібір тұсындан Уәли ханның баласы Ғұбайдолла ағзамны ұстап алып кетіпті дүр. Бұларға қандай мейірбаншылық қыларыңызны һам өзіңіз білерсіз.

1844-жылы желтоқсан айында жазылған хат» .

Бұл – Кенесарының патша ұлықтарынан әбден күдер үзіп, өзінің жеке басына бәйге тігіп, басын кесіп әкелу туралы жасырын пәрмен шыққан соң қалайда тұтқындарға араша түсіп, оларды өлім жазасынан құтқару мақсатында ескерту ретінде жазылған хаты.

Міне, Мұхтар Әуезовтің: «Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын. Орынбордың, Омбыдағы Сібір ведомствосының метариалдарын зерттедім, казактар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым» - дегендегі деректердің ұзын-ырғасы осы мазмұндас болса керек.

Бұдан басқа мемлекеттік архив сөрелерінде Кенесары сұлтанның отыздан астам хаттары бар. Ал Ресей мұрағаттарындағы құжаттарды толық жинастыратын болса, онда оның саны 30 томнан асады. Біз тек орталық архивтегі арап харпімен жазылған, Кенесарының өзінің мөрі басылған хаттардың бірнешеуін ғана оқырман назарына ұсындық.

1844-1845 жылдары патша үкіметі Ұлытау, Ортау, Ақтау, Ырғыз, Ақмешіт, Қарқаралы, Аякөз сияқты бекіністерді күшейтіп, онда тұрақты әскер орналастырылды. Жазалау отрядтары шықты. Генерал Вишневскийдің барлау-жазалау, Жетісуды бодандандыру жасағы дайындалып жатты. Бұдан кейін Арқада қоныстанудың мүмкін еместігін түсініп, Жетісуға бет бұрады. Мұхтар Әуезовтің пьесасындағы Кенесарының Бұғыбайға:

«Қырғызбен келісер-келіспесіңе көзім жетпейді. Атамның қылығын алдыңа тартар. Тұтқында кеткен мың үйлі қырғызды айтпас деймісің. Бірақ, оның да бір жағында қытай, қалмақ, бір жағында Қоқан, тағы бір жағында қапқалы келе жатқан орыс (бар). Бір заманда өкпелі болса да, қазір де қазақтан басқа кімі бар. Сөзді ұқсын, келіссін. Алатауға ірге тіреп қырғыз-қазақ бірігіп елдік жасаймыз. Содан соң сыртынан қапсыра құшақтап буып алғалы орыс келе жатса да өзімен-өзі алысып жатқан Қоқан, Бұхара анау, соның екеуін де біріксек біз аламыз. Содан соң оңдағы, солдағы жаудың екеуін де көріп алармыз. Ықтиярымен көнбейтін болса бағындырамын, көндіремін, сонымды айт! Менің Арқадан кеткендегі тұратыным - Алатау. Ірге көметін жерім осы. Бұл таудың іші-тысын жайлаған ел, не менімен дос болып бауырыма кіреді, не болмаса – қасым болып қарсыма шығады. Аралықта қалмайды, соны айт!» - деп булығатын буырқанысты зауал шағы.

Ал: «Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын» - деген пікірі де шындық болатын.

1925 жылы М.Әуезов өзінің әйгілі «Әдебиет тарихы» атты зерттеу еңбегін жазды. Онда «қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» деген ұғымды кіргізе отырып, «Кенесары-Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі», «Кенесары» жырының мәнісі» атты арнайы тарау арнап, халық жырларын барынша тереңдете талдап, олардың тарихи шындыққа орайлас тұстарын деректерге сүйене отырып саралайды. Оны:



«Көкбай шығармасында халық ауызында жүрген тарихтық деректер мен естеліктерді, лақап әңгімелерді, әрі көлемді фольклор материалдарын көп жинап пайдаланған. Сонымен қатар Абай арқылы кітап жүзінен алынған, баспаға шыққан мақала, зерттеулердің дәлді деректері бар екені да байқалады. Мысалы, Көкбай жырында Абылайдың жетпіс жаста, 1781 жылы өлгендігі айтылады. Орта Азия хандарының тарихынан Қоқанның Ғұмар ханы, оның нәсілі Бала ханның жайы, Ташкеннің беглер бегі, қазақ хандары мен Қоқан хандығы және Бұқар әмірінің арасында болған қатынастар тарихқа жақын шындықпен аталған болады. Абылайдың бергі замандардағы тарихтық адамдардың өмірбаянына, іс-әрекеттеріне тарихтық жағынан қанықты болған білгірлік байқалады. Қазақтағы хан-төрелердің көршілес елдермен қақтығысулары да тарихтық деректерге үйлесіп отырады» - деген талдаудан анық байқауға болады.

Кенесары қозғалысы туралы басылып шыққан Смирновтың, Середаның, сондай-ақ «Вестник Европы» сияқты өмірбаяндық тарихи очерктерді түгелдей оқып, көңіліне түйгені анық. Міне, сондай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты бойына толық сіңіріп: «Әр тарихи дерекке әркімнің өзінше қарауға құқы бар, бірақ өз концепциясы болмаса, ешбір автор тарихи тақырыпқа қалам тарта алмайды», - деген дәрежеге жетіп, айтар ойы анықталған соң, енді сол тарихи оқиға өткен жерді көзімен көріп шығу үшін Кекілік тауына бет алған. Осындағы «авторлық позиция мен концепцияға» қарсы қандай саяси-тарихи баға бар еді? Бар еді және оны тұжырымдаушылардың бірі Мұхтар Әуезовтің немере жиені профессор Мұсатай Ақынжанов болатын.



М.Ақынжанов: «Соғыс кезінде совет тарихшыларының едәуірі Отан қорғау жұмысына атсалысып жүрген кезде, Е. Бекмаханов әлдеқашан тарихтан алынып тасталынған содырлы Кенесары Қасымовты «тірілтіп», жат пікірді кайта соныламақ болды. Бірақ оның бұл әрекетін Қазақстан жұртшылығы өте суық қабылдады.

Орталық партия комитетінің органы «Правда» Бекмахановтың ұстаған жолының қате екенін, бағытының буржуазияшыл-ұлтшылдық екенін әшкереледі. (...) Жұртшылыққа белгілі Қазақстанда XIX ғасырдың алғашқы жарымындағы үстем тап - «ақсүйектер» мен бай-феодалдар болған. Олардың өздерінше(пайымдауынша) «ақсүйектік және дворяндық ұлт мәселесі» болды. Қазақ «ақсүйектері» Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін хандар тұсындағы артықшылығы мен құдіреттілігінен айырылды. Сондықтан олар Қазақстанды орыс мемлекетінен бөліп алуды тіледі. Мұнысымен олар қазақ елінің басына хандарды − «ақсүйектерді» қойғысы келді. Сөйтіп қазақ халқының тағдырын хандарға тапсыруға тырысты. Міне, осыны Сталин жолдас феодалдық-монархиялық «ұлтшылдық» деп атайды.

Хандық үкіметтің жойылуы қазақ халқы үшін, сөз жоқ, жеңілдік болды. Өйткені Маркстың айтуынша 700-800 жылға созылған Шыңғыс хан тұқымдарының «жексұрын қансоқталығына» аз да болса тыйым салынатын еді. Әрине, оны орыс патшасы қазақ еқбекшілеріне жаны ашығандықтан емес, өз құлқы үшін, хансыз қазақ елін чиновниктер арқылы жеке билеп, жеке қанау үшін істеді. Солай бола тұрса да, бұл бір адым ілгері басқандық еді. Өйткені екі қанаушының бірі, әсіресе, 800 жылға созылған «жексұрын кансоқталық» кемитін еді. Екіншіден, ортағасырлық хандық құрылыс казақ ішіне капитализмнің кіруін бөгеп, экономикада натуралдық қалыпты сақтап отыратын еді. Сондықтан хандық институтының жоғалуы қазақ халқы үшін дұрыс қадам болды.

Қазақ халқының Кенесары соңына ермей, Россиямен бірге болуды тілеуінің тарихи зор мәні бар еді: 1) Кенесарыға еріп кеткенде, қазақ еңбекшілері орта ғасырдың шырмауында, қол аяғын жаза алмай отырған, қаусаған шірік хандықтардың біреуіне тәуелді болып, ақыры ағылшын жыртқыштарының құлдығына түсетін еді. 2) Қазақ елінің быт-шыт болып тозу қаупі болды. Өйткені, Кіші жүз қай жағынан болса да Россиямен біріккен. Ол, сөз жоқ одан айырылмайтын еді. Олай болса, тұтас қазақ елі бірнеше хандықтарға бөлініп, Қытайдың, Орта Азия хандықтарының, Россияның қол астына бытырап кетіп, халықтығынан айрылатын еді. 3) Шаруашылық тұрмыс құру жөнінен шығыс хандықтары қазақ халқының отырықшылануына, егіншілік кәсібімен айналысуына жол бермейтін еді. Өйткені, оның өзі ескі ортағасырлық тұрмыста болды. Ал бұл кезде қазақ елінің Ұлы жүзден басқасында Россияға қосылу арқылы егін, отырықшылық, сауда қатынасы күшейді.4)Россия тек патшалық Россия емес еді, халықтық-бұқаралық Россия да бар болатын. Орыстың халықтық-бұқаралық мәдениеті де өсті. Бұқаралық Россия өзімен отырған елдердің болашақ Абай, Ыбрай, Шоқандарын туғызуға әсер етіп отырды.

Кенесары генерал Горчаковқа жазған бір хатында «Ортажүзден кетіп барамын, өйткені бастықтардан да, қол астында отырған халықтардан да ешбір мейрім таппадым, бәрі де жаулық етеді» - деп мойындаған. Бұдан қорытынды Кенесары орта жүзге сия алмай, халық қаһарына қарсы тұра алмай, зытып отырған.

Бірақ, оның орта жүзден кішіжүзге ауысуы тегін емес. Өзінің ескі достары Хиуа, Бұқар хандықтарына жақындап көмек алу болған. Өйткені, ол орыс патшасына қарсы халықтың азаттық күресіне басшылық етем десе, сол кезде шыңына жеткен нағыз халық қозғалысы Исатай - Махамбеттің күресіне қосылу керек еді. Керісінше, ол оған жау болған. Жаппастың ішінде Наурызбай тобы Махамбетке қарсы оқ атқан. Ал оның керісінше ел талаушы Жанғожамен бірігіп кеткен. Жанғожа екеуі тізе қосып алып, бейбіт өмір сүріп отырған қазақ ауылдарын Созақ, Сайрам қалаларын шапқыншылыққа ұшыратқан.

Кенесары кіші жүздің жеріне келіп орналасқаннан кейін өзінің «әскери күшін» молайтып алу үшін неше түрлі сұмдық айла-амалдар істеген. Орынбордың генерал-губернаторы Перовскиймен, Хиуа, Қоқан хандығымен, Жанғожа Нұрмағамбетұлы сықылды ел тонаушылармен жақсы қарым-қатнас жасаған. Перовскийге жазған бір хатында «Бастықтарға қарсы келе алмаймын, қарсы тұрғым да келмейді...» - деп жағымпаздана келіп, осы келіп отырған жерінен козғамауын тілейді» .

Әрине, Мұхтардың ұстанғаны мұндай жалған тарихи «позиция мен концепциямен» емес еді. Сондай берік ұстаныммен Ленинградтан аттанған Мұхтар Әуезов 1927 жылы Бішкек барып, Қордай асып Алматыға келген. Әлкей Марғұлан бұл жайды:



«1927 жылдың май-июнь айлары. Мұхаң “Не iстеуiм керек» деген оймен қатты толғануда болды. Бiраз уақытта каникул да жеттi. Бiр күнi отырып:

- Мен Алтай экспедиясына бармауға бел байладым. Бұл елге, Шыңғыстауға бармау деген сөз. Оның орнына Жетісуға барып 1916 жылғы көтерiлiстi зерттеймiн, жолшыбай Қызылордаға соғып, оның театрымен танысамын, жаңа өсiп келе жатқан жастар өмiрiмен танысамын, - дедi. Бұл сапар Мұхаң үшiн текке кеткен жоқ. Бұл үлкен игiлiк сапары болды», - деп еске алады.

Сол сапарында Кенесарының қазаға ұшыраған жерлерін аралап өтіп, ескі әңгімелерді жинастырған. Ол туралы шындықдың сорабын «Тіршілік» газетіндегі мына хабардан байқауға болады:



«Жақын арада Ленинградтан оқып жатқан қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Әуезұлы Алматы қаласына келдi. Келген жұмысы: Жетісудан қазақтың ауыз әдебиетiн (өлең, тақпақ, ертегi тағы сондай қазақ елiнде ауызша айтылып, жазылынып жүрген шығарма, деректер), 16-шы жылы көтерiлiсiнен қалған түрлi шығарма деректер, Кенесары, Наурызбай жорықтарынан қалған ел аузында сөйлесiп жүрген әңгiме-өлең, ертегiлердi жинау. Жетісуда жоғарғы айтылғандарды (қайсысы болса да) бiлетiн азаматтар болса “Тілші” басқармасы арқылы тiлдесуге болады. Мұхтар жолдас келген қызметi жөнiнде ел әдебиетiн сүйген азаматтармен, кәрi құлақ қариялармен сөйлесiп, дерек алуды тым-ақ тiлейдi. Ескi әңгiмелердi көп бiлетiн қазақтың ақындарын, қарияларын, аты жөнiн (тұрған жерiн айтып) бiлдiрген, өз тұсынан жиған деректердi (материалдары болса) жiберген азаматтарға алғыс айтады. (Еңбек басылып, iске асардай болса, құр қол қалмайды. Өкiмет қазынасынан ақша берiлуi мүмкiн). Әсiресе 16-шы жылдың оқиғасы туралы деректердi жинауды өлкедегi Қазақстанды зерттеу қоғамы мен өлкелiк партия комитетiнiң үгiт-насихат бөлiмi тапсырған екен. Мұхтар жолдас Жетісуда августың 15-iне шейiн ғана болады. Тiлеген адам жоғарғы мағлұматын “Тілші” басқармасы арқылы жiбере бергендерi дұрыс».
Бұдан кейін Ленинградқа барған соң Фатима Ғабитоваға:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет