Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)


4-сынып 
77% 
18% 
2% 
3% 


107 
Оқушылардың жалпы қатысу ынталары жоғары. Сыныптары 
жоғарылаған сайын олардың патриоттық тәрбие туралы білімге деген 
ынтасы артып, саналы түрде меңгеретінін байқадық.
Жүргізілген жұмыстардың оқушының жан-дүниесіне қаншалықты әсер 
етуін және патриоттық тәрбие негізінде мінез-құлық дағдыларын 
қалыптастыруды тұтас жүйе ретінде қарастырдық: 
- оқушыға ықпал ету әдістеріне көбірек көңіл аудару(сендіру, санасына 
сіңіру, өнеге көрсету т.б.); 
- заттар мен құбылыстарға сыни тұрғыдан қарап, бағалау іскерліктерін 
қалыптастыратын әдістерді жүйелі пайдалану(талқылау, кеңес беру
пікірсайыс т.б.); 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуні ажырата білудегі білімі мен білігі. 
Патриоттыққа тәрбиелеуді оқушылардың балабақша қабырғасынан 
қалыптасып келген еліктегіштік, әсершілдік, белсенді іс-әрекетке құштарлық 
сияқты қасиеттерін патриоттыққа тәрбиелеуде есепке ала отырып, жасы 
есейген сайын ол қасиеттерді дамыта түсуге, ал бұрын қалыптасып қалған 
ұнамсыз әдеттерді жоюға бағытталған жұмыс түрлері оқу үдерісі барысында 
жүзеге асырылды. Қай уақытта да білім берудің міндеті оқушылардың білім, 
білік, дағдыларын қалыптастыру ғана емес, оның тұлғалық жетілуі 
тұрғысынан да қарастырылады. Бұл ретте біз ұсынып отырған патриоттыққа 
тәрбиелеуды бастауыш сыныптардың оқу әрекетінде жүзеге асыру 
әдістемесінің тиімділігі тәжірибе барысында анықталып отыр. Өзің мен өз 
халқың арасында өзара рухани байланыс орнату, ұлттық мәдениетке тән 
болу сезімінен әсерлену, оның құндылықтарын өзінің санасында қабылдау
өзіндік пікір қалыптастыру - оқушының патриоттық тәрбиесін оқу 
процесінде жүзеге асыра отырып, қол жеткен нәтижелер демекпіз. Осы 
орайда, біз патриоттыққа тәрбиелеуды кешенді түрде іске асыруды 
қалыптастырушы педагогикалық тәжірибе кезеңінде тәрбие үдерісінде 
жалғастырамыз. 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің тәжірибелік әдістемесі келесі 
тараушада көрініс таппақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет