Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
1 тақырып: ТТТ негізгі ұғымдары – 2 сағат
1 дәріс. Кіріспе.Курс нысаны, пәні, мақсаты мен міндеті, маңызы. Курстың орны. Әдебиеттерге шолу.ҚР туристік спорттық жорықтарды өткізу тәртібі.
Мақсаты: ТТТ ерекшеліктерін зерттеу, негізгі ТТ әдістерді игеру, туризм түрлерінің техникалық тәсілдерін білу, стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдай білу, туристік топтармен жұмыс істей білу.
Міндеттері. ТТТ негізгі ұғымдарды білу, туризм түрлерінің техникалық тәсілдерін игеру, туристік саяхаттарды қаүіпсіз және ұтымды түрде жоспарлау мен өткізу қағидаларын білу, оқу-жаттығу түрінде өтетін жазғы оқу практикасына дайындалу
Оқу нәтижесінде студенттер мынадай білімдер мен дағдыларға үірену қажет:
Әртүрлі дәрежелі қатысушылар үшін белсенді турларды әзірлеу
Турларды қаүіпсіздік негізінде жоспарлау мен іске асыруды жоспарлау әдістемесін білу
Арнайы және бивак жабдықтарын таңдау мен онымен жұмыс істей білу
Техникалық әдістерді игеру
Тактикалық және стратегиялық ойлау
Демалыс күнгі жорықтарды ұйымдастыру мен басқаруды білу
Туризмнің белсенді түрлеріне туристің маршрутты өз күшін жұмсап өтумен байланысты туристік саяхаттарды жатқызады. Белсенді туризмге спорттық туризмнің көптеген түрлері жатады: жаяу, тау, шаңғы, су( моторсыз кемелер мен қайықтар), велосипед және т.б.
Қазақстаның туристік болашағында белсенді туризмнің маңызы ерекше, себебі – елімізде туристік рекреациялық ресурстарының ішінде табиғи ресурстары басым роль атқарады. Олардың ішінде ең алдымен тау туризмі мен альпинизм, су туризм ресурстары: Орталық Қазақстан, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Алтай мен Жоңғар Алатауы.
Қазақстан турфирмаларының көпшілігі белсенді туризммен айналыспайды. Мұндай жағдайдың бірнеше себебі бар, оалардың ішінде жоғары дәрежедегі мамандардың жетіспеуі. Сондықтан бұл мәселені шешу болашақ мамандардың міндеті болуы тиіс.
Туристік спорттық саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша.
Маршруттық кітапша құрамына мынадай мәліметтер кіреді:
- Маршруттық квалификациялық комиссияның(МКК) рұхсаты;
- маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен ұзындығы
-негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипаттамасы(мысалы, асулардың қиындық дәрежесі мен биіктігі);
- негізгі, қосымша және апаттық варианттар;
- маршруттардың сұлбалары(схемалары);
- жетекшісі мен қатысушылардың толық тізімі, оның ішінде: алдағы спорттық тәжірибелері(өтілген маршруттардың саны мен қиындық дәрежелері), осы маршруттағы міндеттері, толық есімдері, мекенжайлары, телефондары;
- жоспарланған маршрут пен шынында өтілген маршрут, маршрут жоспарларының өзгеруі мен лардың себептері;
-маршрутқа қажетті жеке және топтық құрал-жабдықтар тізімі;
- жүк салмағы(әйелдер мен ер адамдар үшін бөлек, мысалы, ер адамдардікі 25 кг, әйелдердікі 17 кг);
- бақылау(контроль) пункттері мен оларға жету мерзімдері;
- Спорттық туризм федерациясының МКК төрағасының маршрут пен оның өтілуін растайтын қолы мен МКК мөрлері;
- маршруттарды өту нәтижесінде берілетін спорттық дәрежелер.
Қазақстанда спорттық туризмді басқаратын орган – Спорттық туризм федерациясының жергілікті бөлімдері және олардың МКК-лары.
Демалыс күнгі жорықтарының негізгі құжаты – маршруттық парақ. Онда жетекшісі аталады, қатысушылар тізімі мен олардың біліктілігі жазылады, маршрут схемасы, оның ұзындығы мен ұзақтығы, жолдағы кедергілер аталып шығады, тексеруші органның рұхсаты болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |