Түзеу: Абзацтар қойылу керек


Деструктивті діни ұйымдардың заманауи психотехнологияларды қолдануы (абзацтар керек)



бет4/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық

Деструктивті діни ұйымдардың заманауи психотехнологияларды қолдануы (абзацтар керек)



Адам баласының санасын өзгерту, жат ағымның жетегінде кеткендер мен жалғанды ақиқат деп танығандар секілді көптеген тақырыпта шыққан материалдар аз емес. Алайда әлі күнге дейін дәстүрлі емес діндер, деструктивті ағымдардың қатарына қосылып жатқандар жетерлік. Алғаш келгеннен бастап адамдардан күллі ақпаратты жасырады немесе оны бұрмалайды. Бірақ бұл алдау жолы арбалушылар ұшыраған психологиялық бағдарламалауға қарағанда балалардың ойын — сауығы ғана. Ол үшін сананы жаппай бақылау қолданылады. Сананы өзгерту үшін түрлі тәсілдер: қарапайым күлімсіреп, жылы шырай танытудан бастап, транс пен гипноз күйлеріне дейін барады. Жалпы алғанда адам психологиясы мен көпшілік психологиясының тәсілдері қолданылады. Үрей мен тәуелділік өз жұмысын мүлткісіз орындайды. Діндарлардың тәжірибедегі ортасы мен жаңа арбалушылардың жағдайлары екі бөлек. Алдыңғы тақырыпта көрсеткендей «арбаушылар уақытында арбалушылар қатарында» болған. Сол себепті, олар өз іс-әрекетін дұрыс, ақиқатты жеткізу үшін орындап жатқандығына нық сенімді. Әуелгі кездесуде жаңа келгендерге барынша көп уақыт бөліп, бар ықылас, мейірім-махаббаттарын төгіп тұрады [6, 71 бет]. Ерекше сезім қалдыру мақсатында қонақжайлылық танытып кішігірім сыйлық, аздап мақтау, нұрға бөленіп тұрғандай көрінетін ортада тек игілік жайлы сөз қозғау және топ мүшелерінің басшылары харизмасы жоғары болып келеді. Сенімдік саладағы білімсіздік, қиялдағы елестер, әлеуметтік-мәдени тұжырымдар мен қорқыныш сезімі тексеріс жасауға апаруды бөгейтін, жауып тастайтын тосқауыл тудырады. Осылайша қиялдағы елестер тексерілместен үрейді одан ары күшейте береді. Өз-өзінің иллюзиялары, үрей мен бір ойлылық ақиқаттың шектеулі түріне әкеледі. Сыртқы ортада әлсіз иммунитет, ішкі бағдардың жоқтығы жеңіл арбау мен басқаруға жақын келеді. Пайғамбарлар, ізгі жандар немесе таңдаулылар аса жоғары харизмаға ие. Адам баласына сондай сендіру қабілетіне ие тұлғалар билік жүргізген. Ол жоғары беделді, құрметке лайықты болып келеді. Ондай басшыны сүйсіне тыңдап, айтқан әр сөзі құдай заңы деп танылады. Жалған топтардың шеберлікпен әрекет ететіндігі – ақиқатты жақсы жеткізуінде. Адасып кету оңай, алайда әдейі барып жалғанның артынан ере қоятын ешкім жоқ. Бәлки, оларды біреулер арбайды, жандарын аулайды және кері қайтуы қиын тұзаққа түсіреді. Түрлі жарнама, ұсыныстар мен сұхбат барысында бейсаналы түрде құдай, ізгілік, ақ пен қара секілді тақырыптар қозғалып бастайды. Әу баста сұхбаттың қалай басталғанын ұқпай қалуыңызда мүмкін. Себебі, тақырып неғұрлым қызықты болса, сол дәрежелі тереңдеп кіре бересіз. Осы уақытқа дейін жат ағымдардан сақтық жайлы көптеген бейне, аудио материалдар мен фильмдер таратылса да, адасушылар саны азаяр емес. Сараптама көрсеткендей дін ұстанушы азаматтардың көпшілігі жастар. Яки, жастық шақ тасып тұрған жалынның, қызығушылықтың, танымдық қасиеттердің өршіп тұрған кезеңі. Қай псевдодін болмасын, тіпті Сирия соғыс аймағына кеткендердің өздері жастар. Бәрін де эмоция, діни сауатсыздық, еліктеушілік және аңғалдықтың кесірі. Осы сәтте жазушы, ойшыл, пәлсапашы Жан-Жак Руссо айтқан сөз еске келеді - «Адасуға мыңдаған, ал ақиқатқа – бір ғана жол апарар». Шынымен, ақиқат екеу болмайды және ол ащы болып келеді. Сіз қайсы тап өкілі, экономикалық жағдайыңыз өзгеше, білім деңгейіңіз мейлі жоғары болса да өзге ақиқатты іздеушілердің қатарынан табылмауыңызға осылардың ешқайсы кепілдік бола алмайды. Кез-келген адамға тән – еліктеу, өз-өзін көрсетіп мақтаныш, бақытқа жету үшін бәрін сарп ету, дүниедегі орнын табу әрі өмірдің мәнін түсіну. Жеке шығарып алсақ, бұл факторлар жастарда екі есе қуаттанып тұратындығы белгілі. Олар білім алып, таланттарын паш етуге даяр шақта жалғанды ақиқатқа балағандардың артынан еруде. Киелі жазба деп өздерін аса таңдаулылар қатарында санағысы келеді. Бұл – қоғамға аса қауіпті құбылыс.
Психологияда «Ферор эффектісі» деген ұғым бар [36]. Оған сәйкес, жалпыға ортақ бақылауды, жекелеп тек өздеріне келгендей растау. Мысалы, алақаныңызды алып, қарап сиқыршы немесе палшы «сенде терең күш, мүмкіндік бар» деп жаңалық ашқандай жар салады. Адам баласы табиғатынан сенгіш, сол ақпаратты растай отырып, одан әрі тыңдай бергісі келеді. Иә, осылайша алаяқтардың сөзіне еріп кеткендер әлі де болса жалғасын табуда. Өздері соны аңғармастан, бірнеше психологиялық тәсілдерді қолданып келеді. Ең бастысы адам психологиясы және оның санасын өзгерту әдісі. Егер процес жақсы жүрсе, адам баласы адасудан басын ала алмай қалады. Ақпараттық қоғамда күніге көптеген ақпаратты алдымыздан өткереміз. Әлеуметтік желілерде тарап жүрген төзімсіздік, қоғамдық келіспеушіліктер мен фанаттық сипаттарды байқаймыз. Ата өтсек: ата-анасына қарсы шығу, дәстүрді мойындамау, мемлекетті жек көріп, отансүйгіштік сезімін өшіру, құндылықтары мен өмір сүру бағытының өзгеруі және т.б. Арбаушылар жаңа ерушілерге қандай тәсіл қолданатындығын жіктеп көрейік:

Жалған діни топтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ферор эффекті»

Жалпыға ортақ тұжырымды, жекеге шығару; Бұл әдіске сәйкес, тұлғаны сендіру үшін жобаға білікті мамандардың, доктор-профессор, ғылыми кандидаттардың қатысқанын жеткізсеңіз жеткілікті. Ол сөзсіз сенеді, алайда тәжірибе көрсеткендей дәлелдер негізсіз болып шығады. Сонда да, адамдар сенуде.

«Ұжымдық бірізділік»



Сенуге қиын, алайда әр-бір ұжыммен өткен семинар, тренинг, медитацияның барлығы миды шайып тастау. Семинар, тренингте не айтылады? Жоғарыда келтірілген феномен бойынша жүретін әдіске сүйене отырып, адамды алдап соғудан басқа ештеңке емес. Топ болып бір мекенге жиналып, медитация немесе тренинг өту тура сектадағы жиыннан түк айырмашылық жоқ. Себебі, бос уәде мен арты жоқ үміт қана.

«Ортақ жау»

Бұл қарапайым әрі ескі тәсіл болса да, әлі күнге дейін жүзеге асуында шәк келтірмеген әдіс. Ортақ жауға қарсы шығу үшін бірігу жоспары. Бұл жат ағымда, объектінің жек көрінішін арнайы ортаға бұру арқылы орын алады. Ұжым болып бір субъектіні жек көре бастағанда, жаңа арбалушы да жек көре бастайды

«Плацебо»

Бәлкім бұл жайлы көпшілік естігенде шығар. Әр-түрлі деңгейдегі адамдар, түрлі қиындық пен мәселелерін шешу үшін жолын іздейді. Ем іздесе денсаулықты, бақытсыздарға бақытты, жолы болмағандарға жетістік пен махаббатты уәде еткен топтар, тәуелділік тудырып сендіреді. Бұны медицина саласының мамандары да қолданатыны рас

«Зейгарник әсері»

Адам баласы аяқталғанға қарағанда, толық бітпеген лекция, ақпаратты дереу миға сақтап алады. Осы әдісті қолданып мектеп, университет оқытушылары дәрістерін одан бетер қызықтыра түседі. Себебі, соңын білу үшін адам баласы көп нәрсеге барады. Қызығушылық адам баласынан дүниеден өткенше кетпейтін қасиет.

«Суық оқу» (холодное чтение)

Бұл психологиялық әдіс, экстрасенстер, медиум, көріпкелдікпен айналысатындар қолданады. Олардың білем дегені рас болса да, бәрін білмейді. Яғни, бұл феноменнің артында «аса қырағылық» жатыр. Бұл адамның физикалық деректеріне қарап: жасы, жынысы, өмір салты, киім үлгісі, діни сенімі және т.б. жүзеге асады. Болжамдарға қарай, жауап келгенде объектінің вербальді/вербальді емес іс-қимылына қарай нәтижеге жетеді. Осының арқасында – алдында тұрған адамның қандай өмір салтын ұстанатындығын, қандай психологиялық типке жататындығын тіпті жеке отбасылық өмірін де білуге болады

«Дереу әсер ету арқылы қоздыру»



Бұл, психологиялық әдіс – гипноздың бір түрі. Объект күтпеген ақпарат арқылы терең ойға жіберген сәтте, лезде әсер ету. Адам миы күтпеген ақпарат арқылы терең ойға кеткенде мидың қан соғысы төмендеп ұйқыға кетердей күйге түседі. Ал, осындай күйде кез-келген ақпаратты алуға да, салуға да болады

Көріп тұрғанымыздай психологиялық әдістер өте көп[7, 113 бет]. Кейбіреуін біліп істесек, енді бірін білместен, бейсаналы түрде яки автоматты түрде қолданып жүрміз. Жоғарыдағы «Ферор әдісі» қоғамда күн сайын орын алуда. Жұлдызнамада келтірілген деректердің барлығы жалпыға ортақ. Оны барлығымыз жеке өзіміз туралы ақпарат деп санаймыз. Алайда, бұл ешқандайда пайда бермейтін, не жетістікке жететін формула да емес. Сонда да, қаншама балшы, көріпкел немесе мистикалық культтерде қолданылатын осы тәсілге тәуелді жандар аз емес. Қызығы, осы әдіске көбіне әйел заты сенгіш келеді. Арбаушы сіздің болашағыңызды көруін немесе өткеніңізден хабар беуі мүмкін. Алайда, бұл бар болғаны жалпыға тән қаситтерді айтып отыр. Жат ағымдарда аса мән берілетін өнім, бұл ұжымдық бірізділік. Кез-келген ұйым, мейлі ол діни ағым немесе кәсіптік жиналыстар. Барлығы дерлік, бірігуді алға тарта отырып топ болып жұмыс жасауға үгіттейді. Семинар, тренингтер, жиындық медитация барлығы өзінің пікірін айыру мен өз-өзін алдауға әкеледі. Жиналыста сізге берілген уәде қашан орындалды және қай уақыт? Мән-мағынасы жоқ жиналыстар, семинар-тренингтер қандай пайда берді? Бұның барлығы ақша кетіру мен алдап соғу ғана. Медитация тақырыбы сәл өзгеше және көбірек назарды талап етеді. Себебі, медитация – босаңсу, бірнеше сөздерді арты-артынан қайталау арқылы тынығу. Осы секілді методты көп қолдану адамды транс күйіне міндетті түрде түсіреді. Ал, транс ол гипноздың бір түрі. Транс күйінде кез-келген ақпарат адамның бейсанасына барып, табиғи құбылысқа айналады. Осы уақыттан бастап ол принцип, заңдылықты өзгерту қиынға соғады, тіпті мүмкін емес. Ескеру қажет, адам санасы қабылдай алмайтын ақпаратты тығу мүмін емес. Егер объект болмысынан ауыр қылмысқа бара алмаса, оны қинап үгіттеу өте қиын. Алайда, білікті маманның қолында барлығы да болады. Жаныңызға келіп бір тақырыпта сөз қозғап, сұхбат өрби бастағанда сөзді аяқтамастан жоқ болып кету – нағыз шебердің әдісі. Қарапайым тақырыптан басталған сұхбат, «ізгілер тобы» немесе «таңдаулылар ұйымы» секілді қызықты тұсына келгенде аяқталады. Жоғарыда айтылғандай, бұл әдісті мұғалімдер мен оқытушылар қолданады. Өзінің лекциясын яки сабақ барысын қызықты әрі сұранысты болуы үшін керекті әдіс. Адам баласы табиғатынан сенгіш және өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін бәріне баратыны анық. Жауапты іздеу нәтижесінде жабық клуб отырысы я, болмаса кешкі асқа тап боласыз. Ол жерде бірден жауап айтыла қоймайды. Сіз кішіпейілділік танытып, бірден тақырыпқа кіре кетпейсіз. Осылайша аса мейірбан, жанашыр көрінген тұлғалар сізді өздерінің қатарына әр қадам сайын деңгей-деңгейімен бойлап кіргізе береді.
Психологиялық әдістер, әсіресе гипноз күйі тиімді болуы үшін, лидердің яки басқарушының дауысы кұрметтілік пен сенімді үгіттей білуі керек. Биологиялық ағзаның әдетте ми импульсі секундына 60 мәрте жылдамдықпен соғады ал, гипноз үстінде ол секундына 4-7 реттік дәрежесіне түседі. Бұл күй трансқа немесе гипноздаушыға объектінің бейсанасына тікелей жол ашып береді. Осылайша ол өз әмірін бұйырып, қалағанын орындата алады. Транс релаксацияға апарады. Адам физикалық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да тынығуға көшеді. Осы сәт яки ұйқыға жақын күйлер бейсанаға тікелей жол ашуына көмек қылады. Гипноздың көптеген түрлері бар, сонда да ол екі болмыста болады. Бірі ашық, екіншісі жабық түрде. Жасырын гипноз адамды ұйықтатпаса да, дүниетанымды, құндылықтарды өзгертуге әбден жетерлік. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, көпшілік болып бір ғана сөздерді қайталаумен медитация жасап жатыр. Бұл ақырындап ырғаққа, бірізділікке ұласады. Психологиялық тәсілге сүйенсек топтың ішінде біреу бастаса болды, қалғанының бәрі артынан қайталай жөнеледі. Мысалға, қойларды бастайтын серке не істесе, қайда барса барлығы соны істейді. Бір қойдың жардан секіруі жеткілікті, артынан басқалары ілесе кетеді. Иә, бұл солай жұмыс жасайды және ешқандайда ертегі емес. Американдық эксперименттерге зер салайық, бірнеше әртістер қойылған қойылым бойынша кезек күтіп отырған жерінде бөтен біреу келіп жайғасады. Ештеңеге күмәні жоқ ол, айналадағылардың әртіс екендігінен бейхабар. Кенет барлығы белгі берілгенде отырып тұрады, сол сәтте не істерін білмей, тығырыққа тіреледі. Адам санасы оны ұғып болғанша, алдында тұрған ақпаратты ала салуы жеңіл. Сол себепті басқаларының артынан қайталай береді. Өзіңіз туралы ерекше әсер қалдырғыңыз келсе, осы әдістер көмекке келеді. Психологиялық соққы алған адам қиындыққа тап болып, шатасуға ұрынады. Әлем туралы бейнесі өзгеріп, ұғынықсыздық пайда болады. Мәселен, той алдында үйленуден бастартқан күйеу жігіттің қашып кетуі, қыз балаға ауыр соққы болары сөзсіз. Оның дүниетанымы тұрақсызданып, әлемдік түсінігінде нақты ештеңке болмайды. Осы сәтте қыздың анасы әдеттегідей «еркектің барлығы бірдей» деген тұжырымы арқылы қыздың күллі дүниетанымын 360 градусқа бұрып жібереді. Енді, оның түсініспеушілігін картинаны толықтырған пазл іспеттес, бәрін ұққандай болады. Ол өз болашағында тұрақты күйеу таппайды, себебі анасының үгітін тыңдап, практикасында байыптылық кетеді. Түрлі мысал келтірсек болады, елестетіп көрелік – бір жақыны дүние салған еркек немесе әйел аса қиын психикалық соққыға түсетіні анық. Жанынан бір қарыс алыстамай, көз алдында әрдайым көріп жүрген адамынан айырылу өмірдің мәнін жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін. Бұл деген пенденің бір нәрсеге ғана назар аударуын көрсетеді. Сырттан көрген туыс-туған одан бетер ауыр қылмайын деп артық мазаламайды. Жалғыз қалған пенде, қорғансыздық, өмірдің мәнін жоғалтып алғандай, ешкімнің жылулық пен адамгершілікті дәл солай бермейтіндігін аңғарады. Осы сәтте, өзге ақиқатты ұстанып жүргендер жолықса жағдай нашарлай түспек. Олар пенденің жақыны, жанашыры, мейірбан жандар болып шыға келеді. Физикалықтан бастап, психологиялық әдістің барлығы қолданылады. Жақын араласу, вербальді белгілер (арқадан қағу, құшақтау, бас изеп растау, қолдан ұстап сенім ұялату т.б.), қаражатпен көмек және т.с.с. Басты құндылығын қадір тұтып келген пенде, жақындары шеттегенде, өзгелері бірігуін көрген ол, жақын-жанашыры деп бейтаныстарды есептей бастайды. Жиі-жиі араласып, көрісіп тұратын болады. Ақырындап, достық, бауырластық сезімдер ояна бастайды. Бір күні кенеттен күтпеген жерден қызықты да, таңсық мекенге әкеледі. Ары қарай психологиялық әдістер қатарынан қосыла береді. Жаңа ұжым мүшесіне деген ілтипат, махаббат пен жылулық шексіз жауатыны сөзсіз. Көпшілік ортасында таныстыру, мадақтау мен құрмет көрсетіп төрге шығаруға дейін барады. Ондайды өмірі көрмеген пендеге бұл қатты ұнап, ерекше әсер қалдырады. Бір қызығы жаңа топ мүшесі келгенде бұрыннан жүрген арбалушыларға да ерекше сезім ұялайды. Себебі, барлығы ұжым болып жиналып дастарханда немесе медитация секілді амал жасау арқылы бірізділікке ұласады. Ал, бірізділік құдды қорған қабырға орнатқандай, таңдаулы, бәрі жақсы секілді айнал қоршаған әлемді ұмыттыратындай жағдай тудырады. Қошемет пен махаббатқа масайған жан енді өзін жайлы, қорғанда жүргендей сезіне бастайды. Осыдан кейін ол ұжым ішіне нығайа түседі. Осылайша, өзін адасудан аулақпын деп есептеген әрбір жан жалғанның артында жүр. Бұнымен барлығы біте қоймайды. Әр ұйымда қайырымдылық қорына деген ерекше мән бар. Кейбір топ мүшелері көрсоқырлығы сонша, үйіндегі бар дүниені ақиқат деп таныған ұйымға көшіріп жібереді. Оның ішінде көлік, қымбат әшекейлер тіпті пәтер мен көптен бері жиналған ақша да бар. Бұл ешқандай да ертегі емес, бұл қоғамда орын алып жатқан құбылыс. Бұл адам талғамайды және оны дәлелдеуге де болады. Қаншама кино жұлдыздар, танымал тұлғалар мен ел ағалары да ақиқат деп танығаны,анығында тек адасу. Сананы улау тұлға таңдамайды, бәлки адам баласы әлсіз жаратылған[8. 4:28].
Бұқаралық деңгейде бақылау жүргізу мүмкіндігі де осы діни сенімнің арқасы. Әлемде қаншама ұлт, нәсіл мен мемлекеттерді басқаруында осы діни сенімнің рөлі айрықша екендігі тарихтан мәлім. Рим, Мысыр, Араб түбегі және т.б. діни сенімнің құдыретімен бірізділікте болған. Ал, жалған діни топтардың ішінде бұл жүйе қалай іске асатындығына тоқталайық. Діни ұйымның әр мүшесіне белгілі бір идеологияны үгіттеу үшін – беделі мықты басшы (пайғамбар; құдай дәрежесіндегі), ақпаратты бұғаттап немесе сорттау арқылы ұсыну, ішкі қатаң тәртіп, құлшылыққа ұжымның барлық мүшесінің қатысуы, тоталитарлық бақылау, медитациялық әдіс-тәсілдердің жүруі. Медитацияның түрлері көп: кейбір ұйымдар отты айналса, енді бірі бір келкі айнала жүгіріп-секіріп, ырғақпен транс күйіне түседі. Барлық ұйымның да өзіндік транс күйіне түсу методикасы бары анық. Ырғаққа келу, бірізділік немесе босаңсу – бұның барлығы қоршаған ортаны тастап, оймен де тәнімен де жоғары киелілікке жету. Мантра, дұға, қасиетті әуен секілді арнайы сөздердің қайталануы арқылы сананы тазарту тәсілі барлық жалған топтарда кездеседі. Өткен ғасырдың зерттеуінше, рух пен сананы тазартып жаратушыны тану мақсатында есірткі тектес заттардың тұтынылғаны жайлы деректер кездеседі. Мәселен, «ку-клукс-клан», «сайтан шіркеуі» «ақ ағайындылар» т.б. есірткінің түр-түрін қолданған. Ашық қолданыста болмаса да, жат ағымның сенімінен оңалған азаматтардың берген ақпаратында психотропты, есірткінің түрлі өнімі тұтынылғандығы айтылады. Каннабис, марихуана, гашиш және т.б. есірткі түрлері көп қолданылады. Осы сәтте адам баласы ойламаған іске барады. Зорлық-зомбылық, есерсоқтық, олқылықтар, тіпті өлімге де апарып жатады. Бұл әдісті қолдану арқылы - босаңсу адамның ішкі дүниесі мен өмірлік салтын да біліп алуға болады. Ал, ол өз кезегінде адамға тоталитарлық бақылау жүргізуге көмегін тигізері анық. Өзге ақиқатқа жармасқандарды ұстап қалу үрдісі оңай емес. Адам адасушылар қатарына қосылғаннан кейін оның ақпаратты қабылдау көздерін жауып, сорттайды. Яғни, басшылық тарапынан келген хабар ғана ақиқат та, өзгенің барлығы жалғанға айналады. Логикалық тұрғыдан ойлауға шама келтірмейді. Бұл процесс көп жұмысқа баулумен байланысты. Ұжымдық жұмыстар, құлшылықтар мен семинарлардың көптігі адамды артық дүниені ойлаудан тосады. Сана түгелімен жұмыс барысында болып, артық нәрсеге көңіл бөле алмайды. Енді ұғынықты болған шығар «тоталитарлық бақылау» дегеннің түсінігі? Адамды топта ұстап қалудың бір жолы, ол қорқышын пен үрейлер. Әр күн сайын, күніне қаншама сағаттар бойы қорқыныш пен үрей үгіттеледі. Әлемнің, өзгелердің залым, қара күш иесінің жақтастары, тозақилар немесе адасушылар деген секілді фобияларды кәсіби түрде санаға құйып тастайды. Адам ойлана бастаса болды қорқыныш пен үрей сезімі ұстап, кедергі келтірумен болады. Бұндай адам құлдан айырмасы жоқ емес пе? Бәлки осы іспеттес техниканың соңы жындану, суицидке әкеп соғады. Өз сезімін іште жасырып, ұзақ уақыт сыртқа шығармау адамды психосоматикалық механизмге сәйкес ауру қылады. Қан қысымының өзгеруі, төзімсіздік, қалтырау, параноидалді шизофренияға да апару мүмкіндігі артады. Дәрежелі ұстаз, харизматикалық лидердің нұрға бөленуін көрсеңіз немесе олардың жанында өзіңізді жайлы, қайта-қайта кездесуді қаласаңыз бәлкім сіз жалғанның тұтқынына айналдыңыз. Адамның нақты әлсіз тұстарынан соққы жасайтын бұл жалған ақиқаттар, адамды таңқаларлық сендіру күшіне ие. Кез-келген секталық ұйым аурудан ем, бақыттың кілті, ерекше тылсым күш, таңсық құпия туралы тақырыпта қызығушылық оята біледі.Біздің өмірімізде түпсананың рөлі үлкен орын алады. Шамамен,тіршілк бойғы адам өндіретін амалының 90% түпсаналы деңгейде болады. Дәл осы бейсаналық бізге шешім қабылдар уақытта белгі береді. Біз ұқпауымыз мүмкін өзіміздің кейбір әрекеттерімізді, алайда бұл мидың түпсанада жатқан ақпараттар. Сондай-ақ, түпсана ішіміздегі ресурстардың нақтылай бөлінуін қамтамасыз етеді. Осы бар қорымызды босату арқылы біз өз өмірімізді түбегейлі өзгерте аламыз. Сонымен қатар, бейсаналық ақпараттың үлкен қорына ие. Онда сіз жайлы, қоршаған адамдар мен айналадағы әлем турасында ақпараттар жиналған. Психология саласының мамандарының айтуынша, бейсаналықтың құдыреті шексіз. Өзіңнің ақиқатың, өміріңді басқаруды білу үшін, бейсаналығыңды үйрену қажет. Психиканың бейсаналық тұсына әсер етуге болады және түпсананы нақты мақсат-мұраттар үшін қайта құрап, өңдеуге болады. Тінту, жауап алу кезінде гипнозды қолдану туралы ақпарат соғысқа дейінгі уақытта КСРО ішкі істерінің ұлттық комиссариатының темір тордың ар жағынан тарала бастады. Расымен де, ол заманда КСРО қарулы күштері адамдарға тек психотропты немесе есірткі заттарымен шектелместен, тінту барысында адам еркіне қарсы гипнозды да қолдана бастаған. Қазақстан мемлекеттік университетінің биофизик-ғалымы Виктор Михайлович Инюшин бір кездері берген сұхбатында КСРО-да 1936 жылдан 1950 жылға дейін күштік құрылымдардың қанатының астында түрлі эксперименттермен айналысатын және дәрі-дәрмектер мен түрлі психологиялық әдістердің адам еркіне әсерін зерттейтін белгілі бір «зертхана» болғанын жеткізеді. Зертхананы физиолог Леонид Леонидович Васильев басқарған деседі. Дегенмен, Ішкі істер министрлігінде жауап алу кезінде гипноздық тәсілдерді қолдану жағдайлары әлі де кездеседі – бұл ақпаратты олар жоққа шығармайды. Қазіргі таңда гипноз одан әрі белсенділікке, сұранысқа ие екендігі рас. Бұл заман талабына сай өзекті. Осы уақытта бұл сала көбінесе фобия, зиянды тәуелділікке қарсы қолданылып келеді. Алайда, бұл тақырыптың қараңғы жағы болғандығын да ұмытпау керек. Жоғарыда көрсетілгендей, КСРО билігі жүріп тұрғанда қарулы құзыреттіліктің қызығушылығы мол болған-ды. Бұл ақпарат АҚШ еліне жеткенде Орталық барлау басқармасы қасарысқан мемлекеттен артта қалмас үшін тереңдетіп зерттей бастайды. Осылайша екі жақ әлемде адам санасына деген тәжірибелер жүріп жатты. Бейресми деректерге сәйкес Иосиф Сталин гипнозға қызыққаны сонша, медиум Вольф Мессингке ешбір құжатсыз кіруін талап еткен-ді.
Расында, адамдар гипнозға әртүрлі психологиялық мәселелерден құтылу, өмірдің қиын кезеңдерінде қолдау табу немесе тағдырын толығымен өзгерту үшін жүгінеді. Атақты тұлғалар да бұдан ада емес. Аты шулы тұлғалар өздерінің жетістіктеріне кездейсоқ жетпейді. Олар іскерліктің шыңына, танымалдылыққа жету үшін күллі тәсілді қолдану керек екендігін түсінеді, тіпті басқалары әзірге сыбырлап айтып жүрген әдістерді де. Патшалар, әртістер, президенттердің тарих қойнауынан аңғарсақ гипнотерапияны қолданғандығы кездеседі. Көпшілік алдындағы қорқыныш, тұтығу, харизма, фобия, өз-өзін бағалау деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту және т.б. үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті қолданған. Гипноз – бұл сіздің денеңіздің резервтерін ашуға, қабілетті өзін-өзі дамытудың тамаша әдісі. Бұл сонымен қатар көптеген өмірлік мәселелерді шешуге және психологиялық шиеленісті жеңілдетуге жақсы мүмкіндік. Түпсанаға жүгіну сізге оған дұрыс әсер етуге мүмкіндік береді[9]. Ойлар материалды әрі маңызды, сондықтан өзіңізді транс күйіне түсіріп, бейсаналықты табысқа және жеңіске жету үшін бағдарламалай аласыз. Егер сіз ұйқыға кетерде арнайы көмек іздесеңіз, бәлкім ол дәрі-дәрмек, ұйқыға кетуге арналған тәсілдер, аудио немесе бейне материалдар арқылы оңай жолды тауып, әрі қолданып жүрсеңіз – онда сіздің санаңызды қайта өңдеуден өткізу оңай әрі қолайлы болғаны. Табысты үгіттеудің көрінісі ретінде – амнезия жүреді. Яғни, адамның жадының жоғалу дерті. Көптеген жағдайлар, оқиғалардың естен шығып кетуі, мүлдем ұмыту орын алуы мүмкін. Бұл ақырындап еске түседі және ең көне уақытынан бастап. Бұл тәсілдердің барлығы шынымен де тоталитарлы, дәстүрлі емес діни ағымдарда қолданылады. Жоғарыда атап өткендей жаппай гипноз, біртіндеп транс күйіне кіру секілді техникалар арнайы орындарда, жағдайлар жасалған және кезек-кезегімен орындалады. Киноларда көргеніміздей жұмсақ жастық, ыңғайлы орын мен отырыс, сағаттың сықылы, дауыс ырғағы арқылы да іске асады. Ақиқатында, адам баласы осындай салаға мұқтаж. Ол сана қолдау, қорғаныш, өмір мәнін табуда, өз-өзінің бағалау деңгейін көтеруде, мотивация үшін де тәуелді әрі зәру. Біз аңғара бермейтін мәселенің бірі санамыздың үгіттеу мен сендіруге әлсіз және жеңіл берілетіндігі. Күнделікті күрбең тіршілігімізде арбау мен үгіттеу, жасырын гипноз әрдайым жүріп отырады. Жарнамалар, кино мен музыканың адам санасына әсерін қарастырып көрейік. Адам миына бейнематериалдың 24 кадры ғана сиымды. Ал, 25-ші кадр болса дереу бейсанаға барады. Осы тәсіл маркетингте көп қолданылады. Байқасаңыз, тауарды алғыңыз келіп тұруы, қайта-қайта бір дәмхананың естен кетпей оралуды қаласаңыз бәлкім сіз осы тәсіл арқылы қақпанға түскенсіз. Жарнама бізге не береді? Сапалы, сәнді қылып көрсету немесе сіздің қызығушылығыңызды пайдаланып жарқын түстер, ауыспалы әрі эффектілі музыкалар арқылы тәуелділік орнату. Тәуелділік тек зиянды заттарға емес, бәлки сіз сауда орнына кіргенде қалай түрлі әрі керексіз нәрселерді алып қойғаныңызды ұқпай қалған сәттер болған да шығар. Бұл келесі тәсілмен жүреді: сіз белгілі бір затты сатып алу мақсатында сауда орнына кіргенде, әу баста күтіп алатыны – музыка. Баяу, ырғақты, танымал әрі нарықтағы өзекті әншілердің орындаулары қойылады. Музыканың ырғағы мен қарқыны Хакім Абай айтқандай «құлақтан кіріп бойды алар». Яғни, өзіне сізді баурап алады.Ал, пайыздық жеңілдіктер мен жаппай сату секілді сату жолдары расында алдау ғана. Олар сіздің визуалды қабылдау қасиетіңізді пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асырады. Сауда орнында ерешеленіп қызыл, сары түстер қолданылады. Себебі, адам визуалды қабылдауына сәйкес ерекшеленіп тұрады. Есіңізге түсіріп көріңіз, таксилер сары ал, өрт сөндіру көлігі қызыл түсті. Яғни, басқаларынан ерекшелену мақсатында. Ойын-сауық орындары мен құмар ойындарын талдап көрсек. Сіз кіре салған бетте күлімсіреген, жылы жүзді әкімшілік мамандары күтіп алады, ары қарай жеңіл әрі баяу музыка және ару қыздар болады. Жылы жүзділік пен күлімсіреу адам санасына сенім ұялатады. Музыка көңіл-күйді көтеріп, құдды біреу ұтыс ұтқандай сезім қалдырады. Ал, сұлу бикештер көз жауын алып, баурап алады. Әрине таза ауаның ауысып жүріп тұруы адамды қалғып, ұйықтап кетуден сақтайды. Жарнамаларда қолданылатын тәсілдің бірі бейнероликтерде 25 кадрды қолдану. Осының алдында айтылғандай санамызға тек 24 кадр сиымды. Ал, 25 элемент бірден бейсанаға барады. Яғни, ерекшелек сіздің түпсанаңызға бару арқылы ойыңызға, мақсатыңызға айналады. Бұл әдіс жат діни ағымдарда да қолданылады. Олар өздерінің қасиетті күндері – жұма, жексенбі кейде сенбі күндері лидерлерінің, топты бастап ашушының істеген қайырымдылық, көмек, тұлғалық ерекшеліктерін көрсету арқылы түпсанаға құя береді. Осылайша адамда лидерге деген сүйіспеншілік, сенім, махаббат арта түседі. Ол өз ортасында бақытты, қорғаныш сезімінде болуы мүмкін.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет